Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біріккен сөздер 38-43 жаттығу


Біріккен сөздер 38-43 жаттығу

Біріккен сөздер 38-43 жаттығу

 

 

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер 38-43 жаттығу

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік : кейбір сөздер бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру. Жер-су аттарын білдіретінін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатынын айту. Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылатынын айту.

ә) Дамытушылық : ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.

б) Тәрбиелілік : оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жарыс  сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, баяндау, 
Пән аралық байланыс: математика, дүниетану, бейнелеу, ана тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Арнау сөз, Ғ.Мұстафиннің портреті, мазмұнды суреттер, плакат, дидактикалық ойындар, т.б.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарын алдыру.

Назарын сабаққа аудару

ІІ. Психологиялық  дайындық  

Күлімдеп күн бүгін, (қолдарын көтереді.)

Қарады маған да! (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да! (қасындағы балаға қарайды)

Сәлем деймін достарға!

Сәлем барша ұстазға!

Тату болып халықтар,

Аман болсын балалар!

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

36 –жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз.

 І-топ                                                                           ІІ-топ

1.Аңдар--------                                        3. Өсімдіктер -------------------

2.Құстар -------                                        4.Жер ,су аттары----------------

Ереже сұрау Хормен оқушыларға оқыту

Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады. Өйткені екі түбірден құралғанымен бір ғана мағынаны береді, бір ғана сұраққа жауап береді.

ІУ Жаңа сабақ

Эпигроф

Білем деме, балам

Білмейтінің көп шығар

Бұл дүниеде сірә,

Бәрін білген жоқ шығар –

дегендей, біздің білгеніміз – бір тоғыз, білмейтініміз – тоқсан тоғыз.

Сондықтан бүгінгі сабағымыздың мақсаты – білімімізді тереңдету, жадымызда сақтап, пайдалана, қолдана білу. Сауатты да әдемі жазу дағдысын қалыптастыру.

Ғабиден Мұстафин қазақтың әйгілі жазушысы ,қоғам қайраткерінің  мына бір арнау сөзіне назар аударайық

Мұстафин Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері

                                         Арнау сөз

«Мұралардың ең қымбаты – сөзСөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады. Күн жылытпас суық көңілді жылытады.  Асылы адам да,  нәрсе де тозады, жоғалады. Ал асыл сөз мәңгі жасайды.»

(Ғ.Мұстафин)

Мұғалім түсіндірмесі :

 Өткен  сабақта біз ертеде  «Сөзстан»  деген    бір  ақсақал өмір сүргенін айттық. Енді осы  ақсақалдың төрт ұлы бар екен. Олардың аттары «Күрделі сөз », «Біріккен сөз », «Қос сөз » «Қысқарған сөз ». Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте, татулықта өмір сүріпті. Балалары да тату болып,

 

 

бір-бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен. Біз бүгін «Күрделі сөз» ақсақалдың «Біріккен сөз» ұлының өмір тарихымен тереңдете танысамыз.

 

Сөзстан

Күрделі сөз

   Қысқарған сөз

 

 

Біріккен сөз

Қос сөз   

Қызығушылықты ояту

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын,жұмбақ шешкенді ұнатамыз ба? Олай болса мені тыңдаңдар.Аудиодыбыс тыңдату.

Тастамайды бір елі

Үйін сүйреп жүреді

/ тасбақа /

2. Сақталар терең олжасы,

Алқымынды бар дорбасы

/бірқазан/

Жұмбақтың шешуін табу арқылы сыныпты «Күрделі сөздер», «Біріккен сөздер»деп екі топқа бөлемін.Жұмбақтың шешуіндегі сөздер қандай сөздер?

Біріккен сөздер.

 Жарайсыңдар балалар,бүгін біз біріккен сөздерге байланысты жаттығуларымызды орындаймыз.Бүгін біздің сыныпта ерекше ашық сабақ өткелі отыр.Сіздерге сәттілі тілеймін.

Олай болса балалар бүгінгі күннің ретін жазып оқулыққа қарайық.

І-топ  38-жаттығу

Мәтінді оқытып,біріккен сөздерді теріп жазу,айтылуы мен жазылуын салыстыру.

Жаркент, халықаралық, Сарыөзек.

Балалар бұл сөздер туралы не білеміз? Оқушы пікірін тыңдау.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

   Жаркент атты екі қала бар. Бірі Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесінде. Бұл көне қалалардың бірі болып саналады. Мұнда 1858 жылы белгілі құлжа сапарында Шоқан Уәлиханов болған.

 

 

 Шекара –дұрыс оқылуы «шекара» емес, «шегара». Бұл жерде үндестік заңына сәйкес «к», «қ» әріптері дауысты дыбыстан кейін жұмсарып кетеді. Шекара – ел мен елдің шектескен аралығы. 

Халықаралық – халықтар арасында, барша халыққа ортақ деген мағынаны береді. Мысалы халықаралық мереке, халықаралық конференция, т.б

ІІ-топ 39 жаттығу  Мәтінше ат қойып, көшіріп жазу. Біріккен сөздерді тауып қалай жасалғанын айту.

 Бурабай көлі

             Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Бұлар Сарыарқаның Көкшетау тауларының аралығында орналасқан ұсақ көлдер тобы. Олар суының тазалығымен, тауларымен, қарағайлы-қайыңды ормандарымен ерекшеленеді

Бурабай көлі туралы видео көрсету .

    Кіші Шабақты            Үлкен Шабақты                        Жұмбақтас                       Оқжетпес

                 

 

Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Ол Бурабайға ерекше көрік береді.

Бурабай курорты, «Оқжетпес» демалыс үйлері орналасқан. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.

 

 

Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.

Ережені түсіндіру,хормен оқушыларға оқыту

 

 

Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады: Сарыөзек, Сарыағаш,Сарыарқа

         

                                                             

 

Біріккен сөздер

                                    

 

 

Құрамына енген                                             Құрамына енген тұлғалары

тұлғалар сақталып                                         сақталмай, кейбірі дыбыстық

отырады. Мысалы:                                         өзгеріске ұшырайды.

Жар+кент,шек+ара                                        Мысалы: Ботагөз, Амангелді

 

Біріккен сөздер

Тұтаса     біріккен

Кіріге    біріккен

Тасбақа

Екібастұз

аққу

ақбөкен

 

Бүгін ( Бұл күн)

Әкел (алып кел)

Өмірзақ (Өмірі ұзақ)

«Аңдатпа»ойыны Балапан бағдарламасынан үзінді, аудио дыбысты  тыңдату.

Тыңдаңыз, тыңдаңыздар! Бүгін балапан арнасынан қандай бағдарлама болтынынеске саламыз.Егер осы бағдарламалардан біріккен сөздерді тауып жатсаңыздар ,қол сғуларыңызды сұраймыз.

8. 00 – Әнұран

8. 20 – Тілашар

9. 15 – Балбұлақ

10. 10 – Баламен бетпе –бет

11. 20 – Толағай

15. 10 –Тұсаукесер

15. 45 – Мультфильм Айжұлдыз

18. 40 Баспасөз - 2014

19. 40 – Еркетай

20. 20 – Алпамыс

21. 05 – телехикая Томпақ

Тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет

 

 

 

 

 

І-топ 40-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазу.Біріккен сөздердің астын сызу.

Көгорай шалғын жерлерден көптеген әдемі көбелектерді көруге болады.Көкөністер адамдардың денсаулығын  сақтап қана қоймай ,сырқаттардың тезірек сауығуына да көмектеседі.Халық аққуды киелі құс деп есептейді .

 

ІІ-топ 42 жаттығу Жұмбақты оқып шешуін табу.

 Аты оның екі үш заттан құралады,

Ұят қой бұл қаланы білмегенің.

Ол берген көмірменен,жылуменен.

Сан қала,өндірістер нұрланады.

Жұмбақтың шешуі: / Екібастұз/

                               Шығармашылық тапсырма

                          І-топ Біріккен құс аттарын тауып жаз.

                           ІІ-топ Біріккен сөзден жасалған қала аттарын жаз.

 

43-ж. Сен білесің бе? Біріккен сөздерді теріп жаз, олардың мағынасын түсіндір.Ауызша орындату.

     

 

    Адамның күтіп-баптауының нәтижесінде көкөністер көп өзгерістерге ұшырады. Сәбіз қызыл түске енді. Оның тамыр-жемісі де мейлінше үлкейді. Жабайы шомырдың жуандығы бұрын егеуқұйрықтың құйрығындай ғана болса, қазір жапон шомыры 30кг тартады. Оны қолға ұстап тұрудың өзі қиын. Алып асқабақтардың салмағы бұдан да асып түседі. Кейбір асқабақтар 100 килограмға дейін жетеді. Жер шарында асқабақтан үлкен көкөніс жоқ.  

Біріккен сөздер : көкөніс, егеуқұйрық, асқабақ, килограмм.

                        

            

Жабайы шомыр – бір  жылдық шөптесін өсімдік. Жаз бойы және күзде гүлдейді. Жабайы шомыр өспеу үшін астық тұқымын тазалайды, егіс алмастырылады, күздік қарабидай егіледі. Жабайы шомыр тұқымы пісіп жетіле бастаған кезде улы болады. Жас жабайы шомырды мал жақсы жейді, оны сүрлемге қосуға болады.

Алып асқабақ

Мұндай да болады екен-ау! Сізге өтірік, бізге шын, Өскеменнің тұрғыны Татьяна Черепанова өзінің саяжайында салмағы сексен келіге, көлемі екі метрге жуықтап қалатын алып асқабақ өсіріпті

      

                                                Кім көп біледі? ойыны           

Жер-су аттары

Жезқазған .....

Кісі аттары

Ботагөз...........

Дене мүшелері

Асқазан .......

 

 

                                                                Өзіндік жұмыс

                                                              Сәйкестендіру тесті

мүйіз

бақан

суық

қазан

көл

барыс

жол

қу

алты

торғай

ақ

қарақшы

жеті

тұмсық

бір

сүйек

ақ

бақа


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер.
Біріккен сөздер .
Біріккен сөздер.
Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздердің емлесі
Біріккен сөздер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4513 | Қосты: Ізбасқанова Алтын | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык