Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Адамгершілік - асыл қасиет


Адамгершілік - асыл қасиет

Адамгершілік - асыл қасиет

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Барысы:Адамгершілік – парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш. 
Адамгершіліктің қас жауы тоғышарлық, азғындық. 
Кіріспе сөз: Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. 
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді. 
Шығыстың ұлы ғалымы әл-фараби: жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп – нормаларын білесіздер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Адамгершілік бастауы неде?1-оқушы Аяжан:
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімінің шыққанын көрсе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2-оқушы Жансая Оразалиева:
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет. 
Сөз кезегін «Ана өсиеті» өленімен ортаға Жансая С. шақырамыз.
Ана айтты бір өсиет баласына,
Бір жолдың шығарып сап саласына, 
Ей балам шамаң келсе жақсылық ет,
Ақпейіл азаматтың арасына.
Егер де жол үстінде тікен жатса
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбей – ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмасты босқа, бекер,
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы ұлт дәстүр жасап
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер.
Міне, балалар, адамгершіліктің асыл қасиеттері өте көп, алуан түрлі, дегенмен солардың ең ішіндегі маңыздысы – аманат. 
Маржан сөздер сыр шертеді (адамгершілік, ар-ұят, тәрбие туралы)
1-оқушы Аяжан:
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, ұстаздан болады.
Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе!
 
 
2-оқушы Нұрсұлтан:
Жақсы адам жолдасынан белгілі 
Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады
3-оқушы Дарын:                                                                      4-оқушы Асылжан:
Бітер  істің басына,                                     Сыйға сый, сыраға бал.
Жақсы келер қасыңа.                                Ұлың өссе 
Жақсы адам – елдің ырыс,                        Ұлы үлгілімен ауылдас бол.
Жақсы сөз – жанның тынысы.             Қызың өссе, Қызы үлгілімен ауылдас бол.
5-оқушы Дана:                                                                            7-оқушы Нұржігіт:
Ұят жүрген жерде                                      Ар қайда болса, 
Абырой төгілмейді                                    Ұят сонда.
Абырой бар жерде                                     Әдептің не екенін 
Ар шапан сөгілмейді.                               Әдепсіз адамды көргенде ұғынарсың.
6-оқушы Жансая:                                                             Аға әдепті болса, іні әдепті.
Әдепсіз бала                                               Әпке әдепті болса, сіңлі әдепті.
Ауыздықсыз атпен тең.                            Әдептілік, ар ,ұят – адамдықтың белгісі.
Әдепті бала 
Жазып қойған хатпен тең.
 
Келесі кезекті көрініске береміз.
 
«Байлық, бақыт, адамгершілік»
 
Автор, Шерхан: ерте заманда Байлық, Бақыт, Адамгершілік үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық, Аружан: Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ (кеудесін қағады).
Бақыт, Сәнім: Мен бақпын, кімнің басына қонсам,соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін. Ақ дегенім – алғыс, қара дегенім – қарғыс дөкей етемін.
Адамгершілік, Дулат: О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Бірақ, мен бірер итжейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен ақылмын, сондықтан, бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтармаймын. Үшеуіміз де адам баласына қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.
Автор,Шерхан:Сөйтіп, үшеуі Данышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан:
Данышпан, Мейрамбек: Өмірдің өзі сабақ. «Байлық – бір жұттық», «Бақыт – баянсыз». Ақыл бар жерде адамгершілік те , байлық та, бақыт та, бір ынтымақта түгел болады т.с.с. 
Міне балалар, ақылмен, адамгершілікпен брін ойдағыдай басқаруға, атқаруға болады. Олардың еңбек деген сүйеніш, тіреуі, тұтқасы бар. Сондықтан да, ақылды, адамгершілігі мол адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады екен.     
 
Ал келесі кезекті Мақалға береміз, яғни адамгершілік, ақыл, білім туралы.
1-оқушы Сәнім:Ата – ананың ақылы сарқылматын көлмен тең.
2-оқушы Ғизат: Ақыл – тозбайтын тон
Білім таусылмайтын кен.
3-оқушы Аружан: Баймын деп мақтанба, жарлық бар.
   Көппін деп сұқтанба, жалғыздық бар.
4-оқушы Дулат: Ақыл – байлық – азбас байлық
Ақылың болса, арыңды сақта
Ар-ұят керек әр уақытта.
5-оқушы Шерхан: Адамгершіліксіз адам айқайлай келеді,
Жан-жағын жайпай келеді.
Адамгершілікті адам жай-жай келеді,
Жан-жағын байқай келеді.
 
6-оқушы Жансая: Әдеп сақта әланда,
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады саған да.
Ынтымаққа қосыл да,
Ықылас қой досыңа
Ар, мақсатың нақ болсын
Ақылыңнан тосылма.
Ендігі кезекті балалар пікір алмасуға берейік.
Адамгерлішік неден басталады – айналасынан басталады. 
 
Балалар, біз сырына қанық емес, түбі терең, тәрбиелі сөздердің, әдет-ғұрыптардың, адамгершілік қасиеттердің небір кәусар бұлағымен сусындадық.
 
Сөз кезегін халқымыздың ұлағатты, тәрбиелі, мәні зормаржан сөздері, өсиет өнегесін рухани азық етіп, жас ұрпақты бүгінгі тығырықтан алып шығуға болатын құпия хаттарға жауап береміз. Хаттың текстісі мынадай. 
1-хат.Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар, өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? (Нұржігіт)
2-хат:Құрметті достар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып бөсіп мақтанады. Мен оны ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? (Дана)
 
Жағдаяттар:
1) Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келейді. Тіпті «оны мазақтаңдар» деп үгіттейді. Ал сен не істер едің? (Жансая С.)
2) Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне «сабаққа дайындаламын» деп кетіп, ал шындығында олар би кешіне кетті. Егер шешең сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің? (Асылжан)
3) Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік. Сен оны үбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай, екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің? (Көркем)
Қандай да болмасын жағдаяттық жағдайларды шешсек те әділ, дұрыс шешім қабылдай білуіміз қажет және адамгершілік қасиеттерімізді де жоймай, бағалай білуіміз керек.
1-оқушы Көркемай: Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:
1. Амандасу
2. Үлкенді құрметтеу
3. Тілін сыйлау
4. Отанын қорғау
5. Дінін сатпау
2-оқушы Жансая: Адамгершілік академиясына тоқталады:
1. «Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ» (Сайф Саран)
2. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» (Абай)
3. «Арыңды сатпа, теріңді сат, адалдықты ізде» (Шәкәрім)
4. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» (Әл-Фараби)
Қорыту: Адамгершілік қасиет – жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін, – демекші расында, адамгершілік бір күнде немесе біраз уақытта пайда болатын нәрсе емес, ол күнделікті көруден, көре жүріп үйренуден пайда болатын асыл қасиет деп тәрбие сағатын аяқтаймыз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Әдептілік-әдемілік
Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол
Адамгершілік – асыл қасиет
Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 18941 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык