Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Елорда ашық сабақ


Елорда ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Елорда

Сабақтың мақсаты: білімділік – Ел ордасы – Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айтудағдыларын қалыптастыру: дамытушылық – сөздік қорларын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білугедағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,дұрыс сөйлеуге үйрету; тәрбиелік - өз Отанын, халқын, жерін сүюге, отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.
         Көрнекілігі:  интерактивті тақта, суреттер, флипчарт.
         Әдіс-тәсілдері:  интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу.
         Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) сабаққа дайындықтарын қадағалау.
         2.  Өткен сабақ бойынша сөздерді қайталап, сөзжұмбақты шешу:
  Қазақ тіліне аудару.
  Флипчарт (1-слайд)
 
1
2
3
4
5
6
 
 
 
 
 
 
 
 
1. памятник
2. площадь
3. гостиница
4. музей
5. торговля
6. парк
Ортасында қандай сөз шықты? Елорда
  
3. Жаңа тақырып
    Оқушы тақтадағы тақпақты мәнерлеп оқиды. 
 Флипчарт (2-слайд)
Әсем қала  - Астана
Фонетикалық жаттығу.
Тақпақты дауыстап оқу, буынға бөлу, буындарды ажырату.
 
       Жа-са, жа-ңа Ас-та-нам,
       Өр-кен жая бас-та-ған!
       Ас-қақ-тай бер, Ас-та-нам,
       Бе-ре-ке-ге бас-та-ған!
Астана – күн сайын өсіп келе жатқан әдемі, көрікті жерлері көп қала. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Қазір біз Астана қаласыныңтарихын білуге тырысамыз.
  Мәтінмен жұмыс (3-слайд )
  Мәтінді оқу.
Қазақстанның астанасы – бұрынғы Ақмола қаласы.Ақмола қаласы 1953 жылдан бастап «Целиноград» деп аталған. 1955 жылдан бастап «Ақмола» атын қайтып алды. 1998 жылдың жазынан бастап Елбасының жарлығымен «Астана»деген атқа ие болды. Астана – біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Қала солтүстік Қазақстанда орналасқан. Бұл -  көрікті де үлкен қала. Астана – бейбітшілік және достықтың қаласы.
        Астана жылдан-жылға көркейіп келеді. Жаңадан салынған ғимараттар мен әдемі алаңдары көз тартады. Қалада үш биге арналған ескерткіш бар. Ескерткіш орталық даңғылында тұр. Жаңа астанада көптегенқұрылыс жүріп жатыр.
    Сұрақтарға жауап беріңдер. (4-слайд )
1. Қазақстанның бұрынғы астанасы ?
2. 1953 жылдан бастап қалай аталды ?
3. 1998 жылдың жазынын қалай аталды ?
4. Астана Қазақстанның қай жерінде орналасқан ?
5. Астана қандай қала?
6. Жаңа астанада не жүріп жатыр ?
7. 2012 жылы Тәуелсіздігіміздің неше жылы тойланды ?
8. Қазақстан Республикасының Президенті кім ?
9. Еліміздің мемлекеттік тілі – қай тіл ?
 
4. Астана қаласына саяхат (5-слайд)
Балалар, біз сендермен Астана қаласына саяхат жасаймыз. Қазір сендерге билет беріледі, ал ол билетте сөздер  жазылып тұр. Сендердің мақсаттарың сол сөздерден сөйлем құрастыру. (интерактивті тақдада орындалады)
Мен Астанада тұрамын.
Астананың көшелері кең, таза.
Мен өз қаламды өте жақсы көремін.
 
Бірінші аялдамамыз – Астана –Бәйтерек монументі (6-слайд)
Оқушы Бәйтерек туралы өлең оқиды.
- Балалар, Бәйтерекке көтерілу үшін бірнеше тапсырма орындауымыз керек.
Ең алдымен ертегіні тыңдап, тапсырманы орындаймыз.
Септік атаның жеті баласы болыпты, бірақ қайсысы бірінші туғаны есінде жоқ. Көмектесейік балалар. Септіктерді атау . Олардың немерелерін дұрыс табу керек. Немере сөзін септеу. (7-слайд)
     Бәйтерек – бас қаламыздың символы. Монументтің биіктігі – 97 метр.
  Бәйтерек – Есілдің сол жақ жағалауында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. Бәйтерек - әлемдегі ең соңғы үлгідегі кереметі. Мұндай әсем ескерткіш Түркия астанасы Анкара және Австралияның Сидней қаласында бой көтерген.
Келесі аялдамамыз – «Думан» ойын-сауық орталығы. (8-9 слайд)
Оған жету үшінбірнеше тапсырма орындауымыз керек
Біріншіден,
«Қайталау – оқу анасы,
Мақалдың бір данасы.
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы»- деп зат есімді еске түсірейік.
- Зат есім дегеніміз не ?
- Қандай сұраққа жауап береді?
- Мағнасына қарай нешеге бөлінеді?
(Мәтіннен жалқы зат есімді табу, дәптерлеріне жазғызу,интерактивті тақтада астын сызғызу) (10-слайд)
    Мен Астана Қаласында тұрамын. Астанада қыс ұзақ болады. Есіл өзені қаланы екіге бөліп тұр. Ақорда, Үкмет үйң, Парламент, Жоғарғы сот, Министірліктер үйі, «Бәйтерек» монументі, Бейбітшілік пне ынтымақтастық сарайы Есілдің сол жақ жағалауында орналасқан. Астанаға шетелден қонақтар еөп келеді. Астана – біздің мақтанышымыз.
Тапсырманы жақсы орындадыңдар.
«Думан» ойын-сауық орталығы мұхитарал, кинотеатр, дәмханалар жүйесі ман залдардан тұрады. 
Тапсырма: Интерактивті тақтада және дәптерлерінде «Думан» сөзін септеу және сөйлем құрастыру. (11-слайд)
Соңғы аялдама – «Бейбітшілік пен ынтымақтастық Сарайы»
Аялдамаға жету үшін мақал-мәтелдерді толықтырыңдар (12-слайд)
Туған ... ...  болмас, туған  ...  ... болмас.
Отан ...  да ыстық.
Осы мақалдарды қалай түсінесіңдер?
Тәрбиелік мәні: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар болуға тырысыңдар.
- Міне ,балалар, Бейбітшілік пен ынтымақтастық Сарайына да келдік.
Астанадағы Бейбітшілік пен ынтымақтастық Сарайы сияқты сәулет нысандары бүкіл әлемде жоқ.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұрнақ пен жалғау
Астана. Көмекші есімдер.
Жайнай бер, жас Астана
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақстанның елордасы - Астана
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Сөйлем мүшелері
Астана – Бәйтерек
Астана қаласы
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6257 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык