Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ц дыбысы мен әрпі


Ц дыбысы мен әрпі

Ц дыбысы мен әрпі.

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу, жазуға үйрету.

Білімділігі: Ц дыбысы бар сөздерді оқи, жаза білуге дағдыландыру. «Клоунның сыры»  өлеңін мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын түсіндіруге үйрету.
Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Әсемдікті сезіне білуге, туған елін сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ойын арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Дүниетану.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ - топтық, жеке жұмыстар /ойын түрінде/.

Сабақтың көрнекілігі:
1.Электронды оқулық арқылы жұмбақ шешу.
2. Кесте: Ц – дыбысының жазылу емлесі.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

-         Балалар, қазір бізде қандай сабақ?

-         Дұрыс, сауат ашу сабағы.

-         Бұл сабақта сендер не істеп үйрендіңдер?

-         Жазамыз, оқимыз, ертегі айтамыз, жұмбақ шешеміз, мақалдар жаттаймыз.

-         Дұрыс.

-         Сабағымыз жақсы өту үшін барлықтарыңа жақсы көңіл-күй сыйлаймын.

-         Бүгінгі  біздің сабағымыз ерекше болады. Біз сендермен

«Ғажайып елге - саяхатқа» шығамыз. Бірақ жолда аялдамаларға тоқталамыз. Сол аялдамадан сүрінбей өтсеңдер «Ғажайып ел»-дің қандай екенін білесіңдер?

 

1-ші аялдама: «Білімпаз» аялдамасы

«Білімпаз» аялдамасында ауызша сұрақтарға жауап бересіңдер.

-         Дыбыс деген не? /Дыбысты естиміз. Құлақпен естілетін үн./

-         Әріп деген не?  / Әріпті көреміз, жазамыз, айтамыз./

-         Сөйлем дегеніміз не? /Сөйлем тиянақты бір ойды білдіреді./

 

2-ші аялдама: «Кім тапқыр?» ойыны

«Кім тапқыр?» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексереміз. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы  жұмбақ шешу.
Жаңартады киімді,

Тазартады үйіңді.

Жолына да тиімді,

Не дейді бұл бұйымды?  /«Щётка»/

-         Балалар, «Щётка» туралы қандай тақпақ білесіңдер?

-         «Щётка» өлеңін жатқа айтқызу.

-         «Щ» дыбысы бар қандай сөздер білесіңдер?

-          Балалар, «Щ» дыбысы қандай дыбысқа жатады? 

-         Дұрыс – дауыссыз дыбыс.

Бүгін  біз жаңа тақырыппен танысу үшін тақтаға назар салыңдар.
«Ц» дыбысы. 

 

Жұмбақ

Аяғын жерге тірей қалып,

Шеңбер сызды шыр айналып. /«Циркуль»/

 

Жаңа сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Ц» дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу -  «Электрондық оқулықпен жұмыс» .  

Сергіту сәті.

Теңселеді ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үп-үлкен боп өседі.

 

3-ші аялдама:  Оқулықпен жұмыс.

а) Ц дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздермен жұмыс;

ә) Ц дыбысы бар сөздерді хормен оқу;

б) «Цирк» мәтінін оқыту;

 

в) Қадыр Мырза Әлінің «Клоунның сыры» атты өлеңін оқыту. Өлеңнің мазмұнын оқушыларға айтқызу.

Клоунның сыры

Циркте жұрт самсаған

Мәз болса деп жан салам.

Ду күлдірсем оларды,

Қуанамын мен соған.

 

Алфавиттен «Ц» әрпін көрсетіп, жазылу емлесімен таныстыру.

1.     Дәптермен жұмыс.

2.     2 оқушы  тақтада дыбыстық талдау жасайды. Қалған оқушылар 
Дауысты, дауыссыз ажырату: цех сөзінде неше дауысты дыбыс бар /1/: қандай? /е/ ;    неше дауыссыз дыбыс бар /2/, қандай /ц, х /; кеспе әріптерді пайдаланып оқушыға цех сөзін жаздырту.  1 оқушы тақтаға жазады.

Цех – 3 әріп, 3 дыбыс, 1 дауысты, 2 дауыссыз, 1 буын.

ц – қатаң, дауыссыз;

е – жіңішке, дауысты;

х – қатаң, дауыссыз.

-         Неге 1 буын? /Өйткені 1 дауысты дыбыс/

-         Ереже: Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Рефлексия: Балалар бүгінгі сабақта не өттік? Не ұнады?
Оқушыларды жұлдызшамен мадақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Г дыбысы мен әрпі
Өө дыбысы мен әрпі
Үү дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5747 | Қосты: Нуралина Клара Камысбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык