Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)


Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)

Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)

Сабақтың тақырыбы: Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)

Сабақтың білімділік мақсаты: Қарама – қарсы мағыналық сөздер туралы түсінік беру, тақырыпты меңгерту. Сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Балалардың тіл шеберлігіне деген қызығушылығын және еркін мәнерлі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға халық ауыз әдебиетін насихаттай отырып, ана тілін қадірлей білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, сөздік жұмысы, мақал – әтелдер жазылған плакат, жылжымалы тақта.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтағы пәнаралық байланыс: ана тілі, математика.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. Сұрақ – жауап арқылы пысықтау.
  3. Сөздік жұысын жүргізу. «Сөзден сөз» шығару. Мәндес сөздер табу.

 

Дөң – қырат, өң – көрік, ел – халық, еле – тазала, дөңгеле – айнал, лек – нөпір, ек – отырғызу, кел –

 

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Өткен тақырыпқа байланысты сөз жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа көшу.

Мәндес сөздерді ата?

т

А

я

у

 

Н

ы

с

п

ы

 

қ

а

Т

е

р

 

қ

О

р

л

ы

қ

қ

а

Н

т

 

д

И

д

а

р

 

ж

ы

л

д

а

М

 

                     
  1. жуық
  2. есім
  3. қауіп
  4. азап
  5. шекер
  6. келбет, ажар
  7. тез.

 

2. Көрнекілікті пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөзді қарсы мәндес сөздер немесе антоним деп атаймыз. Мысалы: Жарық – қараңғы, қуаныш – реніш, жылдам – ақырын, жақсы – жаман, арзан – қымбат.

 

3. Дәптермен жұмыс.

 

Қарашаның жиыра бесі

Қарсы мағыналы сөздер (антоним)

 

Ққ       Ққ       Ққ       Ққ       Ққ       Ққ       Ққ       Ққ       Ққ       Ққ

 

4. Жаттығулар орындау.

 

205 – жаттығу (ауызша орындалады)

Күн – түн, еңіс – ор, есік – төр, жарық – қараңғы, ақ – қара, жомарт – сараң, биік – аласа, ұзын – қысқа, адал – арам, бейнет – зейнет.

 

206 – жаттығу (мақалды жатқа жазу)

Жомарт дос көбейтеді,

Сараң мал көбейтеді (оқушылар түсіндіреді)

 

5. «Жалғастыр» ойыны арқылы мақал – мәтелдерді жалғастыру (қарсы мәндес сөздер қою).

 

Дәптерге орындау.

  1. Көз қорқақ, қол ...
  2. Өтірік – қаңбақ, ... – салмақ.
  3. Қорлық өмірден, ерлік ... артық.
  4. Көп ақымақтың ағасы болғанша,

Бір ... інісі бол.

  1. Көп тыңда, ... сөйле.
  2. Білімнің басы – бейнет,

Соңы - ....

(әр оқушы мақал мәнін түсіндіреді).

 

207 – жаттығу

Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,

Жақсылық пен жамандық – болды сегіз. (Абай)

Абай туралы әңгімелесу (балалармен бірге)

  1. Абай кім? Қай жылы өмірге келді?
  2. Қандай өлеңдерін білесіңдер?
  3. Жатқа айт.

 

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

 

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлермін

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.

 

209 – жаттығуды орындау.

 

Мәндес сөздер

Қарсы мәндес сөздер

Өжет, батыл, именшек, тартыншақ, мәлімет, мағлұмат, ақпар.

Қалың – жұқа, терең – таяз, алды – арты.

 

7. Үлестірме қима қағаздары арқылы сабақты пысықтау.

 

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Үйге тапсырма 208 – жаттығу.

Ү. Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қарама- қарсы мағыналы сөздер
Сөз және оның мағынасы
Қарсы мәндес сын есім
Мағыналары қарама-қарсы сөздер
Жалғау
Антоним сөздер
Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Антоним, синоним, омоним
Антоним сөздер
Сөз және оның мағыналары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 121282 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык