Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Міржақып Дулатов Қыс


Міржақып Дулатов Қыс

Міржақып Дулатов Қыс

Сабақтың  тақырыбы: Міржақып Дулатов Қыс

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, мәтін    мазмұнын ашу,  кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере отырып, өз көзқарасын білдіре білуге үйрету.

Тәрбиелігі: табиғатты қорғап, оған қамқор бола білуге,  достыққа адал болуға, жаман  әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын молайту.

Сабақтың көрнекілігі: сурет, слайд, үлестірме  қағаздар.

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап, ой қозғау,  түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: дүниетану,  қазақ тілі,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылар назарын сабаққа аудару.   

ә) Психологиялық дайындық

Қайырлы күн достым!

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбі күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

ІІ. Үй жұмысы:

б) Тест жұмысын тексеру

в) Отан, туған ел туралы өлеңдер айту

ІІІ.  Өткенді пысықтау:

1. Балалар, біз өткенде қандай тараумен таныстық?

  -Неткен сұлу , неткен көркем , осы менің туған өлкем.

2. Ол тарау не туралы айтылған ?

-Бұл тарауда отан , туған жер туралы айтылған.

3. Қандай ақын – жазушылардың  шығармаларымен таныстық?

-Жүсіпбек  Аймауытовтың «Қартқожаның  туған жері»

- Жақан  Смақовтың «Отан»

-Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы»

-Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем»

ІV.  Ой қозғау:

1) Оқушыларға   слайдтар арқылы  суреттер көрсету.

V. Жаңа сабақ:

1) Сөзжұмбақты шешу  үшін жұмбақтардың жауабын дұрыс табу керек.

Жұмбақтар

1. Қыста ғана болады,

    Ұстасаң қолың тоңады.         (қар)

2. Есіктен  кіреді еңкейіп,

    Төрге шығады   қампайып.      (аяз)

3. Отқа жанбас , суға батпас.      (мұз)

 

 

а

 

 

 

я

 

 

 

з

 

2)   Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді  дұрыс оқыңдар.

Мұ – ұз        Қа – ар

-Көз алдыңа не елестеді?

Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы  қандай болмақ  деп

ойлайсыңдар?

Қыс

Сабағымыздың мақсатын айқындап алсақ ?

-  Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгеріс болады?

-  Қыс мезгілінде қандай қызықтар бар?

-  Қыс мезгіліндегі тіршілік ?

Қыс мезгілі туралы әңгіме  айтуға  Міржақып   Дулатовтың төмендегі әңгімесі көмегін тигізеді.

 Міржақып Дулатов   туралы түсінік беру.

 Міржақып Дулатов   (1885-1935)  Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Қызылбел ауылында дүниеге келді. Алаш  қозғалысының 

қайраткері,  қазақ    ақыны,  жазушы.  «Оян, қазақ! » атты кітабын жазған,  «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы)

 Бүгін  біз Міржақып Дулатовтың «Қыс» әңгімесімен танысамыз.

 «Қыс» мәтінімен жұмыс

Мәтінді оқушыларға дауыстап оқып беру. Мағынасын түсіндіру.

Түсіндірілетін сөздік  пен  жұмыс

Бапсыз – жайсыз

Бек қиын – өте қиын

Жалтаң аяз – үскірік , суық аяз

Қарыған – үсіткен

VI.  Сергіту сәті

Балалар,  қазір біздің алдымызда бөгеттер тұр екен. 

Осы бөгеттерден өтсек, қызықты «Қыс еліне» келеміз. Қыс еліне баруға өз үлесімізді қосамыз ба? 

1. «Қалың қар» бөгеті. Суретпен жұмыс:

1 Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?

2 Адамдар суықтан қалай қорғанады?

3 Сен қыста қалай киінесің?

 (қыста  күн суық болады . Қар жауады , боран соғады.  Қыста адамдар жылы киім киеді.)

 2. «Қарлы бұрқасын» бөгеті

Мына әріптер ұшып барады.

Бұл әріптерден сөз құрастырып, сол сөзбен сөйлем құрауымыз керек. Қане, жинап алайық.

Шана, боран, мұз.

3. «Мұздық» бөгеті

 

Берілген ұйқас бойынша өлең шығару.

… балалар,

… тебейік.

… жауып тұр,

… көрейік.

VII.  Қорытынды

Үш бөгеттен өтіп, қызықты «Қыс еліне» де келдік.

1. Жыл мезгілдерін ата. Қазір қай мезгіл?

2. Қыс айларын ата.

3. Қысқы ойындарды ата.

4. Қыс мезгілі тағы нелерге  жайсыз  тиеді?

5. Мәтінге сүйеніп, жылқышының еңбегі туралы әңгімеле?

VIII. Бағалау 

Оқушылардың сабаққа қатынасы бойынша  бағалау

IX. Үй жұмысы

Мәтінді  түсініп оқу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қыс» Міржақып Дулатов.
Міржақып Дулатов «Шілде»
Қыс қызығы
Қайталау
Міржақып Дулатов «Қыс»
М Дулатұлы
Қысқы ауа райы
Бірлігі жарасқан халықпыз
М. Дулатов «Қыс».
Міржақып Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3385 | Қосты: Назарбаева Фариза | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык