Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 10568 |
|
|
|
Бозторғай – дала сәні
Сабақтыңтақырыбы: Бозторғай – дала сәні
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын меңгерту.
Сабақтың міндеттері: а) Әңгіменің мазмұнын түсіндіру.Әңгіменің
идеясын ашып талдауға үйрету. Бозторғайдың
тіршілігі, дене тұрқы, наным - сенімдер туралы
түсінік беру.
ә) Құстарға қатысты халық болжамдары,
дәстүрлерді айта отырып, тілін, ой-қиялын
ұштау. Құстар әлеміне деген қызығушылығын
арттыру, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
б) Табиғаттың жаршысы – құстарды қорғауға,
қамқорлық жасап күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, театрландырылған сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Оқытудың әдісі: көрнекілік, сұрақ – жауап, слайд.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру Жұмбақтар шешу:
Су бетін сызып,
Аққұман жүр жүзіп. (Аққу)
Шүнтиіп қос құлағы,
Түнде көрер қырағы. (Үкі)
Әуеде бір ноқат
Тапжылмай қалқып тұр.
Әдемі бір ырғақ
Аспаннан шалқып тұр. (Бозторғай)
Тоқ – тоқ ағашты ояды
Ондағы құрттарды тауысып қояды. (Тоқылдақ)
Жер көкті кезіп, тамағын табады,
Үйіме үйін балшықтан салады. (Қарлығаш)
Біздің халық ежелден аң- құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, отан үшін
жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі. Соған байланысты қазақтар ұл- қыздарына құстардың аттарын қойған.
- Құстарға теңеп қойған қандай аттарды білесіңдер?
(Тоты, Қарлығаш, Аққу, Бозторғай, Торғай, Бүркіт, Сұңқар, Бұлбұл)
Осы құстардың атына орай біз төрт топқа бөлініп отырайық. ТОптың ережесін еске түсіреді, топ басшысын сайлайды.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. «Құмдағы құпия» әңгіменің мазмұнын сұрау /әр топтан бір оқушы мазұндайды/
2. Сұрақ – жауап мазмұнын толықтырып әңгімелеу
ІІІ Жаңа сабақ
-Ендеше, біз бүгін бозторғайдың тағы қандай қыр - сырлары барын білеміз. «Бозторғай – дала сәні» әңгімесімен танысамыз.
(Күннің жады жазылады)
Марат Бекбосын қазақстандық жазушысы, Абай атындағы ҚҰПУ-нiң “Абайтану” ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкерi, филология ғылымдарының кандидаты.
1) Бозторғайдың сайрап тұрған даусын қосып, мәтін оқылады.
2) Оқулықпен жұмыс:
а) тізбектеп оқыту
в) сұрақ – жауап әңгімелеу:
Қосымша мәліметтер/слайдта көрсетілген/
. Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар
жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
- Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса
жаңбыр жауады.
- Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.
- Жаңбыржауардақарғалар у-да шу болады.
- Құсжүнінүрпитсе,жаңбыржауады.
- Шымшықұясалса, қысқаттыболады.
- Бозторғайәнсалса, күнашықболады.
- Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды
болады деп күткен жөн.
- Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп
ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады.
- Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар
жасаса, күз ұзаққа созылады.
- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
Топтарға тапсырма /слайдта көрсетілген/
-*Мал, аң құстнемесе жәндіктерге байланысты қандай ырымдар білесіңдер?
- *Аңшылық өнерде бозторғайға қатысты қандай ырымдар бар екен?
*«Бозторғай дала сәні» мәтіні мәтіннің қай түріне жатады.
*Сөздікпен жұмыс, құстар күні туралы не айтасыңдар?
(Тауып оқыту)
- Осы ырымдардың мәні неде?
Қазақ халқының дәстүрлі наным-сенімінде, әдет-ғұрпында
киелі жануарлар – жақсылықтың жыршысы, берекенің
бастауы, бақыт әкелуші, ырыс-құттың нышаны деп білген.
Халқымызда Киелі жануарларға құмырсқа, дәуіт, тасбақа, қарлығаш, бүркіт, аққу, тырна, арқар, киік (ақбөкен), төрт түлік мал жатады.
- Балалар, сендер мал, аң, құс, жәндіктерге байланысты тағы қандай наным – сенімдерді білесіңдер?
Дәуіт – құс ұясындағы жазықсыз қызылшақа балапандарды құтқарушы. Үйге дәуіт кірсе, бәріміз қуанып, енді жақсылық болады,бақытты боламыз, отбасымыз аман болады деп айтамыз. Аққу – пәктіктің нышаны.
Қазақ төрт түлік малды қастерлеген. Киелі малды сатқанда, не тарту еткенде жылқының ноқтасын, жүгенін, түйе мен сиырдың бұйдасын, бүркіттің томағасын, иттің қарғы бауын бермей алып қалады.
Сол малдың киесі үйде қалсын, әрі қарай малдың басы өсіп, көбесін.
Қарлығаш – адамның досы.
Төле бидің “Қарлығаш” деп аталуы жөнінде аңыз бар. Аумалы-төкпелі заманда Ташкент маңайындағы қазақтар тұтқиылдан келген жаудан үрке көшкенде Төле би Ақбұрқан жайлауында көшпей отырып қалады. Бір күні жоңғар жаушылары келіп, Төле биге сені хан көшсін деп жатыр дейді. Сонда Төле би айтыпты: “Ата-бабамыздың әдеті бойыша шаңыраққа ұя салған қарлығаш балапандарын ұшырғанша көшпей отыра береді. Мен ол салтты бұза алмаймын. Ханыңа солай айта бар” депті. Хабарды естіген хан ойланып: “Ойпырай-ай, ә, мынасы бір жақсы дәстүр екен, жарайды, тимей-ақ қойыңдар”, — десе керек.
Міне қазір де наным – сенімдерді, дәстүрлерді ұстанып келеміз.
- Бозторғайға, бұлбұлға ұқсап, тамылжыта ән салған әншілерді
атаңдаршы. (Б.Төлегенова, Р.Бағланова, Р,Рымбаева, М.Жүнісова)
- Бозторғай сайрауық болғандықтан Қазақ даласында көбіне ән-
күймен тамырласып жатады.
3)Дәптермен жұмыс:
1. Бозторғайдың жұмыртқалары
2. Бозторғайға қатысты жөн - жоралғы
4) Сергіту сәті:
5) Шығармашылық тапсырма:
Бозторғай тобына Бозторғай туралы бүгінгі сабақтан не білдік?
Қыран тобына: 5 жолды өлең жазу
Қарлығаш тобына : Қарлығаш-әулие сахналау.
Аққу тобына: «Құстар біздің досымыз» немесе
«Қанатты досқа көмегім» жарнама жасау
Төле бидің “Қарлығаш” деп аталуы жөнінде аңыз бар. Аумалы-төкпелі заманда Ташкент маңайындағы қазақтар тұтқиылдан келген жаудан үрке көшкенде Төле би Ақбұрқан жайлауында көшпей отырып қалады. Бір күні жоңғар жаушылары келіп, Төле биге сені хан көшсін деп жатыр дейді. Сонда Төле би айтыпты: “Ата-бабамыздың әдеті бойыша шаңыраққа ұя салған қарлығаш балапандарын ұшырғанша көшпей отыра береді. Мен ол салтты бұза алмаймын. Ханыңа солай айта бар” депті. Хабарды естіген хан ойланып: “Ойпырай-ай, ә, мынасы бір жақсы дәстүр екен, жарайды, тимей-ақ қойыңдар”, — десе керек.
V Қорыту
- Санаулы күннен кейін қандай жыл мезгілі келеді?
- Көктемнің ерекшелігі неде? Сәні неде?
Біріккен ұлттар Ұйымының шешімі бойыншка 1 сәуір – Халықаралық Құстар күні болып белгіленді.
Табиғат Ана, құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш-жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың,осыны ұқ!
Адамзат! Табиғатты аялайық!
ҮІ Бағалау
ҮІІ Үйге: мәтінді оқып мазмұндау, құстардың суреттерін жинақтап
альбом жасау, мәлімет жинақтау. 65 – бет
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |