Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жабайы аңдардың қысқа дайындығы


Жабайы аңдардың қысқа дайындығы

                      Жабайы аңдардың қысқа дайындығы                                                                                                                                                                                                                  

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімдері: Қоршаған орта,тіл дамыту, жапсыру

Тақырыбы: «Жабайы аңдардың қысқа дайындығы»

Оқу іс-әрекеттің түрі: Кіріктірілген

Мақсаты: Балаларды жабайы аңдармен және олардың  қысқы тіршілігімен таныстыру .Табиғаттық маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін                                                                                                       жетілдіру.Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру,ой-қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету.Желіммен жұмыс жасау дағдыларын үйретуді жалғастыру.Жан-жануарларға қамқор болуға,ұқыптылық пен шыдамдылыққа  тәрбиелеу.

Билингвальді компонент:Аңдар-звери,аю-медведь,қасқыр-волк,түлкі-лиса, кірпі-еж, тиін-белка.

Құрал-жабдығы:суреттер,орман туралы бейне фильм,қоянның кескіндемесі, желім .

Сөздік жұмыс: Апан, ін,қуыс,жыртқыш.

Әрекет кезеңі

  Тәрбиешінің басқарушы әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиеші балаларды өзіне қаратып, жылулық шеңберіне шақырады.

Қүннің өзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің ісі ғой,

Ал,қанекей,бәріміз

«Сәлем» дейік әркімге!

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақпақты бірге қайталап айтады

 

Іздену-ұйымдас

тырушылық

 

 

Балалар ,мен сендерге жұмбақтар жасырайын,сендер жауабын тауып көріңдер.

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал,оның баласын « көжек»   дейді.

Аузы бейне шалғы,орақ,

Шөп емес,бірақ малды орады.

Өзі қу, әрі айлакер,

Жүрген жері айқай шу.

 Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан

.Бұлардын барлығын бір сөзбен қалай  айтамыз?

Дұрыс айтасыңдар, қане барлығымыз мына суреттерге қарайықшы, осы айтқан аңдарымыз барма екен?

 

 

Бұл аңдар қайда мекендейді?

Ал сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар орманға барғанда білесіңдерме біз табиғатты аялап қорғауымыз керек.

Қазір біз бір ойын ойнаймыз  Д/о

«Үй жануарлары мен жабайы аңдарды топтастыр» 

Ал енді біз қазір  орманға саяхат жасайық.

Ағаштарды көріп атап береді

Құстарды атап береді.Олар қыстап қалатын құстар.

Осы орманда тұратын жануарлар қыс мезгілінде немен қоректенеді  екен?Олар қысты қалай өткізетінін, олардың балалары ,үйлері қалай аталады екен соны біліп алайық Қасқыр- өзінің  азығын жүгіріп жүріп аулайды .Қасқыр қустармен дала жануармен қоректенеді

Апанда турады, балалары қалай аталады?

Қасқыр туралы кім тақпақ біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

Аю-үлкен ,иіс сезгіш жыртқыш

ан,ол жаз бойы жеміс-жидектер мен өсімдіктерді жеп ,денесіне май жинайды.Қыс басталғанда қар астындағы апанда тығылып ұйықтайды.

Көктемде бірак турады .Баласын қалай атаймыз?

 

 

 

 

 

Аю туралы такпак айтып беріндерші?

Мынау түлкі ,онын мұрны иісті жақсы  сезеді ол қардын астынан тышқандарды  аулап жейды,қустармен олардың жұмыртқасымен де қоректенеді.Түлкі інде тұрады, баласын калай атаймыз?

Түлкі туралы тақпақ айтайық:

 

 

 

 

 

Кірпі-үсті  басының бәрі тікен ,ол қоңыздарды ,құрттарды, тышқандарды жейді ,ол азығын қысқа дайындап алып ,қыс бойы  ұйықтайды.Балалар кірпі де аю сияқты қыс бойы ұйықтайды екен.Оның үйін ін деп атайды баласын кірпі дейді

Тиін орманда тіршілік ететін кішкентай ғана жануар.Ол ағаш қуысында тұрады ,жаз бойы қуысына жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды,қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді.Тиіннің балаларын тиін деп атайды.

Тиін туралы тақпақ айтайық:

 

 

 

 

 

 

 

Қоян қыста үйілген бұталардың,ағаштын қуыстарында қыстайды.Құрғак шөптер мен ағаш қабығымен қоректенеді

Қоянның баласын қалай атайды?

Қоян қысқа қалай дайындалады?

Қоян туралы тақпақ айтайық:

 

 

Орманда қоянды кездестіреді: жылап көмек сұрайды  қөжектері тустерін аустырмапты,енді жыртқыш андар байқап коятын болды.

Балалар біз оған көмектесейік

Ең алдымен көнілін көтеріп  бәріміз бірге қоянға өлең айтып берейік

Сергіту сәті: «Сұр қоян»

 

 

Қоян сен бізбен бірге біздің топқа бар, біз сенің көжектеріңе көмектесеміз.

Қане балалар, үстел басына отырыңдар бұл жерде қоянның    сұр тонын ақ тонға айналдыратын ғажайып зат бар ,ол мақта.

Мақтаның түсі қандай?

Мақта аппақ мамықтай, қоянның қысқы тоны сияқты.

Үлгі бойынша көрсету:

Енді алдарыңдағы желімді  пайдаланып мақтаны қоянның кескіндемесіне жабыстырамыз.

көзін қара ермексазбен жасаймыз.

 

Майлықты   қолданамыз.

Қоян рахмет айтып, өз сыйлығын береді, орманға қайтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қызығып тыңдайды

 

Қоян

 

Қасқыр

 

 

Түлкі

 

Аю

 

Жабайы жануарлар

 

 

 

 

 

Иә (балалар аңдарды атап береді)

 

 

 

 

 

 

 

Орманда

 

Ия

 

 

 

 

Балалар қызығып ойнайды

 

 

Шырша,

Қарға,сауысқан, торғай

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлтірік

 

Амир:

Қасқыр жортар түнменен,

Күндес болып күнменен,

Араз болып айменен,

-Қасқыр жортар ойменен,

«Жолықсам»- деп қойменен.

Нурали:

Мен көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым,

Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонжық

 

Мерей:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мыршай

Мөлдір:

Түлкі деген қу ғой,

Жүрген жері шу ғой

Жатып алып жағада

Іздегені ду ғой.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кірпі

 

 

 

 

 

 

 

Тиін

Таслима:

Мен тиінмін,тиінмін

Қысқа жылы киіндім

Астық толы інімде,

Жылы,жұмсақ үйімде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

көжек

Түсін ауыстырады

Сымбат:

Ақ қоян ау,ақ қоян,

Үркек қоян сақ қоян,

Қаша берсең орманға

«Қорқағым»- деп ат қоям.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бірге сергіту жаттығуын орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсін өзгертеді  сұр түстен ақ түске

ақ

Балалар тындайды желімді алып мақтаны жапсырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қоянмен қоштасады

 

 

 

Рефлексивті-түзеуші

 

 

Біз бүгін  қайда саяхатқа бардық?

Қандай андарды кездестірдік?

 

Не қонаққа келді?

Қоянға қалай көмектестік?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орманға

Жабайы аңдарды

 

Қоян

Сиқырладық сұр қоянды ақ қоянға айналдырдық

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу,дидактикалық ойын,тосын сәт,тақпақ айту,қорытындылау.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы:Орман жайлы және ормандағы аңдардың тіршілігі жайлы. Орманға қамқорлық жасау.

Қалыптасқан әдет: Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді

Істей білуі:. Жапсыру жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін білу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жабайы аңдар.
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
«Ормандағы саяхат»
Жануарлардың қысқы мекені.
Жабайы аңдар
"Жабайы аңдар"
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 19042 | Қосты: Жылыбаева Сауле | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык