Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әкелер сайысы


Әкелер сайысы

                                             Әкелер сайысы

Тақырыбы:   Әкеге қарап ұл өсер                                        

 

Мақсаты:  1. Халықтық педагогиканы насихаттау,мектеппен ата-ананың               

                      байланысын нығайту. Өнерлерімен танысу.

                  2. Отбасы ынтымақтастығын дамыту, әкелердің бала   

                     тәрбиесіндегі ролін нығайту.

                  3. Әкеге қарап ұл өсер, әке тәрбиесін алу, үлгі тұту

                      Өту  барысы.

1. Ұйымдастыру

Қайырлы күн қадірлі қонақтар! Жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер! Әкеге қарап ұл өсер демекші «Әкелер сайысына» қош келдіңіздер. 
Кіріспе

 ӘКЕ,АНА. Осы бір сөздердің ішінде қаншама ұлылық жатыр десеңізші?!

Мұғалім:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,         Үлкен-кіші, жасымыз да, кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,         Жайнаған мына біздің төрімізге- деп

 алдарыңызда өнер көрсететін отбасының тірегі әкелерді ортаға шақырайық, таныс болыңыздар. 

Бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділ –қазы алқасын сайлап алайық: 

Мұғалім:

Ел дәстүрін сақтайық,        Ер намысын қорғайық,

Әкелер шықсын ортаға        Бүгін «Сұлтан» атанбақ

Сайыс кезеңдері

Сынып жетекші сайыс кезеңдерімен таныстырады

Мұғалім:

Уа әкелер, әкелер,                    Бар өнерді көрсетер

Сұлтан атын лайықты,       Кімдер жеңіп әкетер

1.Таныстыру

2.Құттықтау сөздер

3.Үй тапсырмасы (қол өнер бұйымдары немесе отбасымен жасалған қандайда бір бұйымды таныстыру, жасалу жолдарына тоқталу.)

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,

Әнші деп те, күйші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен.

Тыңдап алып, жалғастырсаң қайтеді?-деп

4.Әкелердің өнерін тамашалайық

 

5.Көрініс: «Баласының сабағын қадағалау»

6. «Салат жасау» сайысы

 

7.Баласының дәптердегі жазуын табу

 

8.Адамның келбеті салу

    

Қайсысы білгір,білімді,

Талабына қарайық

Кімдер зерек,кім жылдам

Тапқырларды табайық-деп логикалық ойлау ойыны

9. «Адамгершілік»  сөзінен бірнеше сөз құрастыру сөз құрастыру

Сайыста өнер сынайық,

Өнер жақсы лайық,

Жеңіске жетер бірлескен,

Ал, қане, шапшаң табайық –деп берілген сұрақтарға жылдам жауап қайтармыз.

10.Сұрақ –жауап

Әкелерге сұрақтар қою

Әділ-қазылар алқасының қорытынды сөздері

 М А Р А П А Т Т А У

 

Қорытынды

      Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық.

Тамағымның тоқтығы,киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы- осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.

Барына риза болсын көрермендер,               Үйреттік азын-аулақ білмегенін

Осымен бұл қызықты тәмәмдасақ,        Тағы да үйретерміз аман болсақ- деп сайсымызды аяқтаймыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұлдызды сәт
«Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
Әкем ,шешем және мен.
Айналайын, ақ әжем!
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
Ойна да күл,ойлана біл
"Қызықты калейдоскоп" танымдық ойын- сайыс
"толағай" отбасылық сайыс
үлгілі отбасы
«Толағай» отбасылық сайысы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5056 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык