Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 9846 |
|
|
|
«Күлтегін» жырлары
Сабақтың тақырыбы: «Күлтегін» жырлары
Мақсаты:
Білімділігі: Ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімді тереңірек ұғындыру. Халық тәуелсіздігі үшін күрескен Күлтегіннің батырлық бейнесін таныту.
Тәрбиелілігі: Шығармадағы Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ерліктері мен адамгершілік қасиеттері арқылы елін, халқын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ой белсенділігін арттыру. Шығармашылықты дамыту.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Баяндау, анықтау.
Көрнекілігі: Электронды слайдтар, оқулық, қосымша кітаптар.
Пәнаралық байланыс: география, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ой қозғау»
«Шын мәнінде ешбір халықта
жазу мәдениеті қалыптаспаған кездің
өзінде біздің бабаларымыз өз тарихын тасқа
қашап жазып кеткен.»
О.Сүлейменов
1. Ежелгі дәуір әдебиеті қай ғасырды қамтиды?
2. Осы кезеңде шығарылған шығармаларды ата.
3. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші ғалымдар.
ІІІ. Мағынаны тану
Болмасын деп байлығы басқаға азық,
Кеткен бабам тарихын тасқа жазып...
Б.Бәйітұлы
-деген өлең жолдарын бүгінгі сабағымыздың эпигрофы етіп алуымыздың өзі тегін емес еді. Жұмыр жер бетін мекендеген әрбір халықтың тарихы қадым замандардан, тіпті есте жоқ ежелгі дәуірлерден басталады. Әйтсе де әрбір халық өз тарихын белгілі бір оқиға болған кезден бастауды жөн көреді. Мәселен, Римдіктер өз шежіресін Римнің негізі қаланған күннен бастайды.Арабтар болса Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға көшкен жылынан бастап есептейді. Ал, француздар өз тарихын ұлы Карлдың империяны бөлген жылынан, яғни 843 жылдан бастайды.
Ал, ежелгі түркілер үшін мұндай кезең 545 жыл болды.Иә, дәл осы жылы Ұлы түркі қағанаты өмірге келген еді.Сөйтіп түркілер өздерінің тұңғыш мемлекетін құрады.Бумын қаған түркі тайпаларының басын қосып, әлемге әйгілі түркі қағанатының негізін құрады. Бумын 552 жылы қайтыс болды.
Бумынның мұрагері Мұқан қаған Сары теңізден (Хуанхэ) Каспийге, Гобиден- Байкал көліне дейінгі аралыққа созылған түркі қағанатының батыс өлкесінің билігін әкесінің інісі Естемиге береді де өзі Орхон өзенінің жоғарғы ағысындағы хан ордасында болды.
Мұқан мен Естемиден соң олардың ұлдары билікті екіге бөлді.Түркі қағанаты батыс және шығыс қағанаты болып екіге айрылды.Әлсіреген қағанат осыдан былай көрші қытайдың таң империясының уысына түсе бастады. Ішінара күрестен ештеңе шықпай, 630 жылы шығыс және батыс түрік қағанаты құлады.жарты ғасырдай уақыт түркі елі табғаштарға құлдыққа өтті.Олардың есін жиған кезі Елтеріс пен Тонықұқтың тұсында болды.елтеріс 682 жылы көтеріліс бастап жеңіп шықты.
Елтеріс қаған қайтыс болғанда артындағы ұлдары Білге 7 мен Күлтегін 5 жастағы балалар еді.Хан тағына Елтерістің інісі Қапаған отырды. 716 жылы Қапаған қаза тапқаннан кейін, жаужүрек Күлтегіннің көмегімен ағасы Білге қаған болды.Қасына Тоңұқұқ жырауды ақылшы қылып алды.Күлтегінге әскердің билігін берді.Сөйтіп осы үш ердің тұсында 15 жылда түркілер айбынды жұрт болып, бір тілек, бір мақсатта өмір сүрген, Күлтегін 713, Білге 734 жылы, одан соң Тонықұқ өмірден озғаннан кейін, түркі салтымен олардың моласының басына биіктігі 3м, ені 2- 2,5 м алып тастар қойылып, тірісінде жасалған жақсы істерін жыр қылып жазған. Жырды батырдың ағасы Білге Иоллығ тегін жырауға шығартқан. Тасқа қашалған көне жәдігерлерден бізге жеткендерінің ең ірілері- Білге қаһанға, Күлтегінге, Тоныкөкке қойылған құлпытастардағы жазулар.
Орхон- Енесей өзендерінің бойынан табылған бұл жазу ескерткіштері руналық жазбалар деп аталады. «Рун» деген сөз скандинавия халықтарының тілінде «құпия», «сыры ашылмаған» деген ұғым береді. Осы жазудың ішіндегі ең көрнектісі «Күлтегін» ескерткіші. Бұл ескеткішті алғаш рет орыс ғалымы Н.М.Ядренцев 1899жылы Моңғолия жеріндегі Орхон өзенінің бойынан тапқан. Содан бұл жазулардың сыры ұзақ жылдар бойы құпия болып келген.Бұл жазба ескерткіштерін оқудың «кілтін» тауып, сырын ашкан Дания ғалымы В.Томсен болды.Кейін орыс ғалымы В.В.Радлов оның аудармасын жасады.Ал, түпнұсқадан тура қазақшаға аударған Ғ.Айдаров, М.Жолдасбеков, Қ.Өміралиев, Ғ.Құрышжанов, Ә.Томанов сынды белгілі ғалымдарымыз еңбек етті.
Орыс ғалымы Дания ғалымы Орыс ғалымы Қазақ ғалымы
Н.М.Ядренцев В.В.Томсен В.В.Радлов М.Жолдасбеков
Біз бүгінгі сабақта Монғолия жеріндегі Орхон өзенінің бойында тұрған Күлтегін құлпытасындағы жыр-дастаннан үзінді оқимыз.Бұл ескерткіштің айна-қатесіз көшірмесі Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетіне 2001 жылы әкелініп қойылған.
Ескерткіштің елге келуі туралы: «Төл тарихымыздың ең көне ескерткіштерінің бірі- түркі жұртының ортақ мақтанышы, ұл қолбасшы Күлтегін ескерткішінің туған топыраққа оралуы, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей зор қуаныш»-дейді Қазақстан Республикасының Қоғам қайраткері, Астана қаласының әкімі, жерлесіміз Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов.
ІV. «Күлтегін» жырын мәнерлеп оқу.
V. Сөздікпен жұмыс
Қадырхан, Кері-Кену- көне жер атаулары.
Қаһан-ел билеуші, патша, хан мағынасындағы көне түркі сөзі.
Қатын-көне түркі тілінде әйел,ана, ханша мағынасында қолданылған.
Паң-керім, кербез, тәкаппар.
Қоңы-ауыспалы мағынада, күйі, семізділігі.
Шад-билеушілерге берілетін көне атақ.
Түстік-Солтүстік бағытқа қарама-қарсы жатқан төрт құбыланың бірі күнгей жақ, оңтүстік.
Терістік–Солтүстік жақ.
Оғыз, Құқай,Татабы,Табғаш,Соғды,Аз,Оңтұтық,Ізгіл, Едіз–сол кезеңде болған халық,ел атаулары.
Алдаспан-көне сөз, имек қылыш
VІ. Топтастыру
VІІ. Ой ашар
- Ерлік туралы,батыр туралы мақал-мәтелдер айту.
1. Жаңбыр жауса-жер ырысы,
Батыр туса-ел ырысы.
2. Елдің атын-ер шығарар.
3. Ерді намыс өлтіреді.
4. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
5. Жүк ауырын нар көтерер, ел ауырын ер көтерер.
6. Ер – елдің қорғаны.
VІІІ. Сәйкестендіру
Білге Дат ғалымы
В.В.Радлов Қаған
В.В.Томсон Орыс түркітанушысы
Күлтегін Орыс ғалымы
Н.М.Ядренцев Батыр, қолбасшы
ІХ. Ой толғау
«Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі
мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін
қалпына келтіруді қамтамасыз ету керек.»
Н.Ә.Назарбаев
- Бәсекеге қабілетті дамып келе жатқан Қазақстанда әдебиет пен мәдениеттің жетістіктерінің әкелер пайдасы мен үлесі қандай деп ойлайсың?
Х. Қорытынды
- Әлемдік өркениет тарихынан ойып орын алатын, адамзат мәдениетінің аса құнды мұралары – көне түркі жазба ескерткіштері. Бүгінде әрқайсысы өз алдына іргелі ел болып, дүниежүзіндегі өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын бұл ескерткіштер біздің тарихымыздың терең тамыры болып қалмақ.
ХІ. Үй тапсырмасы
1. Жырды оқу, үзінді жаттау.
2. «Туады ерлер ел үшін» эссе жазу
ХІІ. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |