Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есік, терезе салынатын қорабтарды жасау технологиясы


Есік, терезе салынатын қорабтарды жасау технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Есік, терезе салынатын қорабтарды жасау технологиясы

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш  діңінен өңделетін материалдармен  олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.
ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пән аралық байланыс : математика,биология
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.
Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Республикамызда ағашты мәнерлеп өңдеудің  түрлері мен ерекшеліктері.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар:

 

Ағаш діңінен көптеген материалдардың кесінділері  өңделеді. Олар ағаш ұсталығының барлық өңірінде де кең көлемде қолданылады. Ағаш дегеніміз – өсіп тұрған тығыз материал. Ол тамырдан, діңінен, бұтақтарынан тұрады.
Ағаштың негізгі бөлігі-діңі. Халық шаруашылығында ағашты пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Ағаш әсіресе құрылыс ісінде аса көп қажет. Ағаштан есік, терезе блоктары, еден, түрлі жақтаулар мен таяныштар жасалады. Олар өлшемдеріне,жан-жағының кесілуіне қарай әртүрлі материалдарға бөлінеді. Қазіргі кезде құрылыстағы ағаш шеберлігі жұмыстары кең көлемде механикаландырылған. Ағашты алғаш ұқсату кезінде электр арасының көмегімен тіледі. Бұтақ өңдеуші оператор бұтақтарда кесіп, ағаштың қабығын тазартып, көлденеңінен кесу станогынан өткізеді.
Кесілген ағаштардан еден тақтайларын, керегекөз (50х50), белағаш (50х200), шпал (200х200), шпон (1х1,5) горбыль т.б. материалдар дайындайды.
Ағаштың кесілген ұнтағынан қағаз, ДВП, ДСП бұйымдарын шығарады.
ІV Пысықтау
Осы тақырыпқа арналған тапсырмалар бар. Оқушылар мына жұмбақты шешіп көрейікші. 1 тапсырма: Жұмбақ     Жүз мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (киіз үй)
2 тапсырма. Киіз үй қазақ халқының ежелден келе жатқан баспанасы. Сүйегі ағаштан жасалады. Ағаштан жасалатын бөліктерін атаңдар. Уық, шаңырақ, сықырлауық және есік, кереге.
«Киіз үй құрастыру» Киіз үйдің 5 бөлікке бөлінген суреті. Суреттің әр қайысында  Бүгінгі өткен тақырыбымызға байланысты сұрақтар жазылған.
1.Шпон дегеніміз не?
2.Ағаш ұнтағынан алынатын өнімдерді ата?
3.Ұшқат дегеніміз не?
4.Діңгектер дегеніміз не?
5.ДСП қандай материал.
ІІІ.тапсырма
Ағаш кесінделерінің  өлшемі туралы кесте толтыру
р/с Ағаш кесінділерінің түрлері Ағаш кесінділерінің өлшемі
1 Діңгектер 100 мм жоғары
2 Стропила 50х150, 50х200 мм
3 Шпал 150х200 мм
4 Обрешетка 50х50 мм
5 Шпон 0,5х3 мм
Ағаш кесінділерінің қолданылуы: Үй жиһаздарын дайындау
                      саз аспаптарын жасау
                    теміржол саласында
     құрылыста
V Сергіту сәті. Ағаш туралы әзіл өлең оқу. Интерактивті тақтаның көмегімен.
Мақалдың жалғасын табу.
1.Ағаш ексең аялап,
Басыңа болар саябақ.
2.Бір тал кессең,
Он тал ек
3.«Ер-елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі».
4.Мәуелі ағаш майысқақ.
5.Орман көп болса, олжаң көп.
6.Ағашы аласа болса да,
Алмасы тамаша.
VІ Бекіту. Тест жұмысы
1.Ағаштың жіңішке кесіндісін не деп атайды?
а)Шпон                ә)шпал                      б)стропила
2.Ағаш ұнтаған желімге араластырып нығыздау арқылы шығаратын материал
а)ДСП                 ә)шпал                       б)тақтай
3.Шпонның қалыңдығы неше мм болу керек?
а) 0,6х2 мм                   ә) 0,5х3 мм          б) 0,5х 3 мм
4.Шпонды бірнеше қабаттап желімдеген материалды не деп атайды?
а)ұшқат                ә)тақтай                 б)ДСП
5.Ұшқатты қандай ағаштан дайындайды?
а)қайың, емен, көктерек,  шетен, үйеңкі
ә)тал, терек, шамшат
б)қайың, қараағаш
6.150х500 мм-лік өлшемде өңделген діңгекті ата.
а)обрешетка             ә)стропила                      б)шпал
7.Үй жиһаздарын қандай материалды қолданады?
а)шпал              ә)ДСП,ДВП, ағаш                       б)шпон
8.Домбыраның бет қақпағына өрнек түсіріп әшекейлеуге арналған материал
а)ДСП                   ә)шпон              б)ұшқат
9.Ағаштар қандай топқа бөлінеді?
а)ұшқат, шпон         ә)жапырақты, қылқанды             б)ДСП,ДВП
10.Ағаш материалын өңдеу неге байланысты
а)құрылысы         ә)қасиеті         б)қолдануы
жауаптың кілті


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағашты өңдеу
Шерхебель мен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу
Ағаш немесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу
Терезе жақтауын өзірлеу технологиясы
Пәтердің есіктерін дайындау және жөндеу технологиясы
Әр түрлі едеңдерді төсеу әдістері. Линолиум
Пәтер жөндеу барысында қажет болатын материалдарды жинау, әрі үйлестіру технологиясы
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Сырлау, еден, паркеттерді және линолеумдарды жөндеу жұмыстары
Терезені әйнектеу технологиясы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 9380 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык