Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Отбасындағы бала тәрбиесі


Отбасындағы бала тәрбиесі

Отбасындағы  бала  тәрбиесі

  Тақырыбы: Отбасындағы  бала  тәрбиесі

Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет .Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады .

Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі . «Отан отбасынан басталады» демекші ,

ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ , алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

Адамгершілік –адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы . Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады . Адамгершілік негізі – имнадылық пен ізеттілікте .Ол әрбір отбасынан басталады . Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке , ізеттілікке ,инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған .Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді , қыз балаларға ибалық жасап жол беруді , жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық , кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие .

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді . Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай , оның мұң –мұқтажын өтерлік , елін, жерін , халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды , отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді .

Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы .Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан –жақты жарасымды тұлға өсіру .

Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады .

Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса , тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет . Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ , оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі , яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді . Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қошаған ортасына , мұғаліміне,ата –анасына , құрбы –құрдастарына , олардың іс –әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты .

Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата –бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр , қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге –өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.

Әке –шешесі жақсы болса , балалары да жақсы тәрбие алып өседі . Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те , соншалықты жиі «жақсы әке –шеше» деген сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз.Әке –шеше болатын адамдар жақсы ата – ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды . Әрине педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксізболып табылады .Адамның қандай да бір іс –әрекетін бағалағанда көбінесе біз белгілі бір нормалар мен идеалдарға сүйенеміз, тәрбие іс –әрекетінде мұндай нормалар жоқ. .. Әйел болуды , күйеу болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке –шеше болуды да үйренеміз. Жақсы әке –шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер, сәтсіздіктер , жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы мүмкін. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады . Және де біздің жүріс –тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі , бірқалыпсыз, кейде қарама –қайшылықта болып келеді . Балалар бір –біріне қаншалықты ұқсамайтын болса , әке мен шеше де бір –біріне соншалқыты ұқсас емес. Баламен қарым –қатынас та терең индивидуалды және бір –біріне ұқсамайтын болып келеді .

Әке-шешенің көбісі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды .Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына , өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды . Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше , осы балаға деген махабаттың жетіспеушілігінен пайда болады .

Баламен үнемі терең психологиялық байланыс орнату –тәрбиенің әмбебап шарты болып табылады . Бұндай байланыс балаға қай жаста болса да керек. Ата –анасымен байланысты білу , сезіну –балаға әке –шеше махаббатын , қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді . Осыған баланы сендіру керек. Тәрбие диалогын қалай құру керек .Оның психологиялық сипаты қандай болу керек. Ондағы басты мақсат –ортақ мақсатқа бірге талпыну , әр түрлі ситуацияларда әке –шеше мен баланың біржақты бағыт ұстануы болып табылады . Бұл көзқарастар мен бағалаудың міндетті түрде бірдей болуы керек деген сөз емес. Көбінесе әке –шеше мен баланың көзқарастары сәйкес келе бермейді . Дегенмен мәселелерді шешуде екі жақ бір бағыт ұстанатын бала әрқашан білуі , түсінуі керек.

Бала әке –шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болу керек. Сондықтан отбасылық өмірге , мақсаттар мен жоспарларға ортақтас болғанда ғана біржақты тәрбие жойылып , маңызды диалог құрыла бастайды .

Диалогтық тәрбиелік қарым –қатынастың ең басты сипаты –бала мен ересектің позицияларын тең деңгейде қоюы болып табылады .

Тәрбие диалогтан басқа өте бір маңызды ереже бар. Әке –шеше мен бала қатынасының бұл жағы психологиялық тілде –баланы қабылдау деп аталады . Қабылдау сөзінің мағынасы –баланың индивидуалды болуына , басқаға және әке –шешесіне ұқсамайтын болуына деген құқығын қабылдау. Баланы қабылдау –баланың өзіне сай ерекшеліктерін , тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын бірдей қабылдай білу . Ең алдымен әке –шешенің баламен қарым –қатынасын бағалауына назар аудару керек. Оның мінезінің ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне жағымсыз баға беруден міндетті түрде бас тарту керек .Өкінішке орай көптеген әке –шешелерде «Өй, миғұла қолыңнан түк келмейді ., басқа балаларға қарашы қандай , а!», «Неге ғана сені өмірге әкелдім екен?» сияқты сөздер әдетке айналып кетті.

Қорытындылай келе , тәрбиедегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу , оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу , оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді

- Отбасында баланың жеке тұлға ретінде қарау;

-Баланың өзін –өзі басқару (финанс, іс –әрекетт.б.)

- Баланың табиғатына сәйкестендіріп , кәсіп таңдауға бағыт –бағдар беру ;

Сонымен жаңа ғасырда , қоғам мүддесіне сай лайықты жан –жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру отбасының , балабақшаның , мектептің , барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Қазіргі таңдағы ұстаз қандай болу керек?
Ата-ана бастауыш сынып баласының үй тапсырмасын орындауына қалай көмектеседі.
Құқықтық тәрбие
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8629 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык