Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Наурыз - жыл басы!


Наурыз - жыл басы!

 Наурыз  - жыл басы!

Тақырыбы:Наурыз  - жыл басы!

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

  • Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекміз де келіп қалды. Мерекелерңіз құтты болсын!

Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той  құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші:

Наурыз келсе, құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

 

2-жүргізуші:

Той пернесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойыңдар,

Бұдан кейін ойын бар. (шашу шашылады)

 

2-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар!

Көңілің бар алаңдар.

 

1-жүргізуші:

Ата менен анаң бар,

Үлкен кіші ағаң бар.

 

2-жүргізуші:

Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар.

 

1-жүргізуші:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.

Ән шырқап би билейтін қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

Балалардың тақпақтары:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

 

 

Наурыз тойың , Наурыз тойың,

Құтты болсын халайық.

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

Хор: «Наурыз той»

Доңыз жылы кел төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырыс, құт,

Болсын елде тыныштық.

 

Құтты болсын Наурыз той!

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

 

Қыс өтіп , қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

 

Ұлыс бақыт әкелсін,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім - өнер серік болсын.

Ұлыс оң болсын,

Бестік баға мол болсын.

 

Көктем жетті көл-көсір шуақ болып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Ән. «Наурыз думан»

Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дәстүр жырымен,

Ел Наурыздыы тойлайды.

 

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Қуанышты ел енді,

Наурыз келді салтымыз.

 

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Жарқырап күніміз,

Жайқалып жас гүліміз.

 

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан.

Ән: «Шақырады көктем»

Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың  құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.

     Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп,  жақсылық шашады екен.

  • Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.

Тапсырмалар:

  1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

Ананың сүті тәтті,

Ананың қолы жұмсақ,.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысчы болмаса ел жетім.

 

  1. Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер?

Малды теппе,

Ақты төкпе,

Отты шашпа,

Күлді баспа,

Бүйіріңді таянба,

Жағыңды таянба,

Бос бесікті тербетпе,

Бесікті ашық қалдырма.

 

  1. Жеті атаңды ата.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

 

  1. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт т.б.

  1. Наурыз көже қалай жасалады?

Наурыз көже жеті түрлі тамақ қосу арқылы жасалады.

 

  1. Ұлттық ойындарды ата.

Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б.

  1. Жеті қазынаны ата.

Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.

  1. Үш алысты ата.

Кәрім мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын. 

Би: «Түркістан» 

Құт- береке Наурыз айым келді деп,

Жер ттүледі жасыл-желек желбіреп.

Айналайын атамекен, кең далам,

Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.

 

Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңіліңді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз-мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

 

Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,

Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің! 

Бата  беру

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыс оңға қонсын.

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына салынсын!

Әумин!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Хош келдің , әз Наурыз!
Наурыз –думан.
Жыл басы – Наурыз!
Наурызым - әз наз гүлім!
Жыл басы – Наурыз!
Құтты болсын, Наурыз!
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
«Қош келдің - Наурыз».
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 64152 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык