Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білімдінің жұлдызы жарық


Білімдінің жұлдызы жарық

Білімдінің  жұлдызы жарық

Мақсаты:

 Оқушылардың  өсімдіктер  мен  жануарлардың  құрылысы, маңызы,  ерекшеліктері туралы  білімдерін  тереңдету 
Жер бетіндегі  флора  мен  фаунаны қорғауға,  ұқыптылыққа,  татулыққа тәрбиелеу.
Танымдық  ойындар  арқылы  ойлау, сөйлеу  және  есте сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

7 «ә», 7 «г» сыныптарынан  құралған  екі топ:

І топ -  «Зере»

ІІ топ – «Тұңғиық»

ІІ. Сайыстың  кезеңдері

І кезең -  Шығармашылық  жұмыс

ІІ кезең – Өсімдіктерге  метафоралық теңеулер

ІІІ кезең -  Ең,  ең ...

ІҮ кезең  Ұйқасын  тап

Ү кезең – Мақал –сөз  мәйегі

ҮІ кезең  - Аңыздар

ҮІІ кезең  - Терминологиялық сөздік

Сайыстың  барысы: 

І кезең -  «Шығармашылық  жұмыс» - бұл  кезеңде  әр топқа  экологиялық  тақырыптар  беріледі.  Сол  тақырыпты  оқушылар  қорғау  тиіс.

ІІ кезең -  «Өсімдіктерге  байланысты  метафоралық  теңеулер»

Мақта  -  .............................  ( ақ  алтын)

Бидай  - ...............................   ( алтын  дән)

Күріш -  ..............................  (сыр маржаны)

Жүгері  - ..............................  (дала  аруы)

Қызғалдақ - ...........................  (шөл аруы)

Бәйшешек - ............................  (көктем гүлі)

Емен - ..................................  ( ағаш патшасы)

Кактус - ................................ (түн  аруы)

Жүзім - .............................   (оңтүстік  перзенті)

Картоп - ...........................  (екінші  нан)

Итмұрын - ..........................  (шипалы бұта)

Зығыр - ...........................   ( солтүстік  жібегі)

ІІІ кезең  -  «Ең,  ең ...»

І топ

Ең жүйрік  сүтқоректі  - ...........................  (Гепард)
Ең кішкентай  құс - ...................................  (Колибри)
Ең  ірі гүл - ...................................................  (Арнольди  Раффлезиясы)
Ең  суыққа  төзімді құс - ............................     (Пингвин)
Ең  ірі  ескек  аяқты  сүтқоректі  - ................  (Морж)
Ең ірі құс - .......................................................  (түйеқұс)
Ең ірі  құрлықтағы  сүтқоректі - .................................. (піл)

ІІ топ 

Ең ұзын жануар   - ................. (керік)
Ең ірі  су   жануары - ................  (кит)
Ең жылдам  өсетін  өсімдік - .............  (бамбук)
Ең  қырағы  құс - ........................ (бүркіт)
Ең  жуан  ағаш  - ........................ (баобаб)
Ең улы жылан - ........................  (патша  кобрасы)
Ең жылдам  ұшатын  жәндік - .................  (инелік)

ІҮ  кезең  «Ұйқасын  тап»

Бір  текті,  құрылысы  ұқсас  мекені бар,

Әлемде  сан  алуан  хайуанат  бар

Соларды  топтастырып  жүйеге  сал

♠   Ғылымда  өз алдында атайды ..... ( түр)

♠  Түрлерді топтастыру  - ол  да дұрыс .

     Ол  тобын  жануарлардың  не дейді  (туыс)

♠  Бұларды  топтастырмай  тағы  болмас,

    Туыстас  жануарлар  тобы ... (тұқымдас)

♠   Ал сонша  бөліктерге  шын  ие,

    Жіктеудегі  ең ірі  топ - .......  (дүние)

Ү кезең -  «Мақал – сөз  мәйегі»

І топ 

Күте білсең ....  (жер  жомарт)
Құлан  қырдың  көркі  ....  (құндыз судың  көркі)
Ат жақсысын  мақта ...  (адам  жақсысын  жатқа)

ІІ топ

Ақылды  жігіт  атқа мінер ...  (таққа  да мінер)
Не  ексең ...  (соны орасың)
Ексең  егін ...  (ішерсің  тегін)

ҮІ кезең -  «Аңыздар»

І топ

Аңыз  бойынша  Адам  ата мен  Хауа  ана  жәнаттан  қуылған  кезде  күн  суытып  кетіп,  Хауа  ананы  жылыту  үшін  бірнеше қар  кристалдары  гүлге  айналыпты.  Осыдан  бері Гүл  Үміт  символы  болатын  саналған.

Дара  жарнақтылар  класына  жататын, эфемероидты  (ерте  көктемде гүлдейтін) өсімдік.  (Бәйшешек)

ІІ топ

Бұл өсімдік  «1000  аурудың  емі» деп  саналады.  Бұл  өсімдікті жинар  кезде халқымыз  иіліп  сәлем берген.  Түйетабандар  тұқымдасына  жататын  улы  өсімдік.  Халқымыз «пәле жаладан  сақтасын»  деп  үйді  осы  өсімдіктің  түтінімен  аластайды, көз  тимесін деп  іліп қояды.  (Адыраспан)

ҮІІ кезең. «Терминологиялық кезең»

І топ.

Саңырауқұлақтарды  зерттейтін  ғылым  (микология)
Ағзалардың  атқаратын  қызметін  зерттейді  (физиология)
Жасушаның  атқаратын  қызметін  зерттейді  (биологиялық  және  молекулалық  биология)
Өсімдіктерді  зерттейді  (ботаника)
Ядросыз  ағзалар (прокариоттар)
Ауру туғызатын  бактериялармен  адамдардың  жаппай  ауруын  не  деп  атайды?  (эпидемия,( індет))
Жануарлардағы  қоректік  қор  заты (гликоген)

 

ІІ топ

Жасушаларын  құрылысын  зерттейді  (цитология)
Адам ағзасының  құрылысын  зерттейді  (анатомия)
Бактерия  жасушасына  енетін  вирус (батериофаг)
Ядролы  ағзалар  (эукариоттар)
Ағзаның  ауру  қоздырғыштарын  қабылдамайтын  қасиеті  (иммунитет)
Өлі ағзалардың  денесінде  тіршілік  ететін  бактериялар  (сапрофиттер)
Өсімдік  жасушасындағы  қоректік  қор заты  (крахмал)

 

Ойынның  шешуші  сәті  төрешілер  өздеріңізде.  Жеңімпазды  анықтап  марапаттау.  Сонымен  бүгін біз  биология пәні  бойынша  «Білімдінің  жұлдызы  жарық»  сайысын  өткізіп,  ең жақсы  ойын  көрсеткен командаға және  де  ойынды жақсы  бағалап  отырған  әділқазылар  алқасына  да рахметімізді айтамыз. 

Кездескенше жас достар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Биология әлемінде
Көшбасшы-биолог
Ең үздік биолог
Білгір биолог
Өсімдік - өмір сәні, өмір нәрі
Қос жарнақтылар класы. Раушан гүлдер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар
Биология білгірі
Білімді мыңды жығар
Жануарлардың көп түрлілігі ашық сабақ
Квадраттық теңсіздіктерді шешу тәсілдері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2036 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык