Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қарға арналған күрек


Қарға арналған күрек

Тақырыбы: Қарға арналған күрек

Мақсаты: Балаларға  еңбек  құралдарының  бірі  күрекпен  таныстыру.  Мүсіндеудің    
                  әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып сазбалшықты  алақанға салып  айналдыра   
                  отырып  домалақтау  және    алдыға,  артқа  есуді  үйрету. Ұқыптылыққа       
                  тәрбиелеу.
Сөздік  жұмыс:   Сабы                                                             
Билингвалдық   компонент:   Күрек- лопата, аула  тазалаушы – дворник, еңбек-труд
Әрекет
кезеңд. Тәрбиешінің  іс-әрекеті Балалардың  іс-әрекеті
Мотивациялық     
     қозғаушы Шаттық  шеңбері.
Арайлап  таң  атты  
Алтын  сауле  таратты
Жарқырайды  даламыз
Жарқырайды  бақшамыз
Қайырлы  таң  достарым!
-Балалар  қалай  ойлайсыңдар,  қазір  жылдың  қай  мезгілі? Балалар  шеңберге  тұрып, өлең  жолдарына  сәйкес  қимылдар  жасайды.
 
-Қазір  жылдың қыс  мезгілі.
                                    Іздену  ұйымдастырушысы -Қыс  мезгілінің  ерекшелігі  неде, сендер қайдан  білдіңдер қыс мезгілі  екенін?
-Балалар сендер балабақшаға  келе  жатырған-дарыңда  байқадыңдар ма, қар қалың  жауған? 
Тосын  сый:  Есік  қағылып,  топқа  аула тазалаушы  апай  келеді.  Балалармен  амандасады.
Аула тазалаушы: -Балалар мен  аула  тазалаушы  апаймын, балабақша  ауласын  қалың  жауған  қардан  тазартып келемін.
Маған күрек  қажет болып тұр. Сендер  маған  күрек  жасап  беріңдерші?
-Қане, апай  сіз  төрлетіңіз.
-Балалар  менің  қолымдағы  не?
-  Күрек  еңбек  құралдарының  бірі  болып  саналады. Ал сендер  тағыда  қандай  еңбек  құралдарын  білесіңдер?
-Жарайсыңдар  балалар!
-Балалар бұл  күректі көптеген ұлттар да пайдаланады екен. Мысалы орыс  халқы күректі  лопата деп  атайды. 
Қане бірге  айтайық күрек –лопата. 
-Қар  жауады, күн  салқын болады.
-Иә.
Балалар аула тазалаушы  апаймен  амандасады.
 
Балалар  тыңдайды.
 
-иә, жасап  береміз.
 
-Күрек.
-Балға, балта,  айыр, тырма,  арба  т.б.
 
Балалар қарайды, тыңдайды.
-Лопата
Балалар  күрек  екі  бөліктен тұрады. Бірінші  бөлігі  күректің  басы жалпақ болып  келеді пластмссадан  жасалынған. Ал  екінші  бөлігі  сабы. Сабы –дегеніміз ұстайтын  жері яғни  бұл жері ағаштан  жасалынған ұзын болып  келеді.  
-Балалар  қараңдаршы  күректің  басының  түсі қандай?
-Ал  қандай  пішінге ұқсайды?
Жарайсыңдар өте  жақсы!Енді  балалар  менде  мынадай сазбалшықтан  жасалынған күректің  үлгісі  бар екен.  Күректің  сабы  ұзын, басы жалпақ  болып келген.  Осы  үлгіге  қарай  отырып мүсіндейміз. Алдарыңда екі  бөлікке бөлінген  сазбалшық  тұр. Соның   үлкен бөлігінен  күректің сабын жасаймыз.  Сазбалшықты  алақанға  салып  айналдыра  отырып домалақтап  сонан  соң  алдыға  артқа, артқа  қарай есеміз. Сонда  ұзын  колбаса  секілді болады. Ал  екінші  сазбалшықты  алақанға салып айналдыра  отырып  домалақ-таймыз. Сосын  бас  бармақпен  басып  жалпақ  етеміз. Енді  осы  басы мен  сабын  біріктіреміз.Енді  жан-жағын тегістеп, әдемілейік.
-Балалар шаршаған  боларсыңдар қане,саусаққа  арналған сергіту  жаттығуларын  жасайық.
Оң   саусағым  шаршады,
Сол   саусағым  шаршады.
Саусақтарым  бірігіп,
Билеп, билеп  алады.
Балалар  қарай  отырып, мұқият  зейін  қойып  тыңдайды.
-Қызыл  түсті.
 
-Төртбұрышқа ұқсайды.
 
Балалар  күректің  үлгісіне  қарайды.
 
Балалар  тәрбиешіге  қарай  отырып. Сазбалшықтың  бір бөлігін алақан ортасына  салып айналдыра  отырып домалақтап  сонан соң алақан ортасында алдыға, артқа есу  арқылы ұзынша  етіп сабын жасайды. Ал  екінші бөлікті алақанға салып айналдыра  отырып  домалақтайды. Сонан  соң  бас бармақпен  баса отырып жалпақ  етіп күректің басын жасайды. 
Күректің  басы мен сабын  біріктіріп,тегістеп, әдемілейді.
 
Балалар  саусақтарымен  өлең  сөздеріне  сәйкес  қимылдар  жасайды.
 
Рефлексивті   коррекциялаушы Аула  тазалаушы:-Қандай  керемет  күректер  жасаған, маған  ұнады  балалар!
-Балалар сендер  бұл  күректі кімге  жасадыңдар?
-Аула тазалаушы  апай бұл күрекпен  не істейді?
-Күректі сендер  неден  мүсіндедіңдер?
- Күрек неше бөліктен  тұрады?  
 
-Жарайсыңдар  балалар!  Сендердің  мүсіндеген  күректерің  аула  тазалаушы  апайға  ұнапты. Енді сендердің  жасаған күректеріңді  өзімен  бірге  алып  кетеді. Сендермен апай  қоштасады. Балалар рахмет сендерге! Балалар  қуанады.
 
-Аула  тазалаушыға.
 
-Балабақшаның  ауласын  қардан  тазартады.
-Сазбалшықтан.
-Екі  бөліктен. Басы,  ұстайтын жері  болады.  Балалар  қуанады.
Балалар  аула  тазалаушы  апаймен қоштасады.
Балалар  тыңдайды,қуанады.
 
Күтілетін   нәтиже:
Білуі  тиіс:   Қар  тазалауға  қажетті  құралдардың  бірі- күрек  және  күректің 
                     неден жасалатыны  туралы біледі.
 
Түсінігі:       Күрек – еңбек   құралдарының  бірі  болып  саналатынын  біледі.
                     Күрек  арқылы  адамдар  көптеген  еңбек  ететіндерін  түсінді.
                     
Көрсете  білуі:Сазбалшықты   алақан  арасына  салып  айналдыра отырып   
         домалақтау, алдыға  артқа  есу әдіс-тәсілдері  арқылы күректі  
          мүсіндеуді  көрсете  білді

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Орамалды әшекейлеу
Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы
5 санымен таныстыру
Ағаш күрек жасау
Кәсіби маңызды қасиеттерді дамытуда адамның мүмкіншілігі
Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу
Аққала балаларда қонақта
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Хохлома ыдысы
Әртүрлі дөңгелектер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4057 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык