Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қайталау.



 Қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушылардың сезім мүшелері туралы алған білімдерін қайталап, бекіту.

Дамытушылық: өз ойларын еркін айтуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сайыс сабақ интерактивті тақта, слайд

Түрі: қайталау.

Күтілетін нәтиже:алған білімдері қайталанып, бекітіледі, өзін- өзі реттеу білу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, өзін- өзі бағалау

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.( 1 мин)
  2. Шаттық шеңбері (2 мин)
  3. Сайыс барысы (35 мин)

Бүгінгі сайыстың аты: «Ғажайып жетілік» . Біздің халықта 7 саны қасиетті сан болып саналады, сондықтан сендерге сәттілік тілеймін. Ал 7 санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

7 ата, 7 жұлдыз, 7 күн, 7 қазына, 7 жұт.

Бүгінгі сайыста білімдерімізді жұлдызша арқылы бағалаймыз, кім көп жұлдыз жинаса сол жеңімпаз атанады және сыныптың көшбасшысы болады.

-1-тур: Бәйге.

  1. Табиғат деген не?  
  2. Тірі  табиғатқа нелер жатады ?
  3. Өлі табиғатты ата.
  4. Адамға нелер қажет?
  5. Адам қолымен жасалған заттарды ата.
  6. Өз үйіңнің қасында қандай өлі табиғат заттарын кездестіресің?
  7. Берілген суретте не артық?
  8. Күн, ауа, су бұл қандай табиғат?
  9. Адам, өсімдік, жануар қандай табиғат?
  10. Табиғат адамға не береді?

2-тур: «Ғажайып жетілік»

20

20

20

30

30

30

40

40

40

Бұл кестедегі сандардың артында тапсырмалар берілген.

20- көру мүшесін ата

20- мұрын қандай  сезім мүшесі?

20- дәмді не арқылы білеміз?

30-Бала таза орамалмен көзін сүртіп отыр. Дұрыс па бұрыс па?

30- бала теледидар экранына тым жақын отырып,көріп отыр.

30-сипап сезу мүшені ата.

40- жұмбақты шеш: Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін   (көз)

40- бала төсекте кітап оқып отыр.

40- көз, тіл, мұрын, тері, құлақ қандай мүшелер?

Сергіту сәті (2 мин) музыкамен билеу

3 –тур: көкпар: кім сезім мүшелерінің күту ережелерін айтып береді?

4- тур:Жорға: Жұмбақтарды шешу.

1.Бір таудың екі жағынан

Екі қалқан жабысқан

Жақын барсаң маына,

Сезе қояр дыбыстан (құлақ)

  1. Екі шырақтың ортасында бір өзім. (мұрын)
  2. Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін  (көз).
  3. Жағалай- жағалай тас қойдым. Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)
  4. Күмбір- күмбір қарағым, қартайғанша жарадың (құлақ)
  5. Бірі үлкен, бірі кіші, туысқан бірге бес кісі. (бес саусақ)
  6. Қос шырақ тұр айтшы, ол не екен? (көз)

Қорытынды: жеңімпазды анықтау. Көшбасшыны анықтау.

Рефлексия: сабақ ұнады  ма? Өз көңіл күйлеріңді қалай белгілерідіңдер?  Смайликтер көрсету.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сезім мүшелері.
Құлақ. Мұрын. Көз. Тері. Тіл. Оларды күту ережесі.
Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл- дәм сезу мүшесі
Мұрын. Тыныс алу мүшесі. Өкпе.
Сезім мүшелері Көз, Құлақ . Мұрын
Адамның сезім мүшелері. Құлақ-есту мүшесі. Мұрын-иіс сезу мүшесі
Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
САЯХАТ ОЙЫН САБАҒЫ
Сипап сезу, дәм сезу және иіс сезу мүшелері
Сезім мүшелері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1895 | Қосты: Ержанова Мерует Игиликовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык