Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 3766 |
|
|
|
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,қоғамға , өзі өсетін тіршілік ортасының мүшесі болады.
Бала өсе келе өзі көріп отырған адамдардың іс-әрекетіне,қимылына,ас ішуіне,киінгеніне ,жүріс-тұрысына,сөйлеуіне ,ойнауына ,әңгімелесуіне таңдана қарап әрекет жасайды. Осыған байланысты : « Ұяда не көрсең,ұшқанда соңы ілерсің» - дейді халық.Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы – отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек.Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса,өскенде де сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз.
Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеу өте орынды. Әлі тілі шықпаған балаға : « ананы әкел,мынаны әкел,мынаны апарып қой,есікті аш,ары отыр,тамағыңды іш,ойыншықты жина т.б» деп жұмсағанда нәрсені әкеліп , апарып қоюды қызық көреді және сол әрекеттерді жасауға талпынады.
Мұндай жұмсаулардың бәрі бала ересек болған сайын күрделене беру керек. Осы арқылы сіз баланы еңбекке тәрбиелейсіз.
Тәрбие өте нәзік ,әрі машақаты көп жұмыс. Баланың тәрбиелі ,саналы азамат болғаның әр ата-ана қалайды.Сол тәрбиені беруге қиналады. Кейбір ата-аналар : « Қолым тимейді» , « Өзі-ақ адам болады», « Есейген соң бұл қылықтар қалады» деп те айтып жатады.Әрине бұл қате пікірлер.
Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата-ана ғана саналы тәрбие бере алады. Ол үшін баланың не істеп жүргенін,кіммен ойнайды, қай жерде жүргенін,тапсырманы қалай орындағаны сияқты жұмыстарын қадағалап отырған дұрыс.
Кейбір отбасында барлық жағдайда байыппен,ақылмен шешіледі,ал кейбір отбасында жай әңгіменің өзі ұрыс-керіспен,балаға дауыс көтерумен шешіледі.
Неге десеңіз отбасы – баланың сезім мектебі. Ондағы ересектердің әрбір іс-әрекеті ,сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасының барлығына бала еліктей отырып,бойына сіңіреді. Егер бала ересектер қатынасынан үнемі татулық,достық,жанашырлық, адалдық, өз ара көмекті байқайтын болса, бұл бала жүрегіне адамгершілік, ізгілік сезімдерін құяды. Ал керісінше дау-жанжал, өсек,өтірік,немқұрайдылық, бас пайдасын ойлау, қатыгездік сияқты қасиеттер байқаса бала санасын улайды.
Бала балабақшаға барғанда ,өз жасындағы балалармен бірге ойнайды,сөйлеседі.Бұл жерде тіл алғыш,айтқанды істемейтін,жылауық,сабырлы балалардың ортасында , яғни аралас ортаға барады. Балабақшада осылардың әр түрлігіне мән беріліп , жалпы ортақ тәрбие – адамгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар , шүйіркелесу ,достасу,бірге отыру, тамақтану, бірін-бірі құрметтеу,ұрмау,жылатпау,көмектесу сияқты адамгершілік тәрбиесі беріледі. Осы тәрбиешінің қатысуымен іске алады.
Халқымыз: «Балаңа бес жасқа шейін патшаңдай қара» дегеннің терең мәні дәл осы кезде іске асатының меңзесе керек.
Тәрбиенің түп тамыры – ұлтты қадірлеу ,тілімізді құрметтеу , әдет-ғұрыпты дамыту,ұлтаралық достық қарым-қатынасты нығайту . Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек. «Сәлем – сөздің анасы» дегендей баланы үлкенмен амандасуға ,достарымен амандасуға үйретуіміз керек.
Бала ата-ананың жүрегі , көз қуанышы,жан дауасы. Баласы бақытты болса, ата-анасы да бақытты. Баланың бұғанасы қатып,ер жетіп өскенін, есейіп азамат болғанын, қатарынан кем болмай тіршілік құрғанын, соның қуанышы мен бақытын көруден асқан арман бар ма?!
Сондықтан балаға екі жақтан да тәрбие бере отырып, үлкен жүректі , адамгершілігі мол азамат болып өсуіне атсалысайық
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |