Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Толағай»


«Толағай»

«Толағай»

Тақырыбы: «Толағай»

 Мақсаты: оқушылар мен  ата-аналарға  адам  денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  нақыл сөздер

  1. Спорт- денсаулық кепілі.
  2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
  3. Саулық-байлық негізі

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,  ата-аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық- әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектеп-лицейіміздің 7 «А» сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

 

1-жүргізуші:

Денсаулық-ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

 

 2-жүргізуші:   

Денсаулық-ол күлуің

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

 

 

 

 

   1-жүргізуші:

  Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1. __________________________________________________________________________________________________________________________
  2. __________________________________________________________________________________________________________________________
  3. __________________________________________________________________________________________________________________________
  4. __________________________________________________________________________________________________________________________
  5. __________________________________________________________________________________________________________________________
  6. __________________________________________________________________________________________________________________________
  7. __________________________________________________________________________________________________________________________

 

   1-жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.       

     2-жүргізуші:   

   Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

  1-жүргізуші:  Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды  спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!

   2-жүргізуші:   

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

   1-жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз

                                                болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

 

2-жүргізуші:   

  Бүгінгі спорттық сайыс _____ кезеңнен тұрады.

  1. ____________________________________________
  2. ____________________________________________
  3. ____________________________________________
  4. ____________________________________________
  5. ____________________________________________
  6. ____________________________________________
  7. ____________________________________________

 

   1-жүргізуші: Сайысқа арнайы _____ отбасы қатысады.  

Ал, енді І «Таныстыру»  кезеңін бастайық!

(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)

  Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.

1____________________________________________ отбасы

2____________________________________________ отбасы

3____________________________________________ отбасы

4____________________________________________ отбасы

5____________________________________________ отбасы

6____________________________________________ отбасы

7____________________________________________ отбасы

 

  2-жүргізуші: ІІ кезең: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.

   І тур: «Кім жылдам?»

(анасы допты полға ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, колесоға  түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.)

   1-жүргізуші:

   ІІ тур: «Білімді кенгуру» сайысы.

(ата-аналар мен оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір-бір есепті шығару керек)  /барарда және қайтарда осы іс-әрекет/

   2-жүргізуші: ІІІ тур: «Кім көп секіреді?». (ата-анасы скакалканы екі жақтан ұстап, баланы  секіртеді) /10-нан аса/

   1-жүргізуші: ІҮ тур: «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала!».  (Ата-ана кезекпен-кезек орындықта байланып тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішіндегі жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған ата-ана соны шешу керек, яғни айту керек. /Шар жарылғанша, қайталайды./ Кездескен кедергілерден өту қажет: обручтан өту, бір аяқпен секіру)

   2-жүргізуші: Ү тур: «Жеңіске жету» сайысы.

   Ата-аналар кезекпен-кезек кездескен кедергілерден өтіп, /змейка- доппен, обручты айналдыру-3 рет,  скакалкамен ту тұрған жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына апарады. Және соңғысы алып келеді../

Кім жылдам, әрі бірінші алып келсе жеңіске жетеді.

 

  1-жүргізуші:

Денсаулықтың  маңызына қанығып,

Халқымыз жүр шат  күлкіні жамылып.

Той – думанда да, кездесу мен жиын да,

Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

   2-жүргізуші: Ендігі кезек,  бүгінгі сайыста белсенділік танытып отырған белсенді көрермен ата-аналарға берейік. Сонымен «Белсенділер» тобымен өткізілетін сайыс:

     1-жүргізуші:

  1. Қол күресі. (әкелер үшін)
  2. Арқан тартысу. /аналар бөлек және әкелер бөлек/
  3. Мақал-мәтелдер сайысы. /Мақалды аяқтау және осы мақалдың мағынасын түсіндіру./

   2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер сайысы. /Мақалды аяқтау және осы мақалдың мағынасын ашу, түсіндіру./

Мақал-мәтелдер

  1. Денсаулық - ........................ (зор байлық)
  2. Тәні саудың - ................................ (жаны сау)
  3. Емнің алды - ................................ (еңбек)
  4. Тазалық – саулық негізі,

Саулық - .................... негізі. (байлық)

  1. Шынықсаң - ..................... (шымыр боласың)
  2. Ауырып ем іздегенше,

            Ауырмайтын ............. ізде. (жол)

  1. Сау дене,озат ақыл, адал көніл-

             Үшеумен бақытты болады ................. (өмір).

 

 

 

1-жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.

Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,

Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.

Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,

Жол салады айдын шалқар болашаққа.

2-жүргізуші:

Өмір,өзін қайдасын,

Күн мен түнді жалғайсың.

Жақсыларға жақынсың,

Жамандарға шалғайсын.

Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,

Нұр төгеді сиқырлы кітап  біздерге.

Денсаулықтың  әліппесі әрқашан,

Жыр шашады қуана мына еліне

1-жүргізуші: Ендеше,  осы денсаулықтың  әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.

2-жүргізуші: Марапаттау рәсімі біздің ата-аналарымыздың өнерлеріне тәнті болып отырған әділқазылар алқасына береміз.

(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1-жүргізуші:

Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!

 

2-жүргізуші:

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1-жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық.

 

2-жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамадалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің жанашыр жанұям
«Толағай» эстафеталық ойын
«Толағай» эстафеталық ойын
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
Әкем ,шешем және мен.
“Денсаулық-басты байлық”
"толағай" отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайысы
«Қыз еркем, анасымен көркем.» Қыз бала мен аналар арасындағы сайыс
Толағай отбасылық сайыс
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 2409 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык