Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ю - әрпінің жазылуы


Ю - әрпінің жазылуы

Ю - әрпінің  жазылуы

Мақсаты:        Оқушыларға  сөзде  йу  дыбысы  естілгенімен  , оның  орнына  ю әрпі 

                         жазылатындығын  түсіндіру

                         Есте  сақтауын , зейінін , логикалық ойлауын және шығармашылық

                         қабілетін дамыту

                         Сауаттылыққа , ұқыптылыққа  ,  жауапкершілікке  тәрбиелеу.

Әдісі:               Сұрақ-жауап,  түсіндіру,  ойын.

Көрнекілігі:     Сюжетті  суреттер,  плакатқа  жазылған  өлең-сөздер,  әріптер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі

Психологиялық дайындық

 

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

-          Қазір жылдың  қай  мезгілі?

-          Күзде  неше ай бар?

Күз келеді , амандасып , қонаққа  келгенін  хабарлайды.

-          Үй жұмысы , 107 – жаттығу, оқыту; сөздерден  сөйлемнің  дұрыс  құрылғанын  тексеру; я дыбысы  бар  сөзді  атап,  я әрпінің  алдынан  келген  дауыстыны  атау;  ережені  қайталау.

-          Ойын «Я әрпі бар  сөз  айт-тез айт»

-          Қорытындылау

ІІІ. Жаңа  сабақ

Жұмбақ :        Орманнан  ,  жалпақ  даладан

Бал  іздеп  бірақ  жортады

Кіп-кішкене  арадан

Үп-үлкен  боп  қорқады.

        -  Аю  деген  сөзде   көп  кездеспейтін  қандай  дыбыс  естіп  тұрсыңдар?  Қанша  дыбыс  естіледі?

        -  Ю әрпі де  я  әрпі  сияқты  орыс  тілінен  енген  дыбыс. Ю әрпін   қосарлы  дыбыс  дейміз.  Ол  дауысты  дыбыс  ,  бірде  жуан,  бірде  жіңішке  идыбысталады.  Аю-айу (жуан) ,  есею (жіңішке).

Оқулықпен  жұмыс

110-жаттығу,  суретті  атау: аю,  ою,  -екеуіне  ортақ  әріп? – ю

Музыка  сабағынан  жан-жануарларға әндер тақырыбында  аю  туралы  ән  жаттадық

Кәне  айтайық.

 

ІV.  Сергіту  сәті  «Аю»  әні

Балпаң,  балпаң  басамын,

Алты  қырдан  асамын.

Аю  деген  ағаңмын,

Аңшы  көрсем  қашамын.

 

-  Ал  ою  бейнелеу  өнерінің  қай  жанрында  қолданылады?

111-жаттығу. Өтірік  өлеңді  оқытып  ю  әрпінің  қандай  дыбыстан  құралғанын  сұрау; осыдан  қандай  ереже  шығаруға  болады?

- Ержені  қайталау. 3-4  оқушы.

Табиғаттың  түрі  пәс

Бау-бақшалар  жалаңаш

Орманның  да жоқ  шуы,

Естілмейді  құс  үні

Ұйқыға  кетті  аю да,

Болады  бұл  қай  айда? (қазан айы)

 

-  Осы  айда  аю  балға  тойып  ұйықтау  керек.  Сол  туралы  112-жаттығу  өлеңді  оқиық.  Оқушы  өлеңді  оқиды,  бәрі  қайталап   оқып  жаттап  дәптерге  жазады.

Бір  оқушы  тақтаға  жазады.

 

  1. Дәптермен  жұмыс

Көркем  жазу.  112-жаттығу жазады

113-жаттығу. Тапсырмасын  оқытып  ,  тақтаға  сөздерді  өзгертіп  жаздыру (күшей+у-күшею)

Күшею, азаю,  молаю,  тою,  көркею,  тыңаю.

 

Қалған  оқушылардан   күзде  не  күшейетіні,  не   азайатыны,  не  молаятыны  туралы  сұрақтар  қоямын.

114-жаттығу  тапсырмасын оқытып  тиісті  іріпті қойып  өз  бетімен  жазуды  тапсыру.

Үлкею,  шалқаю,  есею,  сарғаю,  қою. 

 

  1. Ойын  «Әріптерді  тіркестіріп  сөз  құра»

  б е к ө ю      көбею

  ғ с п а ю а    сарғаю

  ү к е л ю      үлкею

 

Шығармашылық  жұмыс. Плакат ілу

Өлеңдегі  жоқ  сөздерді  тауып  өлең  құрастыру

Қойды........керек 

Етін  сорғытып........керек

Терісін  тұздап.........керек

Қуырдағына ............керек

Сонан соң қалаға.........керек

 

VII. Сабақты  қорытындылау

-          Бүгін  қай  әріпті  өттік?

-          Ол  қандай  дыбыс?

-          Ю әрпін  сөзде  қалай  жазамыз?

 Бағалау .

 VIII. Үйге  тапсырма  -  115-жаттығу. Ребусты  шешіп,  сол  туралы  әңгіме  жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
Үү дыбысы мен әрпі
Т дыбысы және әрпі.
ю дыбысының жазылуы
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Я әрпінің жазылуы
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 9924 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык