Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақ боран. Ж. Жұмаханов.


Ақ боран. Ж. Жұмаханов.

 Ақ боран. Ж. Жұмаханов. 

Сабақтың тақырыбы: Ақ боран. Ж. Жұмаханов.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру.

2. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік талдау, жинақтау жасау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

3. Туған жерін, табиғатын сүйе білуге, табиғат құбылыстарын бақылай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: Ой қозғау, бес жолды өлең, әңгіме құрастыру, топпен жұмыс. Тіл дамыту, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Қыс көрінісі, суреттер, инт. тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жұмбақтар шешу.

1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.         (Шаңғы)

2. Таусылмайтын ақ мақта,

Қысы-жазы тау жақта.        (Қар)

3. Тоңғақты таниды,

Беті-қолын қариды.            (Аяз)

4. Көрінбейді өзі,

Айтатын жоқ сөзі.

Ысқырып тұрады,

Серуен құрады.                   (Боран)

Боранның ысқырып соққан үнін инт. тақта арқылы оқушыларға тыңдату.

Ой қозғау.

Ауызша сұрақтар:

1. Қандай дыбыс естідіңдер?

2. Ненің дыбысы деп ойлайсың?

3. Қай мезгіл елестеді?

Бұл үскірік соққан боранның дыбысы. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақ боран».

ІV. Жаңа сабақ.

1. Жазушы Жекен Жұмаханов туралы түсінік беру.

Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың жалпы боран, қыс, туралы ойларын білу.

2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнын оқушыларға таныстыру. Әңгіме арасында әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?-деп сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

3. Оқушылардың тізбектей оқуы. Іштей оқу.

4. Сұрақ-жауап әдісі.

-Әңгімеде жылдың қай мезгілінде болған оқиға айтылады?

-Қасым қайда оқиды?

-Ол нені есіне алады?

-Қасымның боранда адаспауына не себеп болды деп ойлайсыңдар?

-Оның табандылығын, ақылдылығын қандай іс-әрекеттер арқылы көруге болады?

Сергіту сәті.

5. Сөздік жұмыс. Түртіп алу жүйесі.

Боран қатты желдеп соққан қардың борауы.

6. Топпен жұмыс. Әр топқа жеке-жеке сұрақтар беріледі.

І топ. Мәтіннен қысқы боран туралы жазылған бөлімді оқып, түсіндір. Қасымға мінездеме бер. Табанды, қайсар, ақылды, байқағыш, батыл, шыдамды.

ІІ топ. 1. Қыс туралы сурет салу. 2. Мәтінді қысқаша әңгімеле.

ІІІ топ. Қыс мезгіліне байланысты өлең, шығарма жазу.

«Ойландырар сұрақтар» ойыны.

а/ Мәтіннен қыстың суретін беретін жолдарды тауып оқы.

ә/ Боранға адамның қимылын бере суреттейтін жолдарды тауып оқы.

б/ Қасымның орнында болсаң не істер едің?

в/ Автор бұл әңгімені неге жазды деп ойлайсыңдар?

Жеке жұмыс. Қыс белгілерін атайық. Мәтіннен қыс белгілерінің түрлерін іздеп табу, толтыру

 

Қыс

Боран

Қар

Жел

Аяз

Күн

қаhарлы

ақ түтек

ызғырық

жапалақ

берік

күртілдек

ызғырық

қызыл шұнақ

ашық

шағырмақ

бұлыңғыр емес

7. Топтастыру. Жылқы жайында не білесің?

8. Халық болжамдары:

Бұлт желге қарсы жөңкісе, қар жауады.

Күзде ағаштың жапырақтары ерте түссе, қыс қатты болады.

Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына жасырса, аяз болады.

Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.

V. Қорыту

Ойын«Әдебиет лотос». Әр оқушы сызбаны толтырады.

 

Авторы

Шығарманың аты

Кейіпкер

Оқиғаның негізгі түйіні

Шығармада басты шешімді кім жасады?

Оқиға қалай аяқталды?

Өз ойың

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:

1. Мәтінді оқып,мазмұнын айту. 2. Жылқы туралы өлең жазу, сурет салу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Туған жердің ыстығы-ай! Қали Сапарбаев
З.Шүкіров. Арпалыс.
«Қыс» Міржақып Дулатов.
Абай Құнанбаев «Қыс»
С.Көбеев. Түлкі мен қырғауыл
Аққала- ақбала М.Мақатаев.
Әліппенің атасы.
Міржақып Дулатов Қыс
Қысқы ауа райы
Қыс
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7702 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык