Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 8901 |
|
|
|
Қайталау сабақтарын жүргізу әдістері
Тақырыбы: Қайталау сабақтарын жүргізу әдістері
Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту барысында сабақтың әр түрлі типтерін қолданамыз. Сабақты талапқа сай өткізудің бірнеше методикалық әдістері бар. Осы әдістерге сай сабақты мынадай типтерге бөлуге болады:
• Жаңа сабақ
• Білімін жетілдіру
• Қайталау сабағы
• Аралас сабақ
• Бағалау сабағы
Соның ішінде қайталау сабағы оқушының білімін тарау бойынша саралап тексеру үшін және жеке-жеке білімін бағалау үшін қолданылады.
Қайталау сабағын өткізерде алдын ала жоспар жасап, оның мақсатын көрсетіп сол тарауға немесе тақырыпқа негіздеп сұрақтар мен есептер дайындау қажет. Сұрақтар мен есептерді деңгейлік тапсырма түрінде алу қолайлы.
Қайталау сабағында сабақты өтудің бес түрі қолданылады.
• Ауызша сұрақтар
• Өзіндік жұмыс
• Практикалық жұмыс
• Бақылау жұмысы, тест, сынақ алу
• Іскерлік ойындарын ұйымдастыру.
Өткен тақырыпты қайталап, пысықтау кезінде осы өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беру, есептер шығарту, 20-25 минутқа арналған өзіндік жұмыс алынуы тиіс.
Қазіргі уақытта оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру, дамыту барысында түрлі әдістемелік әдістер қолданылады.
Саралап деңгейлеп оқыту әдісі математиканы оқытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс оқушылардың жеке шығармашылықпен жұмыс жасауына және ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Оқу тәрбие үрдісіндегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу білім беру мазмұнымен тығыз байланысты. Саралап деңгейлеу әдісінің ерекшелігі де осында. Оқушының нақты қабілетін анықтап беруге және оның қандай деңгейде білімі бар екенін нақты көрсетіп береді.
Бұнда қайталау сабақтарын ойын арқылы жүргізуді қарастырамын.
Сабақ – әрбір мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе, сабақтың мазмұнын аша түседі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділіктерін арттырады. Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз-оқушылардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады.
Математикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп В.Ф.Сухомлинский айтқанындай ойын ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады.
Мақсаты: Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттырады.
«Бәйге, Қыз қуу,Мен саған, сен маған ,Аққала құрастыру,Балық аулау,Шашу ойындарын қолдануға болады.
Егер математика ,қазақ тілі, ана тілі,дүниетану сабақтарында ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса; уақытты тиімді пайдаланса; тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады.
Ойын элементтерін жиі пайдаланатын болсақ: сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады, оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады,ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
«Бәйге ойыны» ойыны.
Мұнда тақтадағы ұяшықтардың біреуін таңдап,артында жазылған сұрақтарға жауап береді,көп ұпай жинаған оқушы жеңіске жетеді.
«Қыз қуу» ойыны.Бұл ойынды қазақ тілінде де,математика сабағында пайдалануға болады. Қазақ тіліндеЖай сөйлем мен құрмалас сөйлем, Етістік ,Зат есімнің түрлерін қайталау сабақтарында пайдалануға болады.Ойын шарты: Бір қыз бала мен бір ұл бала шығады.Ойынды қыз бала бастайды,ұлбала жалғастырады.Егер ұл бала көп сұраққа жауап беріп қыз баладан озып кетсеонда қызбаланы қуып жеткені.Егер қыз бала көп сұраққа жауап беріп ұл баладанозып кетсе онда ұл баланың жеңілгені болып есептеледі.
«Баскетбол» ойыныОйын шарты: Бір-біріне доп лақтыру арқылы « Зат есімдерді жекеше және көпше түрін» айтады немесе « Бір таңбалы сандарды көбейту, бөлу кезінде қолдануғаболады.
«Балық аулау» ойыны.Балықтардың артында есептер беріледі, сол есептерді дұрысшығарған оқушы балықты алады.
Экологиялық ертегібойынша» Болымды және болымсыз етістікті» қайталау кезінде Ерте-ерте ертедежапан түзде жалғыз терек өсіпті.Ол 50-ден асқан соң қартая бастапты.Кейбір бұтақтары сынып,әр жеріне құрт түсіпті.Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті.-Ух жаным ай, жаным? Енді не қыламын,құрт ауруына шалдықтым деп күні-түнізарлай береді.Оның даусын естіпбір күні көгершін ұшып келеді.Терек ата, ауруыңыз жаман екен.Мен дірігердің кім екенін білмеймін дегенмен іздеп көрейін ,-деп ұша жөнеледі.Сөйтіп көгершін сауысқанға,қырғауылға,бұлбұлға,аққуға келеді.Ең соңында көгершіннің тілегін орындап терекке тоқылдақ келіп көмектеседі.Мұнда әрбір кейіпкерлердің артында тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындау арқылы терекке көмектеседі.
Бауырсақ ертегісі бойынша да өткізуге болады. Мұнда да кейіпкерлердің артында тапсырмалар беріледі сол тапсырмаларды орындайды.
«Аукцион»-іскерлік ойыны. Бұл ойын бір затты сатып алу немесе несие алу арқылы жүзеге асады. Әр топ банктен қажетті мөлшерде несие алып, ойын соңында оны белгелі бір пайызбен қайтаруы тиіс. Ойын барысында сұрақтарға жауап беру арқылы қажетті пайызды жинаулары керек.
«Шашу» ойыны.Ойын шарты: Ойынға 4-6 бала қатысады.Әрбір қағазға тапсырмалар жазыладынемесе есептер, көбейту кестесі де жазылуы мүмкін.Қағаздарды жерге шашыптастаймыз.Ойынға шыққан оқушы қағаздарды алып тапсырмаларға немесесұрақтарға жауап береді.
Қорыта келе:
1. Математика сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі кездегі математиканы терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
2. Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
3. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады.
4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады.
5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |