Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Футбол ойыны


Футбол ойыны

Сабақтың тақырыбы Футбол ойыны

VІІ    Сабақтың мақсаты    а)теориялық    Футболдағы ең негізгі әдісті үйрету және шеберлікті шыңдау.

        ә)жетілдіру    Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру.
        б)тәрбиелік    Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
VІІІ    Сабақтың типі    Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
ІХ    Сабақтың әдісі    Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру.
Х    Құрал-жабдықтар    Ысқырық, доп.
№    Сабақтың мазмұны    Уақыт мөлшер    Әдістемелік ескерту
    1    Кіріспе  бөлімі        
        Оқушыларды сапқа тұрғызу.Сынып санын түгелдеу.Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау.
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру.
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
Саптағы бой жазу жаттығулары
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені  бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру
- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
- Дем алу, дем шығару.    10мин    
Спорттық киімдеріне назар аудару.Себепсіз оқушыларды анықтау.
Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау.
Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту.
Оң және сол бүйірмен жүгіруін ескерту.
Қатарға дұрыс тұруын ескерту.
Қолды белге ұстауын ескерту.
Дұрыс иілулерін ескерту.
Қолдың аяққа тиюін ескерту.
Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту.
Аяқтың қолға тиюін ескерту.
Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.
2    Негізгі  бөлім

Футбол ойынының әдістері

Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы

Доппен айла-тәсілдер жасау -футболдың  негізгі мәні.Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтатудан, оны тебуден жарысқан секілді болады.
Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен  жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алы қажет. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тебу.
Допты тебу – футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тоқтату әдісі
Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді.Допты тоқтату кезінде ең бастысы  -  ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі.
(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты алып жүру әдісі
Допты алма-кезектебу арқылы алып жүреді.Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тартып алу әдісі
Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп  иесінің  ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға  болады.
(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Қақпашының ойыны.
Қақпашы – командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу, тәсілдерін жақсы білуі керек.    

Допты тартып алып,алып жүру тәсілдерін жетік меңгеру
3        Қорытынды  бөлім         

        Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бір сапқа  тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.
Оқушыларды бағалау.Қоштасу.
Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару.    5 минут    Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау
Сабаққа қатысуына байланысты бағалау.
Бір саппен шығуын қадағалау.

Футбол ойыны
Ойынның негізгі ережелері.Футболды әрқайсысында 11 ойыншысы бар екі команда ойнайды.Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 60-75 м болатын тік төртбұрышты тегіс көгалдарда өткізіледі.
    Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барысында өздерінің таңдап алған шабуылдау және қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шеңберінде техникалық-тактикалық тәсідер мен қимылдарды пайдалана отырып,қарсыластарының қақпасына көбірек доп соғуды,сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.
    Ойыншыларға алаңда қолын допқа тигізуге тыйым салынады.Допты қолмен ұстауға немесе қағуға тек қақпашының ғана айып алаңның шегінде еркі бар.
    Ойынның ұзақтығы – әрқайсының 45 минут уақыт  болатын 2кезеңдік ойын.Мектеп оқушыларында оның ұзақтығы, ойыншылардың саны, жасы және дайындығына байланысты әр түрлі болады.

Бір командаға ойыншылар саны        Ойынның уақыты


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Баскетбол. Допты қағып алу және беру
Қысқартылған ережемен футбол ойнау
Баспен тұру,күшпен қолға көтерілу.Ағашаттан секіру. 125см.биіктігі.
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Ұлттық ойындар
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Волейбол. Допты төменнен беру әдісі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12046 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык