Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 4064 |
|
|
|
Жыл басы – Наурыз!
Жыл басы – Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың мейрамдарының бірі – Наурыз
туралы түсініктерін толықтыру.
Мерекеде айтылатын ұлағатты салт – дәстүрлерді
дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд.
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Біздің алдымызда қандай мейрам жақындап қалды?
- Наурыз мейрамы
- Ол қандай мейрам?
- Ол шығыс халықтарының Жаңа жыл мейрамы
Барлығы: Наурыз, Наурыз жыл басы,
Наурыз бақыт жалғасы.
Мұғалім: Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз жыл басы болып
табылатын Наурыз мерекесіне арналады.
Құрметті ұстаздар, ата – аналар!
Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын.Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын.
Енді кезекті балаларға берейік.
Зайтуна: Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз күлеміз
Көрсек гүл жарғанын
Ән:Көктем келді
Ислам: Наурыз келсе, құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
Сұлтан: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп
Жап – жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Асылбек: Наурыз тойың, Наурыз тойың
Құтты болсын, халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін
Шырқап әнге салайық.
Елдос: Жылан жылы кел төрлет
Ел достығын өркендет
Мол болсын ырыс, құт
Болсын елде тыныштық.
А.Данияр: Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Еркежан: Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен
Жаңа дәстүр жырымен
Ел Наурызды тойлайды.
Әділбек: Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Қуанышты ел енді
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз,
Жарқырады күнімі
Жайқалып жас гүліміз
Нартай: Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты наурыздан.
Ән: Наурыз дастарханы.
Сабина: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
Гауһар: Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ мол болады. Өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
Сондықтан да адамдар бір – біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр ата барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп, жақсылық шашады екен.
Міне, біздің тойымызға да Қыдыр ата келе жатыр. Жақсылықтың жаршысы Қыдыр атаны қарсы алайық:
Ислам: Қыдыр ата:
Ақыл ойды асырып,
Ата салтын сақтаңдар
Дұрыс сөзге тоқтаңдар
Ұлыс күні ұрысты
Өкпе назды тастаңдар
Мынау тұрған халықты
Ынтымақ пен достыққа
Жақсылыққа бастаңдар
Айналайын ел – жұртым
Орындалсын арманың
Жайқала берсін орманың
Балапандарым, ата салтын ұмытпай Ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал мені жалпақ ел күтіп отыр, оларға да барайын.
Сау болыңыздар. Келесі кездескенше (Қыдыр ата кетеді).
Нұрғали: (жүгіріп шығады)
- Ана, ана жақтан аттың дабыры естіледі, кім екен келе жатқан?
Нұрсұлтан (Қожанасыр): Уа, бәрекелді, алыстан ат арылтып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум халқым менің
Ардақты Наурыз тойлы салтым елім
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.
Нұрғали: Астапыралла, анда тағы біреулер сөйлеп, әндетіп келеді.
Дарын: (Алдар): Мен Алдармын, Алдармын
Досымын адал жандардың
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым
(кеудесіне қолын қойып, басын иеді)
Ал, Тазшам, сен не демексің, бұл халқыңа!
Дәурен: Тазша бала:
Туа сала атандым Тазша бала,
Мендей аңқау болмас – ау басқа сірә
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп
(Бір тізерлепотырып бас иеді)
Сұлтан:(Шығайбай): асығып ақтығып келе жатады.
Әй, бәйбіше, бол енді Наурыздан кешігетін болдық, болсаңшы күйбеңдемей...
Бәйбіше: Қазір, қазір бай-еке. Мына бір ыстық күлшені Наурызға пісіріп ем. Ойбай, мынау әлгі Алдар ғой! Енді қайттік? Қайда қоямыз, күлшені?
Шығайбай: (қойнын көрсетіп) мұнды тық, мұнда!
(кемпір ыстық күлшені Шығайбайдыңқойнына тыға салады)
Алдар: Ассалаумағалейкум, Шығеке! Наурызың құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні ойдағы, қырдағы келіп, құшақтасып көріседі емес пе?
Кел бай-еке, біз де құшақтасып көрісейік
Шығайбай: Ойбай, күйдім! Күйіп барам, жібер, жібере гөр, Алдаке. Сен – ақ алшы осы нанды.(нанды береді)
Асылбек: Алдар ата, Шығайбай ақсақал, Наурыз күні араз ағайын татуласып, ренжіскендер келісіп жатады емес пе? Енді сіздер де татуласып, құтты тойдың қонағы болыңыздар!
Мұғалім: Иә, дұрыс айтады, татуласыңдар. Міне, сіздерге арнап ақ әжелеріміз тайқазанды толтырып Наурыз көже пісіріп әкеліпті.
Ал, әжелер, дәміңізге көп рахмет.
Тойды одан әрі «Қыз еркем, анасымен көркем» сайысымен жалғастырсақ деген тілек бар.
Ән Ана туралы жыр.
Ендеше осы байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырайық.
1. Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,
Бірінші келе жатқан – бұл Сабанбаева Жансая анасы Лидамен бірге.
2. Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әркез күлімдей
Арманыңа аңсаған
Сабина жет сүрінбей – деп екінші боп келе жатқан Абилқасова Сабина анасы Гүлнұрмен бірге
3. Сабырлы әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан – жақты.
Келе жатқан Назерке қыз
Жарысты бүгін жалғапты - Балтабай Назерке анасы Айгүлмен бірге
4. Бәріміз жақсы көретін,
Жарыста демеу беретін
Келесі біздің Гүлдана қыз
Шырқап ән сап беретін – деп Матгулова Гүлдана анасы Жайнармен бірге
5. Қуантады білімімен бізді Гауһар,
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз,
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіңіз – деп Бүркіталина Гауһар анасы Зәмзәгүлмен бірге
Бүгінгі сайыс төмендегі бағыт бойынша өтеді.
1. Өзін – өзі таныстыру
2. Бәйге (дәстүрге байланысты сұрақтар) (әр анаға 4 сұрақтан беріледі)
3. Тіл өнері (мақал – мәтел, қызы мақал – мәтел айтады, анасы оның мағынасын түсіндіреді)
4. Шығармашылық жұмыс. Балалары ана туралы жазған шығармаларын оқиды.
5. Өнер кезеңі. Ана мен бала бірігіп өз өнерлерін көрсетеді.
6. кезең Мен кіммін?сұрағына жауап беру
Мен қызбын, сондықтан мен ______________________
Мен анамын, сондықтан мен _____________________
7. кезең Қорытынды
Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Халикова Бекзада
Бастауыш класс мұғалімі: Ермаханова Айгүл
Ата – аналар комитетінің төрайымы:Жайылғанова Гүлдариға
1. Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген бес жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
1.1. Өзін – өзі таныстыру
1.Сабанбаева Жансая 4.Балтабай Назерке
2.Абилқасова Сабина 5.Бүркіталина Гауһар
3.Матгулова Гүлдана
2. кезең. Бәйге
Ал аналар, сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал қоржыннан қысылмай кеп,
Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар.
(Дәстүрге байланысты әр анаға 4 сұрақтан беріледі)
«Біреу білмегенді, біреу білер» дегендей салт дәстүрге байланысты сұрақтарға жол берейік.
3. кезең. Тіл өнері
Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып,
Мақал – мәтел үйреніп
Тілімізді шыңдайық – деп кезекті арулардың мақал – мәтел сайысына берейік. Қызы мақал – мәтел айтады, анасы мағынасын түсіндіреді.
4. – кезең. Мәнерлеп оқу. (Шығармашылық жұмыс)
Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып, - деп аруларымыздың ана туралы жазған өлеңдерін немесе шығармаларын оқу.
5. – кезең. Өнер кезеңі
Ана мен бала бірігіп өз өнерлерін көрсету
6. – кезең. Мен кіммін?
Мен қызбын, сондықтан мен әдемімін
Мен анамын, сондықтан мен қамқормын.
Қорытынды: Сонымен ұлыстың ұлы күніне арналған сайысымыз аяқталды.
Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділқазыға сөз береміз.
Осы менен Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік тәрбие сағатымыз аяқталды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |