Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Оюлар әлемінде»


«Оюлар әлемінде»

«Оюлар әлемінде»

Тақырыбы: «Оюлар әлемінде»

Мақсаты: Балаларды халық мәдениетіне үйрету, қазақ халқының ою - өрнектері мен халықтың әдет - ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру.

         Балаларға  өз бетімен  ою  қиюға баулу, ойлау  қабілеттерін арттыру. Ою - өрнектерді  дұрыс  таңдап, ою - өрнек  элементтерінің  атауын  бекіту, мақал – мәтелдер  арқылы  баланың  бойына  сіңіру, ұлттық  тәрбие  беру.

Сөздік жұмыс: Ою - өрнек: қошқармүйіз, сынықмүйіз.

Билингвалдық компонент: Ою – узор, өрнек – орнаменты.

Заттық дамыту ортасы:  Мультимедиялық тақта, ұлттық  ою - өрнектер, киіз үлгісі, ою - өрнектердің сызбасы, ұлтық аспаптар, түрлі - түсті қағаздар, ақ қағаз, қайшы, желім, қылқалам, түрлі - түсті картондар,  табиғи материалдар, ән - күй дискісі, көңіл - күй релаксация,

 

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Бағдар беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

Іздестіруші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғажайып сәті

 

 

 

Жаңа  оқу әрекеті

 

 

 

Жұмыс барысы

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын:

 

 

Қорытындылау

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнай берші қаламыз.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң балалар!

 

Жылулық  шеңбері:

 

 

- Енді, орнымызға отырайық.

 

- Балалар, қазір біз сендермен «Оюлар әлемінде» тақырыбында шығармашылық жұмыс бастаймыз.

- Балалар, әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – ұлттық ою-өрнектері. Ертеде ою-өрнек арқылы бір нәрсені біліп, үйренуге болған, ол бір мағына ұғымды берген.

- Ою - өрнектер жануарлар әлемінде, өсімдіктер әлеміне, геометриялық пішіндермен байланысты дамыған. Онда белгісіз мағыналар мен әшекей емес, бір бағытты баяндайды.

- Қане, балалар қандай ою - өрнек түрлерін білесіңдер?

- Ою - өрнектер орысша қалай айтылады?

- Енді, балалар, ою - өрнек туралы қандай мақал - мәтелдер, тақпақтар білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар, балалар бәріміз жаңылтпаш айтып көрейікші?

 

Ойналмаған ойын бар,

Ойылмаған ою бар.

 

Ою ою керек,

Бояуы қою болу керек.

 

- Қараңдаршы, балалар, бізге қонақ келіп қалыпты.

 

 

Бүгінгі  жаңа  оқу  әрекетінде  танысатын  оюымыз «Қызғалдақ»  деп  аталады.  Ою - өрнектерді атау, мағынасын түсіндіру.

 

Алдарында тұрған қағаздардан қызғалдақ оюын бастырып оны қиып аламыз. Тақтада ілініп тұрған түскиізге апарып жапсырамыз.

Қайшыны абайлап ұстаймыз, басын төмен қаратып, бір - бірімізге қаратпай ұстаймыз.

 

Саусақтарым иіліп,

Билей - билей жөнелді.

Бас бармағым, сұқ саусағым,

Қосып ұстап бояуды.

Ортан терек, шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек.

Бүгіліңдер бәрің де!

1,2,3 жина бойға күш,

1,2,3 жина бойға күш.

 

Дидактикалық  ойын:

«Кесенің  оюын  тап»

 

- Қане, балалар, сонымен бүгінгі оқу іс - әрекетінен нені үйрендік?

- Ою - өрнектердің аттарын атаңдаршы?

- Балалар біз бүгін түскиізімізді қандай ою - өрнекпен өрнектедік?

 

 

 

 

 

 

 

«Өнерлерің өрге жүзсін, өркендерің өссін. Үлкен азамат болыңдар!».

Сау болыңдар!

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне қайырлы күн тілейді.

 

 

 

 

Бір – біріне жылы  лебіздерін  білдіреді.

 

Орындарына жайғасады.

 

Тақырыппен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балта, тарақ, Бота көз, Толқын, Қарлығаш, Қайнар.

Ою - узор, өрнек - орнаменты

 

1. Ою ойғанның ойы ұшқыр.

2. Шебердің саусағы – алтын.

3. Ою ойған –сызу да сызады.

 

Біз кішкентай балдырған,

Он саусақтан өнер тамған.

Қолымызда қайшымыз,

Әдеппен біз бастаймыз

Оюларды қиюдан.

 

Таңдайларың тақылдап,

Сойлегенде сөз бермей.

Шешен болар ма екенсің,

Бармақтарың майысып.

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің.

 

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды.

Сырмақ ойған оюлап,

Жақсы көрем апамды.

 

1.Шебердің қолы – алтын,

   Шешеннің сөзі – алтын.

2. Шешеннің тілі – шебердің бізі.

3. Өнерлі бала – сүйкіді.

4. Өнер көзі – халықта.

5. Өнер - өлмес мұра.

 

 

Балалар жаңылтпашты жетекшімен бірге

қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар Дымбілмеске көмекетеседі, оюлардың аттарын атайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар берілген тапсырманы орындауға кіріседі.

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарынан тұрып сергіту сәтін  қимылмен жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әр  кесеге  өз  оюын  табады.

 

Ою - өрнектерді қиып, жабыстыруды үйрендік.

Қызғалдақ, Бота көз, Гүл, Тарақ, Балта.

Қызғалдақ, Тарақ, Балта ою - өрнектерімен өрнектедік.

 

 

Қоштасу рәсімі:

Біздің  топта  ұл – қыздар,

Тату – тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі  бар  адамға,

Тек  жақсылық  ойлаймыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық ою-өрнектер
Ою-өрнек түрлерімен таныстыру
Өрнек әжеде қонақта
Ою-өрнектер ою әдісі
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері
Металды көркемдеп өңдеу
ОЮ - ӨРНЕК НАҚЫШТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ
ОЮ-ӨРНЕК НАҚЫШТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ
Қарға арналған күрек
"Сәнді оюлар"
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 13342 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык