Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 8783 |
|
|
|
Қазақтың ұлттық ойындары
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу.Ойын арқылы балалардың адамгершілік,адалдық,әділдік сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру.Ұлттық ойындарды ойнай отырып,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып,салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру.Балалардың тіл байлықтарын арттыру,сөздік қорларын дамыту. Міндеті:Балаларды ұлттық салт-дәстүрге баулу,Балаларды жылдамдыққа баулу. Сөздік жұмыс:Ата,әже,бүркітші,қыз қуу,соқыртеке,т.б. Билингвалдық компонент: Көктем-весна,Народные игры-ұлттық ойындар. Көрнекіліктер: Суреттер. Инклюзивті әлеумет: Белсенділігі төмен балалармен жеке жұмыс.
Іс-әрекет бөлмдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жанұя қатысуы
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері! Бәрі енді тұрайық Үлкен шеңберт құрайық Жақсы,жақсы сөздерді, Қонақтарға сыйлайық . Табиғат біздің анамыз Табиғатқа баламыз Иіліп сәлем береміз Біз әдепті баламыз!
Балалар шаттық шеңберін жасады.
Іздену ұйымдастырушы -Балалар сендер қай Республикада тұрасыңдар? -Балалар сендердің ұлттарың кім? -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің неше айы бар? Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы? -Көктем туралы қандай тақпақтар білесіңдер? Сабина:Қар еріді,су ақты Күндер туды шуақты, Байтақ дала келбеті, Түкті кілем сияқты.
Әсел:
Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді, Бау-бақшада орманда Құстар әні төгілді.
-Жарайсыңдар балалар! -Балалар көктем мезгілінің табиғаты тамаша,Саяхатқа барғыларың келедіме? Олай болса,балалар ата,әжеміздің ауылына қонаққа барайық. «Ата,әже ауылына қонаққа бару» Сәлемдесу. Ата,Әже:-Балалар сендер қайдан кележатырсыңдар? -Балабақшада қандай ойындар ойнайсыңдар? -Балалар сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме? Ата: Қазақтың ұлттық ойындары бірнеше түрге бөлінеді. Олар: Аңға байланысты,малға байланысты,заттармен ойналатын ойындар Олай болса,сендердің ұлттық ойындарыңды тамашалайын. –Балалар сендер әдептілік туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?
Аслан: Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала
1.Ойын: «Бүркітші»
Шарты: Екі баланы шығарып тақтайшаның үстіндегі тақияны аузымен тістеп алу керек. –Жарайсыңдар балалар! -Балалр сендер қандай жұмбақ білесіңдер?
Аяла:
Арыстан ақырады, Орман жарқырады.
2Ойын: «Соқыртеке»Шарты: Ойыншының көзі байланып,жанындағы адамды тауып алу керек.
-Ал тағы кім жұмбақ біледі? Айткүл:
Мінсең желдей жүйткиді, Көңілің таудай өседі. Алып ұшар алысқа «Ер қанаты»деседі.
3Ойын: «Қыз қуу» Шарты: Атпен қызды қуып жету. –Балалр сендер қандай тыйым сөздерді білесіңдер? Данил: Малды теппе,Ақты төкпе. 4.Ойын: «Арқан тартыс» Шарты: Екі топқа бөлініп арқан тартады. Ата,Әже: Балалар тағы қандай өнерлерің бар? Би: «Қаражорға» Ата,әжемен қоштасу. -Қазақстан Республикасы.
-Қазақ
-Көктем
-Үш айы бар
-Күн жылынады,талдар бүршік жарады.
Рефлексивті түзету. Саяхаттан қайту.Балалар біз қайда бардық? Кімдерді көрдік?Қандай ойындар ойнадық? Балалар сендерге саяхат қызықты болды ма?Балаларды мадақтау, мақтау.Жрайсыңдар балалар! -Ата мен әженің үйіне қонаққа бардық. Ұлттық ойындар ойнадық
Күтілетін нәтижелер:
Не білді: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білі. Не алды: Сұрақтарға жауап бере алды. Не істей алды: Ұлттық ойындарды ойнай алды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |