Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құстар – біздің қаннаты достарымыз.


Құстар – біздің қаннаты достарымыз.

 

 Құстар – біздің қаннаты достарымыз.

Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсатты: 1)оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту; құстар туралы әңгімелерді, ертегілерді, мысалдарды қайталау;

оқушыларға екі таңбалы санды екі таңбалы санға ауызша, жазбаша қосу және азайту туралы алған білімдерін тиянақтап, пысықтау;

тік төртбұрыштың периметрін табуды қайталау;

екі амалмен шығарылатын есепті пысықтау;

теңдеу шығара білуге дағдыландыру;

үш таңбалы сандар туралы білім, білік дағдыларын тиянақтау.

2) Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, дамыту;

мәнерлеп оқуға машықтандыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

3)Оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын оята отырып, құстарды қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ, интеграциялық сабақ.

Сабақтың әдіс тәсілі: сұрақ – жауап, көрініс, өзіндік жұмыс.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар), құстардың суреттері, мақал-мәтелдер, кітаптар, карточкалар, портреттер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

  • Бүгін бізге қонақтар келіп қапты (слайд). Оларды қарсы алайық:

Аспан ашық, сынып жарық,

Құстар келіп қоныңдар.

Біз сияқты балалармен

Дос болыңдар. (хормен, слайд)

  • Олардың келген себебі, осы аптаның әр күні құстар күні деп аталады.

Құстар – табиғаттың әні, сәні. Қазақстанда 600-ге жуық құстардың түрі бар, солардың 287 түрі «Қызыл кітапқа» еңгізілген.

  • Сондықтан, оларға біз не істеуіміз керек?
  • Бүгінгі сабақ ерекше – бір сабақта ана тілі, математика және дүниетану сабақтарын өткізіп, білімдерімізді тиянақтаймыз.

Сабақтың тақырыбы «Құстар – біздің қанатты достарымыз» (слайд).

Ана тілінен – құстар туралы әңгімелерді, ертегілерді, мысалдарды еске тусіріп, құстардың тапсырмаларын орындаймыз. Тапсырмалары математика пәні бойынша. Дұрыс орындасақ – қамқорлық жасадық деп есептейміз.

  1. Дәптерді ашып, күннің реттін, сынып жұм., дәптердегі сандарды әдемілеп жазамыз.
  2. Қазақ халқы өз ортасынан шыққан ұлдарын сұңқарға теңейді, әншілерін – бұлбұлға, батырларын – бүркітке, сұлуларын – аққуға.(слайд)

Буркіт – қорғауға алынған, саны аз ірі құс. Қазақстанда таулы жерлерде қоныстанады. Қазақ халқы «Аспан перісі, қанаттылар ханы» деп құрметтейді. Біздің туымызда да орын алған.

Аққу – қорғауға алынған, өте сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Аққу 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады.

3.Батыр және сұлу болам десеңдер осы екі құстың тапсырмаларын орындаңдар.(слайд)

II Ауызша:

Жүзд., онд., бірл. атаңдар – 600, 287, 872.

Сандарды атаңдар:

5жүзд. 2онд. 1бірл.

8жүзд. 6онд. 3бірл.

9жүзд. 9онд. 0бірл.

Қосындының мәнін табыңдар: (карточкалар көрсету)

3жүзд.+2онд. + 5бірл.

5жүзд.+3онд.+5бірл.

7жүзд.+7онд.+7бірл.

  • Міне, ұлдар батыр болды, ал қыздар сұлу болды.

III Білімді тиянақтау

  1. Сурет қандай мысалға арналған?(слайд)
  • Авторы кім?(С. Көбеев. Түлкі мен қырғауыл)

Қырғауыл - әдемі құс, салмағы 720 – 1800г. Су қоймаларында тіршілік етеді. Тез ұша алмайды, жылдам жүгіреді.

Қырғауылдың тапсырмасы.(слайд)

Баған түрінде жазып, амалды орында:

25+34       38+42

77-53        60-26

57+26       82-68

16+84       100-32

2) «Кімнің мекені жақсы?»(слайд)

Авторы кім?

Әңгіменің кейіпкерлерін атаңдар?

Құстарды атаңдар?

Тышқанға ұнамаған жер көкқұтанға несімен ұнайды?

Көкқұтан – ірі құс (биіктігі 1м). Су қоймаларында қоныстанады. Бір аяғымен тұрып, жемтігін ұстайды. Наурыздың соңында ұшып келеді де, қазаңға дейін болады.

Көкқұтанның тапсырмасы(слайд)

 

Есеп шығар: Темірлан 36 теңге тұратын ойыншық торғай және одан 28 теңге қымбат тұратын қарлығаш сатып алды.Темірлан ойыншықтарға барлығы қанша теңге төледі?

 

Сергіту сәті (музыка) Орнымыздан тұрайық,

                                        Қанатты белге қояйық.

                                        Бір ұшып, бір қонып

                             Біз демалып алайық.

3) …Құс көзін бір ашып, бір жұмады. Түрі сондай аянышты...(слайд)

 

Осы үзінді қай әңгімеден алынған?

Авторы кім?

Құсқа не болған?

Баланың қылығын қалай бағалайсыңдар?

Көк кептер -  саны аз құс. Салмағы 250-300г. Ескі ағаштарды ұнатады, олардың қуыстарында ұясын салады. Дауысы өзгеше, бір неше рет ту-ту-ту деп дыбыс шығарады. Үлкен жылдамдықпен ұшады.

Жараланған құс көмек сұрайды – тарсырмасы(слайд)

Өзіндік жұмыс:Қабырғалары 2см және 5см тік төртбұрыш сыз және периметрін тап.

4) Көрініс «Бұлбұл мен тоқылдақ»

Бұлбұл - әдемі құстың бірі, әні де күшті. Қалың бұталарда қоныстайды. Ұясы жерде жасырын салынады. 4-5 шұбар жұмыртқасын 12 күнде басып шығарады. Наурыздың басында ұшып келеді, қазанның аяғында ұшып кетеді.

Тоқылдақ - әдемі құс. Оны орман емшісі дейді. Ағашқа жабысып құрт, жәндіктерді теріп жейді. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды. Ал қыстың бір күнінде 150-ден артық қабық жегіш қоңыз ұстайды.

Бұлбұл мен тоқылдақтың тапсырмасы(слайд).

“Бұлбұл мен тоқылдақ”
“Соловей и дятел”

Ертегі ме?  52

Мысал ма? 48

Теңдеуді шеш:

     х + 24 = 49                   76 – х = 28

Оқушының презентациясы (Искакова А. «Құстар»)

Сабақты қорыту:Бүгін сабақта құстарға не істедік?

                                               Слайд (хормен) 

 Құс досымыз, қорғаймыз біз,

 Сүп – сүйкімді өздеріңді сүйеміз біз.

 Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен

 Қанатты туысқанды қолдаймыз біз.

 

Бағалау.

Үйге тапсырма: б. 167, 5 (2)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
Құстар -біздің досымыз
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Қыстайтын құстар
Құстар
Құстар біздің досымыз
Құстар әлемі!
Құстар – біздің досымыз
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2509 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык