Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 6873 |
|
|
|
Бұлбұл мен тоқылдақ
Сабақтың тақырыбы: Бұлбұл мен тоқылдақ
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: мысалды мәнерлі түрде оқуға үйрету.
Дамытушылығы: рөлге бөліп оқыта отырып, дұрыс мәнерлеп оқу дағдысын төселдіру.
Тәрбиелілігі:табиғатты сүюге,құстарды қорғауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар,табиғат суреті
Қолданылатын әдістер: әңгімелесу,сұрақ-жауап,проблемалық сұрақтар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ән «Желсіз түнде жарық ай »
2.Үй тапсырмасын сұрау
Азамат атанған күн.(3-4 оқушыдан сұрап өту)Оқушылар сұрақтар қояды.
3.Үй тапсырмасын қорытындылау
Оқушылардың назарын суретке аудару.
- Балалар,сендер суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Жайлауды – Дала неге жасыл болып көрінеді?
- Жайлауда қандай аңдар жүреді екен?
-Қоян,қасқыр…
- Айнала жап-жасыл.Тау да, қыр да,тіпті тау беткейіне тізіле өскен қарағайлар да – бәрі жап-жасыл.Түндіктей болып көрінген аспан ғана көгілдір. Тек,нелердің дыбысы жетіспей тұр?
- Құстар.
- Ол қандай құстар?
- Торғай,сауысқан,қарға …
4.Қызығушылығын ояту.
(Осы кезде тоқылдақтың дыбысы шығады)
- Балалар,бұл қай құстың дыбысы?
- Тоқылдақ.
- Ол не істеп жатыр деп ойлайсыңдар?
- Орман ағаштарын құрт-құмырсқадан тазартады.Тоқылдақ- орман емшісі.
- Ал, мынау ненің дыбысы?
- Бұлбұлдың.
- Бұлбұлдың қандай пайдасы бар?
- Ол- әнші.
(Бұлбұл мен тоқылдақтың суреті шығады.)
Тоқылдақ- Орта Азияда және Қазақстанның Сырдария,Іле,Шу,Қаратал өзендерінің жағасында орналасқан.Ол орманда тіршілік етеді.
Бұлбұл- Европа мен Батыс Сібірде тіршілік етеді.Сонымен бірге Қазақстанның орманды жерлерінде тіршілік етеді.Қыста тропиктік Африкаға кетеді.
5.Жаңа сабақ
- Ендеше, балалар, бүгін біз Ш.Смаханұлының «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалымен танысамыз.
Автордың суреті шығады.
- Сендер бұл автормен алдыңғы сабақтарда таныс болатынсыңдар.Енді авторды білетініміз жөнінде,еске түсіріп көрейік.
Экраннан түрлі-түсті шаршылар шығады. Сол түстің артында берілген сұрақтар бар.
(Түсті таңдаған оқушыға «Сен неге осы түсті таңдадың?» деген сияқты сұрақтар қою.)
1.Ш.Смаханұлы кім? (Ол- атақты сықақшы.)
2.Оның қандай шығармасын білесің?(«Көбелек пен Ебелек», «Тәкаппар».
3.1957 жыл.Қазақстан мұғалімі,Қазақстан пионері газеті,Ара журналында жұмыс істеді.
4.Ш.Смаханұлының атындағы мектеп қай қалада? (Алматы.)
Ш.Смаханұлы Қаз.КСР Жоғ.Кең.Құрмет грамотасымен,медальдармен марапатталды.Оның «Шимайбек пен Шыңтимес», «Қу түлкінің сыбағасы», «Ұры тіс», «Айға ұшамын» өлеңі.
6.Мағынаны тану
Мысалды мәнерлі түрде оқып беру.
Мысалға талдау жасау,сұрақтар қою.
1. Бұлбұл тоқылдаққа не деді?
2.Ал,тоқылдақ не деп жауап берді?
3.Бұлбұлдың тоқылдаққа таққан кінәсі жөнінде не деп ойлайсың?
4.Сен тоқылдақтың орнында болсаң не істер едің?
Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру.
7.Сергіту сәті Ән. «Көктем вальсі»
8.Сөздік жұмыс
Әнші құс – бұлбұл
Орман дәрігері – тоқылдақ
9.Оқулықпен жұмыс
І қатар. 1 оқушы мәнерлеп оқу.
ІІ қатар. Рөлге бөліп оқу.
ІІІ қатар. Сұрақтарға жауап.
Іқ. «Суретшілер» қатары. « Бұлбұл мен тоқылдақ.»
ІІқ. Бұлбұлға хат жазу.
ІІІқ.Көрініс. «Бұлбұл мен тоқылдақ»
10.Қорытынды
«Ақын болар ма екенсің?»
——- келді далаға,
Ұшты олар ——–.
11.Үйге тапсырма беру
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |