Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 4769 |
|
|
|
Мысығым менің керемет
Тақырыбы: «Мысығым менің керемет»
Мақсаты: Үй жануары-мысықпен таныстыру. Оның қимыл-іс әрекетін,пайдасы жайында түсінік беру,үй жануарларымен мейірімді болуға тәрбиелеу,айналадағы қоршаған ортаны сезінуге және табиғатты қорғауға ынталану мақсатында көзделеді.
Көрнекілік: Үй жануарлардың суреті,мысықтың суреті,себеттегі жептер,тышқан мен мысықтың атрибуттары.
Методикалық әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,сахналау,жұмбақ
Сабақ барысы:
- Балалар,бүгін күн қандай ерекше,табиғаттың өзі сендерді аялы алақанына салып еркелетпекші.Кәне,бәріміз шеңберге тұрып, «Табиғатым тамаша!» ойын ойнайық.
Ойын барысы: Балалар шеңбер жасап жүріп мына өлең шумақтарды айту:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатым аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған ЖерАна!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Тәрбиеші: Ендеше орнымызға отырамыз.Кәне балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: Төрт жыл мезгілі бар.
Тәрбиеші: Қалай аталады?
Балалар: Күз,Қыс,көктем,жаз.
Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Қыстың неше айы бар? Қалай аталады.
Балалар: Үш айы бар.Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Тәрбиеші: Қай айдамыз?
Балалар: Қаңтар айында.
Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар? Қалай аталады?
Балалар: Жеті күн бар.Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің табиғат ерекшелігі қандай?
Балалар: Боран болады,қар жауады,суық болады,аяз болады
Тәрбиеші: Қыс туралы кім тақпақ біледі?
Балалар: Дала аппақ,қар аппақ
Ақ мамыққа оранған
Ауыл,аймақ бәрі аппақ
Қардан үйлер қаланған.
Тәрбиеші: Мына суретке қарайық,нелер бейнеленген? (әңгімелету) 1-2 баладан сұрау.
Балалар: Ермахан,Нұртас,Қазбек үшеуі жұмсақ,сулы қардан Аққала тұрғызады.Аққала үш шеңберден тұрады.Екі көзі көмірден,мұрнына сәбіз,басына шелек,қолына сыпырғыш ұстатты.Аққала тұрғызған соң таудан төмен қарай сырғанақ тепті.
Тәрбиеші: Өте жақсы әңгімелеп бердіңіздер!Мына суретке қарайықшы,орман іші тым тырыс.Айналаның бәрі қар басқан.Орманда шыршалар да бар.Олар түстерін өзгертпейді.Балалар,орманда тағы кімдер жүр?
Балалар: Қыстап қалған аңдар,құстар жүр.
Тәрбиеші: Қандай аңдар жүр?
Балалар: Түлкі,аю,қоян,қасқыр,ағаш басында тиын отыр.
Тәрбиеші: Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырамын.
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды
Допты көрсе домалатып қоймайды
Беті-қолын қайта-қайта жуады
Тышқандарды үйімізде аулайды
(Жауабы Мысық)
Балалар: Мысық
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Енді мына үй жануарлары суретінің ішінен мысықты кім көрсетеді?
Балалар: Мынау мысық
Тәрбиеші: Ендеше біз тақтаға тек мысықтың суретін қалдырайық. Мысық үй жануарлары, оның пайдасы көп,ол жүрген кезде тышқан болмайды.Мысық еркелегіш,балалармен ойнағанды және сүт ішкенді ұнатады.Өзіне жарасар дауысы бар,қандай?
Балалар: Мияу,мияу!!!
Тәрбиеші: Мысықты «кис-кис» деп шақырып,сипап,кішкене сүт құйып береміз.Оның жүні тықыр болады,құлақтары тікірейген,құйрығы ұзын болады.Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен қысып,құйрығынан сүйреп жәбірлеуге болама?
Балалар: Жоқ,оның денесі ауырады.Жануарларды қорлауға болмайды.
Тәрбиеші: Балалар,мына екі мысықты салыстырайық,ерекшелігін айтайық.(екі мысықтың суретін көрсету).
Балалар: 1. Мына суретте мысықтың мұрты жоқ,мынада бар
2.Біреуінің құйрығы жерде жатыр,біреуі көтеріп алыпты.
3. Мойнын байлаған бантиктерін біреуінікі шешілген,біреуінде байлайлы тұр.
Тәрбиеші: Өте жақсы,ал мысық туралы кім тақпақ айтады?
1-Бала: Бала мысық батыл-ақ,
Тышқан ұстау талабы.
Сылдыр етсе жапырақ
Тісі оның қышып отыр.
Тәрбиеші: Балалар мысықтың жақсы көріп ойнайтын ойыны «Жіпті шатастыру».Әжелердің жібін шатастырып, ойнайды.Кәзір біз мысық боламыз,жіптермен ойнаймыз.
Ойын шарты: «1-2-3 ойынға түс!»-дегенде мына себеттегі жіптерді шашып,домалатып жіберсеңдер,сосын оларды тауып,қайтадан себетке тезірек жинайсыңдар.Кім тез жинаса сол жеңімпаз мысық болады.
Тәрбиеші: Келесі ойынымыз «Байқағыш» деп аталады.
Ойын шарты: Мысықты ойлап,көздеріне елестетіп,еске түсіріп,менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
1. Мысықта қанша құлақ бар?
2. Мысықта қанша аяқ бар ?
3. Мысықта қанша құйрық бар?
4. Мысықтың құлағы ұзынба,құйрығы ұзынба?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Балалар,енді бой жазып,денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәтін жасау.
Кәне,саты түзейік,
Тіземізді бүгейік
Ыршып алға түсейік
Ыршып артқа түсейік
Көбелекше ұшамыз
Отырамыз тұрамыз.
Тәрбиеші: Енді «Бөпе тышқан» ертегісін тамашалаймыз.
1-бала Іші әбден пысқан
Тышқан Деді бірде тышқан
(Сағыныш) Мысықтарды түнде
Қуып жүрем күнде.
Қорыққаннан кәзір
Жатыр шықпай інде.
(Осы кезде екі бала жылап кіреді)
2-бала Апай,шкафтағы етікті
Меруерт Тышқан тесіп кетіпті.
Аямастан ойыпты,
Дәу тесік қып қойыпты.
3-бала Ой,ой,ой,
Меруерт Пакетімді қиыпты.
Шұлығыма тиіпті,
Куртқамды шәйнап
Кетіпті ойнап,Ух!
Тышқан Не бопты соншалық,
Нұрсұлтан Бәтеңкеңің бауын қидым.
Шұлығыңды тестім,
Серуенге өзім шықтым
Тышқан солай бөсті
Соғып алып төсті
Мысық келді естіп
Оның үні өшті
Мысық Мияу!
Айда: Ұстап алам тышқанды!
Тышқан Құтқарындар,құтқарындар!
(әрең қашып құтылды мысықтан)
Мысық Енді тышқан келмейді
Шұлықтарды жемейді
Иісін сезіп мысықтың
Қорқып қашып жүр дейді
Тәрбиеші: Сол үшін мысыққа не дейміз?
Балалар: Рахмет!
Қорытынды: Тышқанның жауы не екен? Мысықты жақсы көрғенімізді қалай білдіреміз? Мысық қандай жануар?
Мадақтау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |