Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әдептілік -әдемілік


Әдептілік -әдемілік

Әдептілік -әдемілік

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар қаласы «Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ Скакова Гульмира Сатыбалдиновна- бастауыш сынып мұғалімі.
Тақырыбы Тәрбие сағаты. «Әдептілік -әдемілік».
Жалпы мақсаты Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейлділікке үйрету, әдеп пен сыйластық арқылы жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. 
Әдістер Жекелей, жұппен, топтық, сұрақ-жауап, басбармақ, бағдаршам, 
2 жұлдыз, 1 тілек.
Көрнекілігі АКТ, маркерлер, А3 қағаз, стикер, мақал-мәтелдер, слайд
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Ресурстар 
Ұйымдастыру

Топқа бөлу Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Бар адамды құрметтеп Бас иеміз біз.
Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1-топ. «Әдемілік» 2-топ- «Әдептілік» СТО стратегиясының «Ширату» әдісін пайдаланып хормен айтады
Оқушылар әріптерді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді. Слайд №1
«Ой шақыру» әдісі Ұлттық құндылық- қазақ халқына тән ең құнды, бағалы қасиеттер. 
инабаттылық
мейірмділік 
әдептілік кішіпейіл 
сүйіспеншілік ізеттілік 
Оқушылар А3 қағазға ұлттық құндылық туралы өз білетіндерін жазып шығады Слайд № 2
Маркер, А3 қағаз
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз айларын кім атайды? -Күз несімен ерекше? - Күзді неге сары алтынға теңейміз? - Күзгі табиғат көрінісін суреттеу.
Оқушылар күз туралы білетіндерін айтады. Слайд № 3
суреттер
Қызығушылықты ояту Сөзжұмбақ шешу. «Әдемілік» тобына
1.Үйреткен ілімді, қырық екі білімді. (әліппе) 2.Жұмыс бізді үш жамандықтан құтқарады.( аурудан, жоқшылықтан, зерігуден) 3.Жақсыдан үйрен- жаманнан жирен. 4.Білім ордасы не? (мектеп) 5.Халықпен халықты,адам мен адамды теңестіретін не? (Білім) 6. Бала тілі –бал. 7.Үлкенге құрмет- кішіге ізет. 8.Күн күледі, Түн түледі. ( көктем)
«Әдептілік « тобына. 1.Анаңның насы саған кім? ( әже) 2. Оң аяқ, сол аяқ, Кезек оны тебеді. ( доп) 3. Бала тәрбиесі –бесіктен. 4. Жеті күн –апта. 5. Мектептегі екінші анаң ( ұстаз) 6. Бірлік болмай (тірлік) болмас.

Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы ортасында шыққан сөздің мағынасын ашады.
1.Әдемілік
2.Әдептілік

Бағдаршам бағалау. Слайд № 4

Поэзия минуты.
«Әдемілік « тобы. Мектепке біз барғанда Жолыққан бар жандарға. Ақниетпен пейілмен, Қайырлы таң! –дейміз біз Күндіз де елді елейміз Қайырлы күн! – тілейміз.
«Әдептілік» тобы. Тағам дәмді тұзбенен Үйдің сәні қызбенен Деген сөзді естігем Қыз боламын есті мен Тазалықты қалаймын Үйдің ішін жинаймын. Әр топ өлеңдерін оқиды. Слайд № 5
Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

2 топқа мақалдың басын бастап беремін, оқушы жалғастыру керек.
1-топ: 
Әдептілік белгісі --------------------
Әдепті бала-арлы бала-------------------
Әдепсіз бала 
Ауыздықтан атпен тең ---------------------
2-топ:
Әдептің не екенін ----------------------------
Аға әдепті болса- ---------------------
Апа әдепті болса------------------------- Оқушылар мақалдың жалғасын табады.

Басбармақ бағалау. Слайд 6
Мақалдар
Ситуациялық жағдаяттар. «Әдемілік» тобына
1-топ: Автобуста сіз отырсыз.Үлкен қарт адам кірді. Бос орын жоқ. Не істер едіңіз?
2. Көшеде бір қарт адам құлап қалды. Не істер едіңіз?
3. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз. Не істер едіңіз?
2-топ: 1. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сіздің артыңызда әжей тұр. Не істейсіз? 2. Көшеде, мектепте,үйде таныс кісілер ,мұғалімдер кездессе не деу керек? 3.Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр. Оған не деу керек? Оқушылар мұғалім пікірін жалғастырып, өз ойларын 
дәлелдейді. Слайд № 7
Тыныштық сәті -Денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздерімізді жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алайық. Денелерімізді бос ұстайық. Айналадағы барлық тіршілік иелерін аялап,қоршап, қамқорлық жасап жатқанымызды елестетейік! Оқушылар музыка тыңдау арқылы тыныштық сәтін жасайды. Слайд № 8
Венн диаграммасы Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер. Әр топтан бір оқушы қорғайды.
2-жұлдыз ,
1 тілек Слайд № 9
А3 қағаз 
Маркер
«Ой түйіндеу» 1-топқа « Мейірімділік»
2-топқа « Кішіпейілділік» сөздерінен сөз құрау. Оқушылар бір сөзден бірнеше сөз жасауға дағдыланады Слайд № 10
Қима бетшелер
Бекіту.. (сұрақ – жауап) әдісі 1-топқа. Не істеуге болмайды?
-үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды. –құстарды атуға болмайды. –сабақтан кешігуге болмайды. –сыныпта айғайлауға,жүгіруге болмайды.
2-топқа. Не істеу керек?
-үлкенді сыйлау керек. – кішілерге қамқор болу керек. – оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек. – сабақты жақсы оқу керек. Әр топ сұрақтарға шапшаң жауап беруге тырысады Слайд № 11
Сұрақтар 
Сергіту сәті. Музыка әуенімен сергіту сәтін жасау. Оқушылар сергіту сәтін жасайды. Ноукбук
Диалогтық оқыту. «Жалғастыр» ойыны. Әдептілік дегенді қалай түсінесің?
1-топ. Әдептілік –әдемілік, әдепті адам әдемі. Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
2-топ. Мен қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез келген ортада ұстай білу.Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе-әдепті.
1-топ.Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. 
2-топ. Неге? «Ассалаумағалейум» деп амандаспасан ,үлкендер сәлемімізді ал май ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?
1-топ. Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата-ананы сыйлау бұл әдеп.
2-топ. Түнде ұйықтарын ұйықтаймын ғой, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса,оны неге көрмеймін.
1-топ. Дұрыс ұйықтамасаң ерте тұра алмайсын. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдалану керек. Өз уақытын дұрыс пайдаланған адам әдемі,әдепті болады. Оқушылар осы жөнінде пікір алысады. Слайд 12
Кластер құру. «Сұлулықтың» қандай түрі бар?
Мінез сұлулығы- ( байсалдылық, жайдары, көпшіл)
Түр сұлулығы (бота көз, әдемі, көрікті.
Дене сұлулығы – ( ұзын бойлы, түзу аяқ, шымыр)
Жан сұлулығы ( көп білу, шешен, шыншыл, нәзіктік, қайсарлық)
1-топ- мінез сұлулығы, түр сұлулығы
2-топ-жан сұлулығы., дене сұлулынына кластер құрып, қорғау.
2-жұлдыз , 
1 тілек Слайд 13
А3 қағаз маркер
Қорытынды. 1-топ. «Қонақ бола білеміз бе?
Қонаққа барғанда өзіңе ыңғайлы киім таңдап ал.Киімін өзіңе жарасымды, таза, ұқыпты, жинақы болсын. Қонаққа барғанда бөлменің есігін қағып кір.Үйге кірмес бұрын аяғыңды сүртуді ұмытпа. Егер қар жауып тұрса баскиіміңді, пальтоңды тазалап кір. Үйге кіргенде ең алдымен үлкен кісілермен, достарыңмен амандасу керек. Ер адаммен қолғабыңды шешіп, екі қолдап амандасады.
2-топ. Дастархан басындағы әдептілік.
Дастархан басында дұрыс отыру, мәдениеттілікті көрсетеді. Дастарханға отырмас бұрын, алдымен қол жуу керек. Ас ішіп отырып, кітап оқу, көп сөйлеу- ыңғайсыз әдет. 1-топ сөйлейді

2-топ оқушылары
сөйлейді. Слайд 14
Тренинг
«Алақан» Оқушылар қағазға алақандарын бастырып салады. Өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін жазады.
Слайд 15
Рефлекция. Маған ......... ұнады.
Маған....... қызықты болды.
Мен........ түсіндім. Оқушылар өз ойларын сткерге жазады. Слайд 16


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әдептен озбайық"
Әдептілік - әдемілік.
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Әдептілік-әдемілік
Адамгершілік -асыл қасиет
Әдептен озбайық
Күлмеңіздер кәріге М. Дулатов
Әдептен озбайық
Әдептілік-әдемілік презентация
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 16025 | Қосты: Скакова Гульмира Сатыбалдиновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык