Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі


Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты:

1.  Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беріп, олардың қысқы табиғатқа биімделуі туралы түсінік беру. Сұрақтарға толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.

2. Не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығын түсіндіру, аңдардың түрлеріне көңіл аудартып оның тіршілігі  туралы әңгімелеу.

3. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.

Көрнекіліктер: аңдардың түрлі түсті суреті, логикалық тапсырмалар, үлестірмелі материалдар.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық  

Балаларды шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызып, өлең жолдарын  айтқызу.

 

Армысың, ардақты Аспан ата!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Балалар дөңгелене шаттық шеңберіне тұрады.

Балалар педагогпен бірге қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

Іздестіру – ұйымдасты-ру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды кезең

1. Әңгіме жүргізу.

- Балалар, барлығымыз терезеден далаға қарайықшы. Қазір жылдың қай мезгілі?

- Оны қайдан білдік?

– Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

2. Суретпен жұмыс.

- Қыс мезгілі. Даланы аппақ қар басады, ақ қала тұрғызды. Айзере мен Жансая шанамен сырғанады, қалған балалар кармен ойнап жүр, бәрі де көңілді.

Қыс мезгілінде ауа райы суық болады. Қыста адамдар қалай киінеді?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, қыста адамдар қалын киінеді.

- Кәне, қысқы киімдерді атайық?Тон, тымақ, етік, қолғап және т.б.

Иә , балалар бұл -қыс мезгілі. Егер біз қар жамылған қысқы орманға барсақ, ағаштар қатып қалғандай болып көрінеді, себебі олардың шырындары крахмал мен қанттқа айналған. Барлығын қар басып жатады, жабайы аңдарға өмір сүру қиынға түседі. Қалың қардың астынан жануарларға азық алу қиын, сондықтан олар аштыққа жиі ұшырайды. Бірақ та, олар қыз мезгіліндегі өмірге бейімделеді.

 Ал қазір, балалар, қыз мезгіліндегі жабайы жануарлардың қиын өмірі туралы әңгіме тыңдайық.

 Өз өмірі туралы ең бірінші қоян айтып берейін деп отыр. Ол қатты қорықсада, бүгін бізге қонаққа келіп отыр.

 Қоян: Мен қоянмын, сендерге өзім туралы айтып берейін.

 Ақ қоянмын, қоянмын,

 Үркек қоян, қорқақпын

 Дыбыс шықса қашамын

 Белден бірақ асамын.

-Міне бізге қу түлкі де келді

Түлкі: Өзім айлакер,

             Өзім бір қу.

             Жүрген жерім

             Айғай да шу.

-Ал тиін қыста қалай өмір сүреді?

Тиін: Мен тиінмін, тиінмін,

          Қыста жылы киіндім

          Қоймам толы жаңғаққа,

          Іші жылы үйімнің.

-Бізге тағыда біреу қонаққа келді. Ол қасқыр.

Қасқыр: Мен – жыртқыш қасқырмын

                Тұрағым – ну орман.

                Түн демей, күн демей,

                Жортамын жолда алыс.

 

Аю: Тауға шықсан - қалын қар,

        Сайға түссең – қалың қар,

        Шырша үсті қалың қар.

        Байқаңдар, қар астында

        Ұйықтап жатқан аю бар.

Мен қыста қатты ұйықтаймын. Күзде өз бойыма қорек жинап алғанмын. Бірақ та мені оятып, сендерге қонаққа алып келді. -

- Оны оятуға болмайды. Ол күзден бастап  көп тамақтанып семіріп алды. Аю, кірпі,борсықтың  жұмысымысы  -  қалың ұйқыда қатты ұйықтап көктемді күту.

 - Аю, борсық және кірпі қыс бое оянбастан ұйықтағанда немен қоректенеді?

Суретпен жұмыс.

- Суретте қандай аң бейнеленген?

- Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар аю екен. Аю - жабайы аңдардың бірі. Жазда аю кез келген жерден өзінің қорегін таба алады. Сонымен бірге аю араның балын да жақсы көреді. Аш кезінде шөп пен ағаштардың тамырымен қоректенеді. Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында жақсылап коректеніп, денесіне май жинап алады. Аюлардың түстері қоңыр, ақ болып келеді. Аюдың баласын қонжық деп атайды.

  • Аю қалай жүреді?

Сергіту сәті.

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

    Түлкі мен қасқыр – жабайы жыртқыш аңдар. Олар үнемі қорек аулаумен болады. Бір күннің ішінде түлкі жиырма тышқанды аулап жиді. Сондай-ақ қояндарды және ауырып жатқан жануарлармен құстарды аулайды.

«Қасқырды аяғы асырайды» деген мақал халық айтылады, себебі қасқыр алыс арақашықтарды жүріп өтіп, өз тамағын табады.

Қоян шөпқоректі. Олар ағаш бұтақтарын, қабықтарын, тамырларын кеміреді.

 Тиінның отызға дейін ұясы болуы мүмкін, әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршанның бүршіктерін жинайды.

 Жануарлар аштыққа ұшырамауы үшін қыз мезгілінде оларды жиі қоректендіріп отыру керек. Адамдар орманнның ішіне шөп әкеледі. Шөппен еліктер, бұғылар, қояндар тамақтанады: ал түлкі болса, осы жерден тышқандармен қояндарды аулайды.

Қазіргі таңда экологтар мазасыздануда , себебі ормандар мен ағаштарды жаппай кесумен байланысты көптеген жануарлардың түрлері жойылып барады. Жойылып бара жатқан жануарлар Қызыл кітапқа енгізіледі. Кітаптың қызыл түсі жан – жануарларға төнген қауіп қатерді білдіреді. Жабайы аңдарды терісі, жүні, еті, мүйізі үшін өлтіреді.  Сондықтан да аңдарға қамқорлық көрсету керек.

Табиғатты жақсы көретіндер, табиғаттың жанашырлары хайуанаттар бағын ұйымдастыра бастады, сонымен қатар ормандарда жануарлар қорғалатын аймақтарды бөлді ол қорықтар, ол аймақтарға кіруге болмайды. (Алматы, Ақсу-Жабағылы,  Барсакелмес, Қорғалжын т.б.) Табиғат әлемі өте үлкен және сан қилы, адам оны сүйіп, аялап, қамқор болу керек.

 

Балалармен түрлі суреттер арқылы «Жануарларға қамқор боламыз» атты коллаж құрып, ватманға   жапсырып, сыныптың көрнекті жеріне іліп қою.

  • Балалар аңдардың патшасы деп қай аңды айтады?
  • Балалар, қай аң ең қу?
  • Ал балалар, қай аң ең қорқақ?

Балалар терезеге қарайды.

- Қазір жылдың қыс мезгілі.

  • Дала аппақ қар. Күн суық.

 

Балалар суретке назар аударады. Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

- Балалар кармен ойнады.

- Қыста адамдар жылы киінеді.

- Күн суық адамдар жылы киініп алған. Айнала аппақ қар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түлкі - айлакер,

қу аң. Түлкінің түсі

қызғылт болып

келеді.

Түлкінің жүрісін салып көрсету).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олар күзден бастап денесіне май жинап семіреді, сондықтан олар оянбастан ұйықтай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін өлеңшумағының ырғағыменқимыл-қозғалыс арқылы

орындау.

 

Балалар тыңдап толықтырып отырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қойылған сұрақтарға жауап береді, өздерінің пікірлерін айтады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ормандағы аңдардың қысқы тіршілігін

Игереді: туған өлкенің жануарларын қамқорлыққа алу сезімін

Меңгереді: сурет бойынша әңгімелеу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ормандағы саяхат»
Жабайы аңдар
Жануарлардың қысқы мекені.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Жабайы жануарлардың қысқы мекені.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдардың қысқа дайындығы
Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат
«Қыс қызығы».
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12527 | Қосты: Шаймуханова Сауле Даулетбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык