Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күлмеңіздер кәріге М. Дулатов


Күлмеңіздер кәріге М. Дулатов

Тақырыбы: Күлмеңіздер  кәріге М.Дулатов

Мақсаты:
1.Оқушыларды мәтін мазмұнын түсініп оқу,халқымыздың әдет-ғұрпына тән үлкенді құрметтеу керектігін мәтін арқылы аша түсуге мүмкіндік жасау.Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып,әңгімелеуге үйрету.
2.Оқушыларды сауатты оқуға  ,дұрыс  жазуға,әдептілікке,әдемілікке,
--үлкенді сыйлап,кішіге қамқор болуға баулу.Сыпайы сөйлеп,жақсы 
қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.
3.Оқушылардың таным белсенділігін арттыру,сөздік қорын,тіл байлығын
дамыту.
Сабақ түрі:Жаңа білімді меңгерту
Әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгіме кестесі,топтастыру
Көрнекіліктер:Интербелсенді тақта,оқулық,дәптер,қима қағаздар
Сабақ барысы:
1.Қызығушылықты ояту
А)Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Ә)Үй тапсырмасын тексеру.
-Үлкенді де ,кішіні де сыйлайтын бала қандай бала?
-Қайырымды болу үшін балаға қандай қасиеттер қажет?
-Нодардың қайырымды бала екенін қай әрекетінен байқадың?
-Нодар екінші қайық сатып алуды әкесінен неліктен «ақырын ғана» сұрады?
-Әкесі Нодардың бұл қылығына қалай қарады?
2.Мағынаны ашу.
Кіріспе
-Балалар әдептілік  дегенді қалай  түсінесіз? Слайд көрсету.
-Балалардың  пікірін тыңдау.Қорытынды 
-Сонымен әдептілікке нелер жатады екен? (топтастыру)
-үлкенді жолдан өткізу
-ағаш отырғызу
-үлкен кісіге көмектесу
-үлкендерді қуанту
-сыпайылық
-қамқорлық
-адамгершілік
5.Мағынаны ашу.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мыржақып Дулатовтың «Күлмеңіздер кәріге»  атты  әңгімесімен  танысамыз.
Сабақтың мақсаты:
 1.Оқушыларды мәтін мазмұнын түсініп оқу,халқымыздың әдет-ғұрпына тән үлкенді құрметтеу керектігін мәтін арқылы аша түсуге мүмкіндік жасау.Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып,әңгімелеуге үйрету.
М.Дулатовтың  өмір  жолымен  танысайық.
-қоғам қайраткері,ақын,ағартушы,педагог
-1885 жылы Қостанай облысы,Жангелдин ауданы,Қызбел деген  жерде дүниеге келген.
-1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ училищесіне түсіп,1902 жылы бітіріп
шығады.Одан кейін ауыл мектептерінде мұғалім болады.
-Мәтінді мұғалімнің  оқып  беруі.
-Жұптасып  тізбектеп оқуы
-Мәтінді бөліктерге бөліп,ат қою
-теріп оқу:көршілері,әкесі айтқан сөзді тап.
-Сөздікпен жұмыс.
Келемеж қылу-мазақ қылу.
Үлкенді мазақ қылу қандай әдетке жатады?
-Мәтіндегі балалардың қылықтары туралы өз ойыңды айт.
-Әдептілікті адам кімдерден үйренеді? 
-Үлкен кісілерге қалай құрмет көрсетеміз?
-Балалар әдептілік туралы мақал білесіздер ме?
1.Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса,өте шығар кеңкиіп.
2.Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
3.Әдепті  бала  ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Сергіту сәті.
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Әдеппен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
Үйге келген қонақтар,
Бізге ренжіп кетпесін.
Жағдаяттар талдау.
1.Сіз отырсыз.Үлкен қарт адам кірді.Бос орын жоқ.Не істер едіңіз?
2.Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Сіз не істер едіңіз?
3.Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?
4.Сіз дүкенде кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда әжей тұр.Не істер едіңіз?
5.Көшеде,үйде,мектепте таныс кісілер ,мұғалімдер кездессе,не деу керек?
6.Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр.Оған не деу керек?
Дәптермен жұмыс.
1.Мәтіндегі мына сөздерді топта:мазақ қылды-келемеж қылды,кәрі-қарт,
ұялу-қызару.
3.Ой толғаныс.
А)Әңгіме кестесін толтыру.
1.Әңгіме тақырыбы
2.Авторы
3.Оқиға орны
4.Негізгі кейіпкерлер
5.Негізгі ой
6.Оқиға қалай анықталды?
Ә)Ұқсастығы мен айырмашылығын тап:
Бағалау.Мұғалім бағалауы
 
Үйге тапсырма: «Күлмеңіздер кәріге» мәтінін  түсініп оқу,әңгімелеу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әдептілік - әдемілік.
« Әдепті бала - әдемі бала»
«Сәлем – сөздің анасы»
Мен әдепті баламын.
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Күлмеңіздер кәріге
Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік -әдемілік
Қайырымды бала Г.Әзімбаева
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7396 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык