Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ағаш тостақ


Ағаш тостақ

Сабақтың тақырыбы: Ағаш тостақ

Сабақтың мақсаты: 1.Мәтіннің мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтау.
2.Өздері жасаған жұмыстарына қорытынды жасайды, тіл байлығы,сөйлеу мәдениеті дамиды.
3.Ата-ананы құрметтеуге, кішіпейілдікке,ізеттікке тәрбиелеу. 
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дене шынықтыру.
Көрнекілігі: карточкалар, тапсырмалар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,СТО элементтері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге,
Бәріміз де бірге!
 
І-топ: «Ынтымақ»
ІІ-топ: «Бірлік»
ІІІ-топ: «Достық»
ІҮ-топ: «Татулық»
Әр топ басшысы сайланып, жауап парағына өз тобының сабаққа қатысқан балаларын белгілеп отырады.
ІІ. Қайталау жұмысына байланысты тапсырмалар:
Әр топ басшысы келіп 4 нөмірден алады, сол нөмір астындағы сұраққа топ болып жауап береді.
І-топ: Ананың тіл-........,(бал)
            Баланың тілі-...... .(бал)
ІІ-топ: Ата-..............,(бәйтерек)
             Бала-............. .(жапырақ)
ІІІ-топ:Ана алдында-..........,(құрмет)
              Ата алдында-.......... .(қызмет)
ІҮ-топ: Әдепті бала ата-анасын........,(мақтатар)
               Әдепсіз бала ата-анасын....... .(қақсатар)
ІІІ.Отбасындағы бағаланатын басты құндылықтар не?.
 
ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Мәтіннің авторымен таныстыру.
2.Мәтінді оқу.
3.Оқушылар өздігінен оқиды.
4.Жұппен талдайды.
5.Топпен талдайды.
6.Әр топтан бір оқушы мазмұнын айтады.
Ү.Сөздік жұмысы
Жүрегін жаралау-көңілін қалдырып,ренжіту.
Мүсәпір адам-дәрменсіз,бейшара адам.
ҮІ. Топтарға тапсырма
І-топ: «Ынтымақ»
Мәтінге эссе жазу.
ІІ-топ: «Бірлік»
Кітапшадан мәтінге байланысты мақал-мәтел табу. Мазмұнын ашу.
ІІІ-топ: «Достық»
Әңгімедегі ең аянышты сәт қайсысы? Неге аянышты?
ІҮ-топ: «Татулық»
«Әжесін қайсысы жақсы көреді?» мәтініндегі әже мен  «Ағаш тостақ» мәтініндегі атайдың жағдайын салыстыру.
                     Ұқсастығы            Айырмашылығы
 
ҮІІ. Сергіту сәті
ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма.
 Ата-ананы құрметтеу,қастерлеу ережесін құрастыру.
ІХ. Қорытынды.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Х.Үй тапсырмасын беру.114-115 бет мазмұнын айту,сұрақтарға жауап беру.
ХІ. Бағалау.Сабақта белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау,мадақтау.                                          ХІІ. Рефлексия

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
« Әдепті бала - әдемі бала»
«Сәлем – сөздің анасы»
Алып бала
Ана
Адал бала (Корей халық ертегісі)
Баубек Бұлқышев Ана
Күлмеңіздер кәріге М. Дулатов
Ағаш тостақ
Ақ шаш
Тымақ. Буын
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5822 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык