Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әдептілік-әдемілік


Әдептілік-әдемілік

 

Әдептілік-әдемілік

Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік»

Мақсаты:

1.Оқушылардың бойына адамгершілік, рухани қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, қайырымдылық асыл қасиеттерді игеруге, әдепті болуғаүйрету.

Саналы азамат болуға тәрбиелеу.

2. Жақсы қасиеттерді өз бойына сіңірту .

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: «А.Құнанабаевтың » шиырмасы, мақал-мәтел, нақыл сөздері.

   .                 Сабақтың өту барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі

І.Әнұранды орындау.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгін біз  «Әдептілік-әдемілік» тақырыбында ой қозғап, әңгімелесеміз..

І.Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны тану.

Адам бойындағы жақсы қасиеттер рухтан туындайды. Ал жаман қасиеттер іштерлық, жаман қасиеттерден болады.Адамның ішкі сұлулығы – жүрегі, ар-ұят, қайрат, адамгершілік осы қасиеттер жүректің тазалығынан қалыптасады.

             Абайдың  қара сөздерін тыңдау.

  • Үлкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының өмірінде үлкенді сыйлау үлттік дәстүрге айналған.Халқымыздың ежелдне келе жатқан әдет-ғұрпы бойынша кісіні сыйлау, құрметтеуәрібір адамның парызы болып саналған. Енді халық даналарының асыл сөздеріне назар аударайық.

«Жақсының өзі-кіші, бойы- биік»

                                          Жамбыл Жабаев

«Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі»

                                  Мұхтар Әуезов

«Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та қонбайды»

                        Ж.Баласағұн

 

ІІІ.Толғаныс.

Күн ашылды,

Даламдай кең пейіл,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың

Бәрінен артық шуағың.

(Өлеңнің мазмұнын ашу)

Үйге:   Адамгершілік- үлкен байлық.

Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік»

 

Мақсаты: Оқушыларды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, әдепті, тәртіпті оқушы болуға үйрету.

Көрнекілігі: әдептілікке байланысты суреттер, А.Құнанбаевтың портреті.

І Қызығушылықты  ояту.

Ел президенті Н. Назарбаевтың үкімет алдына қойған сегіз нақты тапсырмасының бірі, «Салауатты өмір салтын құру» болатын.

Егемен еліміздің келешек ұрпағын білімді, мәдениетті отаншыл, еңбекшіл етіп өсуі, тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.

Қазақ елінің келешегі 2030 стратегиясын жүзеге асыратын сендерде ел үмітін ақтайтын, «Елім үшін жері үшін, Отан ана сендер  үшін!» деп аталар ісін жалғастыратын ұрпақ болатындарыңа сенеміз!

ІІ. Мағынаны тану.

   Әдептілік – бұлақтай.

Тазалығы арыңның.

Өлшемі ол сыныптай

Бойындағы барыңның.

Тәрбиенің асқары.

Абай атам табынған.

Әдептілік бастауы –

Бес алыс боп табылған.

Ұлттық тәрбие - кешегі өткен қариялардан, ғұлама, ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілердің мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Тәрбие тамыры халық қазынасында.

Көрініс.

Ортада дастархан, қарт ата мен әже шығады.

Әжесі: Серікжан – ау, Серікжан! Бері келші, балам!

Немересі шығады.

Атасы: Отыр, балам. Мына әжең екеуміздің саған өсиет етер сөзіміз бар.  Атамыз  қазақ «Әдепті бала – арлы бала» деп жатады. Қазақ халқы баланы «тек» деп өсірген. Үлкенді сыйла, әдепті бол, жаман әдеттен аулақ бол дегені.

Әжесі: Жаман әдетке тыйым керек, балам. Ол дегеніміз....

Атасы: Деніңе қарсы келме,

Досыңды өкпелетпе.

Дөрекі сөйлеме,

Дәмге түкірме,

Дастарханды аттама, баспа.

Әжесі: Ерді сыйла,

Еліңді  ұмытпа.

Еріншек болма, балам.

Есікті қатты жаппа,

Етпетіңнен жатпа.

Атасы: зорлықшыл болма,

Иесіз үйге кірме7

Инені тістеме.

Бүйіріңді таянба.

Жалғыз ағашты кеспе.

Таңдайыңды қақпа.

Әжесі: Қолыңды төбеңе қойма,

Пышақтың жүзін жалама.

Ақты жерге төкпе,

Бөркіңді теуіп ойнама.

Бейітке қарап қолыңды шошайтпа.

Бейуақытта жылама,

Басыңды еш шайқама.

Атасы: Жасқаншақ жасық болма,

Кінәмшіл болма.

Кісі мініне күлме.

Әжесі: Сабырлы, салмақты бол,

Білімді, ойлы бол, балам.

Ата – анаңды сыйла,

Әдепті боп өс, балам.

ІІІ. Толғаныс.

Балалар, атамыз қазақ «Баланы жастан» деп бала  тәрбиесіне қылығына жас кезінен көңіл бөлген. Ұлы ғұламалар да тәрбиелік, шыншылдық, еңбексүйгіштік бала кезден бойға сіңетін қасиет дейді. Қатты тәртіп көрсе бала күнінде өнерімен қуантады түбінде» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай келешектерін жарқын болсын.

Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік»

Мақсаты:

1Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, өзін –өзі ортада ұстай білу қасиеттерін игерту.

2.Әдептілікке  үйрету.

Көрнекілігі: «Күлімдеген күн» ,«түнрген бұлт» нақыл сөздер.

«Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді».

Сабақтың барысы:

Кіріспе: Бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де адамдардың жүріс –тұрыстары да жинақы, ретті барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы –жаман.

    Адамның ішкі сұлулығы-адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббаты, ар-ұят қайрат мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды.

   Ендеше, балалар бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.

І. Қызығушылықты ояту

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталар.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

ІІ. Мағынаны тану

  

-Қане, бәріміз тақтаға қарайық жарық күн көлейгейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың бәріне теңесек, біз үшін бетіндегі бұлттарды ашайық.

   -Сонымен балалар, Адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұрады. «Әдептілік деген сөз»

Әдептілік дегенің-

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің-

Әуре сарсаң әлегің.

 

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйеніш,

Төмендеп басы кетеді.

 

   «Сұлулық адам баласының жан дүниесіндегі ұдайы қайталанып отыратын жақсы қасиет»

Қорытынды:

Күн ашылды,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Мен үшін жоқ уағым.

Бәріне ортақ шуағың.

ІІІ.Толғаныс

   Осы жарқыраған күндей мейірімді, жан шуақты, көңілдірек ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгіннен бастап жаман әдетпен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңдар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әдептілік - әдемілік.
Мен әдепті баламын.
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Әдептілік – тәрбие бастауы
Адамгершілік -асыл қасиет
Әдептілік -әдемілік
Әдептен озбайық
Адамгершілік – асыл қасиет
Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3780 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык