Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Антоним сөздер


Антоним сөздер

Антоним сөздер

Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним сөздер дейміз. Мысалы: жақсы - жаман, ескі – жаңа, бар-жоқ.
Мүнда да кемінде екі сөз қатысып, мағыналары бір-біріне қарсы мәндес болуы керек. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, кейі қапа, кейі ырза. Барша жүртты сынадың (С. Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, кейде тұнық, кейде лай, кейде тірі, кейде өлі(1. Жансүгіров). Болысекең кейде паң, кейде муләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ.Мүстафин). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә. Сәрсенбаев). Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйедей көретініңіз қалмаған, мырза (А. Оразалин).
Осындағы сараң — мырза, қапа — ырза, қайғы — шат, тұнық — лай, тірі —өлі, паң —мүләйім, жұмсақ — қатты, береген — сараң, әлділер — әлсіздер, әділет — қиянат, түймедей — түйедей дегендер жағымсыздық пен 
үнамдылыктың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып  тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артык, бірі кем емес, нақ бірдей, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Ойыншылар үшін Вавада казино жаңа ойын автоматтарын жиі жаңартып отырады. Қолданушыларға қолайлы.
Антоним сөздер көбінесе бұрынғы халық ақындарының шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы:

Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз, 
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.

Куәлі істі куә табар, 
Куәсіз істі күмән табар.

Арлы арына қараса, 
Арсыз жеңдім дейді.

Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктерде, зат есімдерде, үстеулерде азды-көпті кездеседі.

1. Кестедегі сөздерге қарама – қарсы мағыналы сөздер қойып жаз.

биік аласа үлкен кіші
жақсы ауыр
жұмсақ қымбат
ерте аз

2. Зат есім антонимдерін бір бағынаға сын есім антонимдерін екінші бағынаға жаз.
Таза-лас, аласа-биік, ақ-қара, кең-тар, дос-дұшпан, ащы-түщі, арлы-арсыз, өтірік-шын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Қарама- қарсы мағыналы сөздер
Сөз және оның мағынасы
Мағыналары қарама-қарсы сөздер
Антонимдер
Антоним, синоним, омоним
АНТОНИМДЕР
«Омоним», «Антоним» тақырыптары бойынша
«Сын есім» тақырыбы бойынша
Антоним сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 70855 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык