Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қыс ғажайыптары


Қыс ғажайыптары

Қыс ғажайыптары

Тақырыбы: Қыс ғажайыптары

Ұ.О.І.Ә-ның мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға үйрету.

Білім саласы: Шығармашылық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, серуен- саяхат, өлең оқу, дәстүрлі емес тәсілмен сурет салу, сұрақ- жауап, қимылдық ойын, сергіту жаттығулары.

Керекті құралдар: Қысқы орман пейзажы, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүрткіш.

Ұ.О.І.Ә-нің барысы: Сәлемдесу.

Қайырлы таң- Алтын күн!

Қайырлы таң- Көк аспан!

Қайырлы таң- апайлар!

Қайырлы таң- достарым!

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

- Балалар, орманға барғыларың келе ме?

-Иә

         Ендеше, мен сиқырлы қалпағым мен сиқырлы шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға барамыз.

  • Кәне, бәріміз көзімізді жұмамыз.
  • Міне, балалар біз орманға келдік.

Орманнан нелерді көріп тұрмыз?

Балалардың жауабы: - Орманға келдік. Ақ қар, шыршалар, ағаштар көрдік.

Тәрбиеші: - Балалар кім қар туралы өлең біледі екен?

Балалар:

Аппақ- аппақ, қар аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

Тәрбиеші: - Шыршаның түсі қандай? Шыршаның бойлары бірдей ме?

Балалар: - Жасыл. Бойлары аласа- биік.

Тәрбиеші: - Орманда тағы нелер бар екен?

Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады.

Қоян: - Ой, саламатсыздар ма, балалар? Орманда не істеп жүрсіңдер?

Балалар: (Қоянмен амандасады). Саяхатқа келдік!

 

Тәрбиеші: - Баллар, біздер аңдар туралы өлеңдер білеміз бе? Кәне, кім айтады?

Айда: Қайшы құлақ қоянмен,

Ақшыл түске боялдым.

Қоян: - Ой, қандай керемет! Менде сендермен бірге жүрейін.

Тәрбиеші: - Жарайды, бізбен бірге еріп жүрсін, балалар. Мынау не екен?

Балалар: - Ағаштар

Тәрбиеші: - Ағаштарда жапырақ бар ма? Мынау ақ болып тұрған нелер екен?

Балалар: - Жапырақ жоқ, бұлар ақ қарлар.

Тәрбиеші: - Мынау нелер екен?

Балалар: - Суық торғайлар.

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап, деп балалар жем шашады.

Тәрбиеші: - Балалар, мына жерде апан бар екен, кәне, қарайық, ненің апаны екен?

Балалар: - Аюдың апаны.

Айым:       Балпаң-балпаң басамын,

Алты қырдан асамын.

Тәрбиеші: - Балалар қыста аю ұйықтап жатады, сондықтан біз тыныш жүрейік, біз айқайласақ, шуласақ аю оянып кетеді.

  • Балалар, ал мынау тұрған не екен?

Балалар: -  Аққала.

Тәрбиеші: - Міне, біздің де алдымызда балалар орманға саяхатқа келген. Солар аққала жасап кетіпті. Аққала неше бөліктен тұрады? Пішіні қандай? Түсі қандай?

Балалар: Үш бөліктен, пішіні дөңгелек, түсі- ақ.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар. Мына жерде әдемі үйшік тұр. Бұл үйшік кімнің үйі екен? Терезесін қағып көрейікші?

Балалар: - Тук- тук- терезесін қағады.

Түлкі: - Менің үйімнің терезесін қағып тұрған кімдер?

Тәрбиеші: Біз орманға саяхатқа келгенбіз. Сенің әдемі үйшігіңді көріп келдік!

Түлкі: - Амансыңдар ма, балалар?!

Балалар: Түлкімен амандасады.

Тәрбиеші: - Балалар кім түлкі туралы өлең біледі?

Аружан: Мен түлкімен- түлкімін,

Тұнып тұрған күлкімін.

Түлкі: - Жарайсың, балақай. Мен де сендермен бірге жүрсем бола ма?

Тәрбиеші: - Иә, бізбен бірге жүр. Балалар біз тоңып қалдық. Аңдармен бірге ойын ойнап алсақ қалай болады?

Қоян:  Мен ойнатсам бола ма, балалар? Ендеше қимылдық ойын ойнайық.

Аяз десем- секіреміз,

Шуақ десем- тоқтаймыз (2 рет ойналады)

Тәрбиеші: -  Балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Аңдармен қоштасайық!  Аңдармен қоштасайық! Көзімізді жұмып, сиқырлы қалпақ, шапанның көмегімен балабақшамызға қайтайық.

  • Міне, балалар біз балабақшамызға келдік!
  • Орманнан нелерді көрдік?

Балалардың жауабы:

Тәрбиеші: Орнымызға отырып әдемілеп тіс пастасы арқылы ақ қардың суретін салайық. Сол қолымызға қол сүрткішімізді ұстап, оң қолымызбен саусақ ұшымен қар суретін бейнелеп салайық!

Тәрбиеші салу техникасын көрсетеді.

Сергіту жаттығуын жасайық:

Орманға барсақ түлкі бар,

Сайға барсақ, қоян бар.

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

Балалардың салған суретін қорытындылау.

Сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қыс қызығы»
«Ұқсасын тап »
Орманда
«Қош келдің көңілді қыс»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Қыс қызығы
Ойыншықтар сыры
Мысығым менің керемет
Саңырауқұлақ саясында
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 5703 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык