Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақылды көмекші


Ақылды көмекші

Сабақтың  тақырыбы: Ақылды көмекші

Сабақтың  мақсаты:
1. Оқушыларды «Ақылды көмекші»  атты әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру, жеткізу.  Компьютер туралы білімдерін толықтыру;
2. Танымдылық  тапсырмалар  беру арқылы өз ойларын толық жеткізуге,  жүйелі сөйлеуге, ізденуге, жеке,  топта жұмыс жасауға  дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін, тіл байлығын  дамыту.
3.Компьютерді  күнделікті өмірде пайдалана білуге баулу. Ұйымшылдыққа, достыққа, тазалықты сақтауға, мәдениеттілікке тәрбиелеу. 
Сабақтыңәдісі: баяндау, топтық жұмыс, сұрақ – жауап,топтастыру, талдау, жинақтау; 
Сабақтың типі:  аралас сабақ 
Пәнаралық байланыс:  дүниетану
Көрнекілігі: слайдтар, тапсырмалар, жұмбақтар, компьютер суреті
Сабақтыңбарысы: 
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түстер бойынша  топқа  бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Тест тапсырмалары жазылған парақ әр оқушыға таратылады. Сол бойынша  оқушы дұрыс жауапты тауып белгілейді. /слайдтан сұрақтар  қосымша  көрсетіліп  тұрады./
Оқушылар бір –бірін тексереді . /дұрыс жауап парағы таратылады, слайдтан көрсетіліп тұрады/
ІІІ. Қызығушылықты ояту
Ой  қозғау  стратегиясы. 
-Балалар  талап  туралы  айтып   жатырмыз. Талапты баланың дарынын, қабілетін , өнерін әрі қарай дамытуына  не  көмектеседі деп ойлайсыздар? 
/ Білімі, еңбекқорлығы, ұстазы, ата-анасы , компьютер, қызығушылығы т.б. өз ойларын айтады/
Жақсы балалар жауаптардың барлығы  да  дұрыс. Сіздер айтқан компьютер де баланың талабының, яғни өнерінің дамуына  өз үлесін  қоса алады екен. Ал қазір мына  жұмбақты шешу арқылы да  біле аламыз, немесе толықтыра аламыз, 
 Жұмбақ
Өзі жазады, өзі сурет салады
Сенімен де ойнай алады,
Қане, шешуін кім табады? (Компьютер)
Балалар, ендеше біз бүгінгі сабағымызда   қазіргі заманауи құрылғылардың бірі,  компьютер жайлы әңгімелейміз.
Компьютер туралы не білеміз, қандай пайдасы бар, қалай  қолданамыз? /өмірмен байланыстырып айтады/ 
ІҮ. Жаңа сабақ 
Дәптерге  күн ретін, сабақ тақырыбын жазады. Ақылды  көмекші 
Мәтінді  толық мазмұндап айтып беремін. 
Ү. Мәтінмен  жұмыс:
Оқушылар іштей оқиды, тізбектей  оқиды. 
Таныс емес сөздер кездессе  түртіп алады, белгілейді.
ҮІ. Сөздікпен жұмыс:
Касса-билет сататын арнайы орын
ЭЕМ- электронды есептеуіш машина 
Сирена- дабыл, белгі
Компьютер- ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал
ҮІІ. Мәтін  бойынша сұрақтар  қойылады. Оқушылар жауап береді.
-Айгүл әкесімен әуежайға не үшін барды?
-әуежай радиосы жолаушыларға нені ескертті?
-Оларнеліктен билет ала алмады?
-Айгүлдіңсұрақтарынакімжауапберді?
-Айгүл Сирена туралы не білді?
-Тапқышбекке қандай уәде берді?
Сергіту  сәті: Компьютермен жұмыс кезінде жасалатын жаттығулар
-Балалар біз компьютердің алдында ұзақ уақыт бойы отырғанна шаршап қаламыз. Сол кезде жасалатын жаттығулардың бірін қазір біз барлығымыз бірге жасап көрейік. 
Орнымыздан тұрамыз. Аяқты иық көлемінде  қоямыз. 
1.Басымызды сағат тілінің бағытымен оңға 5 рет, солға 5 рет айналдырамыз.
2.Басымызды оңға, солға  қисайтамыз.
3.Екі қолымызды иығымызға қойып, алға 5 рет, артқа 5 рет айналдырамыз. 
4.Көзімізді сағат тілінің бағытымен оңға , солға айналдырамыз. 
5. Қолымызды алға созамыз, ашып-жұмамыз, жай және тез-тез-тез. 
Топтық  жұмыс:
Жақсы балалар, әрі қарай сіздерге топтық тапсырма  беремін. 
І топ: Компьютердің пайдасы туралы жазады, қорғайды.
ІІ топ: Компьютердің зияны  туралы жазады, қорғайды.
ІІІ топ: Ақылды көмекшіні рөлдік ойын бойынша сахналап береді. /автор, Айгүл, әкесі, Тапқышбек/
ІҮ топ: «Менің көмекшім» эссе, өз ойларын жазады. 
Әр топ  өз жұмысын  қорғайды. Слайдпен салыстырып бекітеміз.
ҮІІІ. Қорытынды: 
Балалар  Тапқышбектің айтқаны орындалды ма? 
-Иә , қазіргі кезде біздің барлық халыққа  қызмет көрсету, тұтыну  орындарының барлығы  электронды қызмет көрсету түрімен  жабдықталған. Яғни компьютердің барлық салада да бар екенін көріп жүрміз. Сол ойымызды  мына сызба бойынша топтастырайық. Слайдтан көрсетіліп, орындалады. 
Бағалау : Оқушылардың сабаққа  қатысымына  қарай  бағаланады. 
Үйге  тапсырма:  Мәтінді оқып , мазмұнын айту. 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Компьютердің қосымша құрылғылары
Компьютердің программалық жабдығы
Теннистік допты нысанаға және алыс қашықтыққа лақтыру
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Компьютер.
60 м жүгіру
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
«Компьютердің пайдасы мен зияны»
Ойын техникасы
Екпін алып ұзындыққа секіру
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3394 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык