Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 12321 |
|
|
|
Бурабайға сапар
Сабақтың тақырыбы: Бурабайға сапар.
Сабақ мақсаты:
Мәтінді түсіну; Тыңдаған мәтін бойынша ой бөлісу; Өз ойын еркін жеткізе білу.
Күтілетін нәтижелер:
• Жеке, топтық жұмыс түрлерін орындайды.
• Бейнефильм материалдарын тыңдайды, тақырыбы мен идеясын түсінеді,сұрақтарға жауап береді.
• Шығармашылық жұмыс орындайды.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: белсенді оқыту тәсілдері, сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары.
Сабақ барысы
Оқушыларды сурет арқылытопқа бөлу.
Ой шақыру. Бурабай туралы не білеміз?
Қызығушылықты ояту
«Сұлу Бурабай» тақырыбында бейнефильм көрсету.
Фильм мазмұнына байланысты ой қорыту.
Оқушылар көрген бейнефильмі, өздерінің Көкше өңірі туралы білетіні жайлы айтады.
Сабақтың мақсатын қою. Сабақ ары қарай қалай жалғасуы мүмкін?
Мағынаны тану
Тыңдалым.
«Оқжетпес аңызы» мәтінін тыңдау.
Оқжетпес шыңы туралы қазақ халқының тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов он бестен астам әңгімелер жинаған.
Ал енді әйгілі Оқжетпестің жанында тұрған үш шынарға еріксіз көзіңіз түседі. Оны жергілікті халық «Үш діңгек» деп атап кеткен. «Апалы-сіңлілі үш ару» деген есімі де анда-санда айтылып жүр. Осы туралы бір аңыз бар.
Ертеде Қарауыл ауылдарының бірінде елдің көркі бірақ дұшпандардың көз құрты болып апалы-сіңлілі үш қыз өмір сүріпті. Үшеуі де бірінен бірі өткен хас сұлулардың өзі болады. Орталарындағы жалғыз бауырлары Оқжетпес беті қайтпас батыр болып өседі. Үш апасын қызғыштай қорғап, қамқоршы бола біледі.
Әбден өшіккен жау қапылыста баса-көктеп, елді шауып, үш ару мен бауыры Оқжетпесті қоршауға алады. Төртеуі шегіне атысып, кейін жылжи береді. Бір кезде ту сырттарына қараса, сыңсып тұрған орман, бау-бақша, мөлдір көл, көгілдір тауларды көреді. «Туған жердің мұндай балауса бағын дұшпандарға қалай таптатамыз, өзімізді қалай қорлатамыз?» – деп қайраттанған Оқжетпес пен оның ару қарындастары қатарласып, жауға қарсы тұра қалады да, тіп-тік шыңдарға айналып кетеді.
Жұмбақтас туралы да мұндай аңыз-әңгімелер көп. Хан алдында басына теңдік тимейтінін сезген қалмақ қызы Оқжетпестен көлге құлаған кезде, су астынан қыз сымбаттас тас бейне шашын жайып шыға келеді.
Ал оған Оқжетпес, Үшдіңгек, Бөлектау, Теміртау жан-жағынан қызыға, сұқтана қарап тұр.
Тыңдалым бойынша орындалған тапсырманы сұрақтар арқылы талдау.
- Оқжетпес шыңы туралы қанша аңыз бар екен?
- Оқжетпес шыңының жанындағы шынарды жергілікті халық қалай атап кеткен?
- Апалы-сіңлілі үш ару туралы қандай аңыз бар?
- Жұмбақтас туралы қандай аңыз бар?
Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жұмбақтас.
Жұмбақтас туралы Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау” поэмасында мынадай
шумақтар бар:
Жұмбақтас — бейне арыстан шөгіп жатқан,
Айбатты жалбыр жалын төгіп жатқан.
Маңқиып Оқжетпеске қырын қарап,
Суына Бурабайдың бөгіп жатқан.
Жақын кеп қараған жан аңғал тасқа,
Сүңгіген тұңғиыққа саңғал тасқа.
Қызықты жаратылыс суретіне,
Болмайды қайран қалып, таңқалмасқа.
Оқушылар мәнерлеп оқиды, өлең жолдарын өз сөзімен айтады.
Қысқасы, бұл кереметті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны көзбен көру қажет. Сондықтан Бурабайға сапар шегейік.
Жазылым.
Жұптық жұмыс.
1.Берілген тақырып бойынша сөйлесу құру, дәптерлеріне жазу.
1.Туристік бюроға телефон шалу
2. Теміржол кассасында
3. Ұшақ кассасында
4. Сапар туралы
5. Теміржол бекетінде
6. Анықтама бюросында.
Жеке жұмыс
2. Сөздерді орын тәртібімен жазу. Құрастырылған сөйлемдерді талдау.
1. барамын, үйіне, демалыс, былтыр, барған
2. туристік, таңдаймын, оқимын, жарнамалар, таңдаймын, компания
3. демалыс, үйіне, арзан, барамыз, біз
4. ертең, туристік, барамын, компанияға, беремін, билетке, тапсырыс
5. билет, іздеймін, интернеттен, арзан
6. бар, уақытым, бір-екі, апта, іздеймін, билет
7. сапар, алдында, керекті, бұрын, 1-2 күн, сатып, заттарды, аламын, алып, шабаданға
8. шабаданға, кететін, күні, саламын, кешке, заттарымды
Айтылым. Топтық жұмыс. Әр топ суреттен бір көрікті жерді таңдап алып, топта талқылап презентация жасайды. (презентациялар түрлі формада орындалады, әр топ бірін- бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды) Презентацияны бағалау критерийлері әр топқа ұсынылады. Олар кестені толтыра отырып, бағалайды.
Презентацияны бағалау
Дескрипторлар І топ ІІ топ ІІІ топ
Тақырыптың ашылуы
(max 2)
Мәліметтің толықтығы
(max 1)
Көрнекілігі, дизайны
(max1)
Коммуникациясы
(max 1)
Регламент сақтау
(max 1)
Ой толғау. (Әр топ тыңдау барысында ұнатқан тақырыбы бойынша 5 жолды өлең жазады)
1-жол: зат есім
2-жол: екі сын есім
3-жол: үш етістік
4-жол: төрт сөзден құралған сөйлем
5-жол: бірінші сөзге синоним
Үйге тапсырма. Сабақта алған ақпараттар бойынша ауызша монолог жасау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |