Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мамандығым мақтанышым


Мамандығым мақтанышым

Мамандығым  мақтанышым

 Залға музыка әуенімен кіру.Амандасу.

       Тәрбиеші: Балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Себебі біз «Мамандығым мақтанышым» атты елге саяхатқа барамыз.Саяхат кезінде бізбен бірге алғашқы көмек көрсетуші дәрігер, жолда жүру тәртібін реттеуші тәртіп сақшысы  бізбен бірге барады.Барар жолда әр түрлі жол қилысынан өтеміз. Сондықтан алдымен жолда жүру ережесін еске түсіріп алайық.

 

   Балалар:    Қызыл көзін ашқанда

                       Сынық сүйем баспа алға.

                       Сары көзін ашқанда,

                       Қарап қалма аспанға.

                       Жасыл көзін ашқанда

                        Жүре бергің жасқанба.

         Тәрбиеші: Тағы қандай жол ережесі туралы тақпақ білеміз?

 Балалар. Ашса кезек үш көзін,

                 Айтты деп ұқ үш сөзін.

                 Тоқта, Сақтан,Жол ашық,

                  Жүрме жолға таласып.

        Тәрбиеші:Жол тәртібін біледі екенбіз.Енді жолға шығуға болады екен.

        (сол кезде аю келеді беті көзі іскен, қолы жарақат) 

                        Музыка ойнау (аюдың жүрісімен)

 Райымбек:Қараңыз мына сұмдықты,

                     Маймаққа не болған?

 Ақмерей: Маймағым не болды,

                    Жасырмай айтшы өзің?

                    Неліктен көкпеңбек

                    Ісінген бас-көзің?

 АружанLаю) Машинаға жармасып,

                         Құладым көк тасқа,

                         Қолымды ауыртып

                        Тап болдым азапқа.

         Тәрбиеші: Кәне, балалар қарап тұрмай маймаққа алғашқы көмек көрсетейік.

  (қолын таңып береді). Маймағым сен жол тәртібін бұзыпсың.Енді ондай бұзық болма. Қазір біздің балалармен бірге серуенге жүр.

Аю: Жарайды.

 

Шыңғыс: (Милиция) :Бұзылды жол жүру тәртібі,

                                         Алдымен оңға,

                                         Соннан соң солға

                                          Қараңдар жолға,

                                          Жоқ болса көлік өтіңдер сонда.

        Тәрбиеші: Кәне, енді жолдан өтуге дайындалайық.Біз келесі сапарымызда бүгінгі күннің ауа-райы туралы біле кетейік. Ол үшін ауа-райын бақылау орталығына барамыз.

        Тәрбиеші: Біз ауа-райын бақылау орталығында тұрмыз ба?

Балалар:Саламатсызба?

Метролог:(өзін таныстырады) Мен ауа-райын бақылаушы метрологпын. 

Сіздерге жол болсын! Қандай шаруамен келдіңдер?

Арайлым:Бізге бүгінгі күннің ауа-райын айтып берсеңіз.

Метролог: Бүгін Ақтөбеде күн бұлттанып, аздаған қар аралас жаңбыр жауады.

Балалар. Рахмет!

Тәрбиеші: Күндіз-түні ол сонда,

                   Бізге қызмет етеді.

                   Ауа райын хабарлап,

                   Бізге айтып береді.

                   Ол кім екен?

Балалар. Метролог.

          Тәрбиеші:Ендеше балалар метролог апайды өзімізбен бірге серуенге шақырайық.

Балалар.Жарайды.

Тәрбиеші: Бізге жолдан тау-тас, түрлі жәндіктер кездесіп қалса тастан басып, жәндіктерден аттап кетуіміз керек.Біз енді орманға барып демалып, саяхаттап қайтайық. (келе жатқанда құстардың үні, судың аққан дыбысы т/б естіледі)

     Тәрбиеші: Міне, орманға келдік.Орман іші қандай тамаша!Кәне біз нелерді көріп тұрмыз?

Балалар: Аңдар, құстар, артүрлі ағаштар.

      Тәрбиеші: Ендеше кім аңдар , құстар туралы тақпақ,жұмбақ біледі екен?

Бала:Тақпақтар,жұмбақтар  айту.

Димаш. Күте білсең аялап,

              Ағаш болар сая бақ.

              Содан рахат көресің,

              Саясында саялап.

Бейбарыс: Орманда тұрады,и өзі қу

                   Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)

Арайлым:Бұтадан-бұтаға секірген,

                 Кішкентай ғана шапшаң аң. (тиін)

Ақшағала: Шана жегетін,

                    Коньки тебетін.

                    Қармен ойнайтын

                    Қай мезгіл деп ойлайсың (қыс)

         Тәрбиеші: Балалар,Осы орманды қорғайтын, құстарға қамқорлық жасайтын адамдар болады.Сол адамның кім екенін білгілерің келеме?

Балалар: Білгіміз келеді.

 Тәрбиеші:Сергек ол үнемі,

                   Сарп етіп бар күшін.

                   Түгендеп жүреді,

                   Орманның аң-құсын

                                                    Ол кім?

Балалар: Орманшы. (Сол кезде атқа мініп орманшы келсе)

Орманшы: Сәламатсыздар ма?

           Тәрбиеші: Орманшы ағай құр келмеген тәрізді.Қанжығасы құр емес қоржынында  бізге әкелгені бар сияқты.

           Тәрбиеші: Орманшы атай сіздің қоржында не барын балалар білгісі келеді.

Орманшы.Онда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                    Ақ сандығым ашылды

                    Ішінен жібек шылды. (күн)

Орманшы: Балалар, бұның бәрін не дейміз?

Балалар: Табиғат дейміз.

              Тәрбиеші: Бізбен бірге болыңыз.(музыка ойнайды. Жыламсырап қарға келеді

        Тәрбиеші. Ой, қарға дос саған не болған?

Қарға: Мен табиғат дегенді түсінбей жүрмін.

           Тәрбиеші: Соған бола қапаланба.Оны біздің балалар айтып береді.

 Бізбен бірге ойынға қатыс бәрін де үйренесің.

            Ойын: «Ғажайып үйлер» (екі үйге суреттерді топтастыру)

Жасыл үйге тірі табиғатты, Қоңыр үйге өлі табиғатты.

                Тәрбиеші: Ал қарға дос сен не білесің? (Сергіту жасатады)

Бұғының үлкен үйі бар.

Терезеден қарайды ол.

Қоян секіріп келеді,

Бұғының үйін көреді.

Тук-тук-тук достым есік аш,

Ана орманда аңшы қаш.

Қоян-қоян келе ғой,

Маған қолыңды бере ғой.

Қарға: Мен бәрін де үйрендім. Рахмет!

            Тәрбиеші Бізбен бірге болыңыз.

Қарға .Жарайды.

           Тәрбиеші.Біз енді балалар топқа жиналайық.Жолдан құрылас алаңына соғамыз.(Құрылыс алаңына бару, күшік жалғыз өзі үй салып жатады)

Күшік: Саламатсыдар ма?

Балалар: Саламатысыздарма? не істеп жатырсыз?Жалғыз өзім үй сала алмай жатырмын.

           Тәрбиеші:Балалар біз не істеуіміз керек?

Бала. Біз көмектесейік.

          Тәрбиеші:Біздің құрылысшы балалар еді ғой, кәне көмек берейік.(Мәди, Альтайр, Мадина, Дильназ,)

Күшік .Мен сендерге әдемі күректерімді сыйға берейін.(Осы төрт балаға береді)

         Тәрбиеші:Балалар, біз қазір мамандық иелері көрмесіне барамыз. Бізді онда Лиза апай күтіп отыр. (әр түрлі мамандық иесінің суреттері бойынша сөйлету!

Медина.    Біздің гүл бақшада

                   Бар әсем асхана.

                  Бар онда аспазшы

                  Ақ көңіл жақсы апа.

Дильназ:  Бұл дәрігер-дәрігер

                   Ауруды емдеп жа

                   Біз ауырсақ әбігер

                    Болады да қалады.

Альтайр: Ұланымын даланың

                 Ұланымын бабаның

                  Есейгенде мен ертең

                  Теміржолшы боламын.

Жібек:     Тасқа бедер саламын,

                  Егеп қырнап жонамын.

                  Шеберлігі шыңдалған

                  Мен мүсінші боламын.

Мәди:      Қолда темір қалағым

                 Саздан сарай саламын.

                 Ақтөбеден аумайты

                 Әсем қала саламын.

 

         Тәрбиеші:Қортынды сұрақтар.

 

-бүгінгі ойын саяхат ұнады ма?

-Кімдер туралы тақпақ айттық?

-Кімге алғашқы көмек көрсеттік?

-Қандай мамандық иелерімен таныстық?

-метролог, милиция, орманшы, құрлысшы дәрігер, шаштараз, өрт сөндіруші т\б.

Тәрбиеші: Мен сендерге өскенде осындай әр мамандық иесі болуға тілектеспін. Сайт Қазақстандағы Восток онлайн-казиносының қолдауымен жұмыс істейді: 1800-ден астам құмар ойындары (слоттар, рулеткалар, покер, блэкджек, баккара және т.б.), сәлемдесу бонустары, депозитсіз сыйлықтар, лотереялар және жүлде қоры 10 000 000-ға дейінгі турнирлер. теңгені құрады.

Келген қонақтармен қоштасайық.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әжемнің көрпешесі
Саялы бақ
«Аурухана»
«Қыс қызығы»
Қыс ғажайыптары
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Ойыншықтар сыры
Саңырауқұлақ саясында
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3924 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык