Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » С с дыбысы мен әрпі


С с дыбысы мен әрпі

С с дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы:  С с дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: С с дыбысы және оның әріп таңбасымен балаларды  таныстыру. С с дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.

Тәрбиелік: Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

 Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, С с дыбысының баспа түрі,  текшелер,түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:  Көркем әдебиет,

 

Іс -әрекет кезңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.

2) Зейіндерін сабаққа аудару.

Көңіл-күйлерін сұрау (смайликтер арқылы)

ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.

           Дидақтикалық ойын «Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: Балалар  «Б б» дыбысынан басталатын немесе сөз арасында «Б б» дыбысы бар  сөздерді айтады. Айтқан сөздерін буынға бөледі.     

Балалар сабаққа дайындалып отырады.

 

 

 

 

Балалар белсенділік танытады.

Ұйымдастыру -ізденушілік

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»

Қыздар құлағына тағады - Сырға.
Қыздар қолына тағады - Сақина.
Уақытты көрсетеді - Сағат.
Сиырдан не алынады - Сүт.
Сызуға арналған құрал - Сызғыш.
Мектепте не оқимыз - Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз - Сөмке.

Кірді немен жуамыз – Сабын

Балалар шайнайды – Сағыз

-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?

-Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Жұмбақ шешу:

Түсі суық ызғарлы

Аузында айыр тісі бар (жылан)

-Дұрыс балалар, жылан қандай дыбыс шығарады?

-С-С-С-С

-Олай болса балалар «С с» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма?

-Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз.

-Ең алдымен дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

 

-Ендеше барлығымыз хормен айтып «С с» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, «С с» дыбысы дауыссыз дыбыс, кедергіге ұшырап барып шығып тұр.

Мұғалім балаларға суреттермен «С с» дыбысы туралы түсінік береді.

-Балалар, «С с» дыбысы сөздің барлық буындарында (басында, ортасында, соңында) кездеседі. Мысалы: сүзбе, маса, троллейбус, автобус, Досымжан, Ерсұлтан, Диас, Сая, құс, сауысқан, саусақ,

Әліппе-дәптермен жұмыс

Әліппе-дәптердегі (суретке қарап) асық, сандық, күнбағыс  С с  дыбысы қай жерде келіп тұрғанын сұрау.

Асық, сандық, күнбағыс туралы түсініктеме беру.

Оқы: са, сана. сақ, со, сона, сал, дос, Айдос, Досан (сөздерді оқыту)

Жаз: -Балалар, енді  осы С с дыбысын көргілерің келе ме?

-Оны көру үшін дыбыс неге айналу керек?

-Әріпке қалай айналдырамыз?

С с әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:

а) С с әрпін ayада жазу.

ә) С с  әрпін қолымен үстінен бастыру.

б) С с әрпін әліппе-дәптерге  жаздыру.

в)  Тақтаға жаздыру

Сергіту жаттығуларын жасату

Бала-бала, балақан

Қане қайсы алакан?

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

 

 

 

- Сырға.
- Сақина.
- Сағат.
- Сүт.
- Сызғыш.
- Сабақ.
- Сөмке.

– Сабын

– Сағыз


-С с

 

 

 

 

 

-Жылан

-ССССС

 

 

 

-дыбысты естиміз, айтамыз

-жазамыз, көреміз, айтамыз

 

-Дауыссыз дыбыс

 

 

 

 

 

Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, ойларын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар үлгіге қарап жазады.

 

 

 

 

 

 

-Балалар қимылмен оындайды.

Кері байланыстылық-

түзетушілік

 

ІҮ.Сабақты қорытындылау.

Суретке қарап әңгіме құрау. (мұғалімнің көмегімен орындалады)

Балалар не істеді?           Диас не істеді?

Балалар гүлге су құйды.  Диас гүлге су құйды.

Ерсұлтан не әкеле жатыр?  Ерсұлтан су әкеле жатыр.

ҮІ. Оқушыларды мадақтау

 

 

 

-Балалар белсенділік танытады.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
"Ш"дыбысы
С с дыбысы мен әрпі.
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Ч дыбысы мен әрпі.
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2064 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык