Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойна да күл,ойлана біл


Ойна да күл,ойлана біл

Ойна да күл,ойлана біл

Мақсаты:Балалардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін,ой өрісін,қиялын дамыту.Қолөнер шеберліктерін жетілдіру.Балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру.Ойындар,сұрақ жауап арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру.Отбасы мен балабақша арасындағы қарым қатынасты нығайту.
Қажетті құралдар:Плакат,қылқалам,акварель,қарындаш.
Сайыстың барысы: 
Құрметті ата аналар мен балалар,әділқазы алқасы бейнелеу саласы бойынша өтетін «Ойна да күл,ойлана біл» жанұялық сайысына  қош келдіңіздер.
Сайысқа түсетін қатысушыларды ортаға қошеметпен шақырайық.
«Бояу» тобы
 «Қарындаш» тобы
 «Қылқалам» тобы 
«Өшіргіш» тобы.
Құрметті сайыскерлеріміз балабақша салтымен шаттық шеңберінде бір бірімізге жылулық сыйлап амандасып алайық.
 Күнге қарап қолымды
 Бір,екі,үш деп соғайын
 Қарап тұрған көршіме
 Мен қолымды бұлғайын
 Жылы жылы жүзбенен
 Маңдайынан  сипайын
 Жылы жылы сөзбенен
 Жүрегімді сыйлайын 
 Ыстық алақаныммен
 Қолыңды бір қысайын
 Амандасып өзіңмен
 Құшақтасып алайын. 
 Шеберлікті,білімді
              Сараптап сіздер көріңіздер
Әділ қазы алқасы
     Әділ баға беріңіздер
Әділқазы алқасы мен таныстыру.
Құрметті ата аналар мен балалар бүгінгі сайысымыз бейнелеу өнеріне байланысты болған соң сурет әлемінен Сурет ханшасы келген.Қане қарсы алайық.
Сурет ханшасы: Сәлеметсіздер ме,құрметті ата аналар мен балалар.Мен сурет әлемінің  ханшасымын.Менің сіздерге алып келген қызықты тапсырмаларым бар.
Бірінші тапсырма. «Сұрақ жауап»
Әкеге: Бейнелеу өнері дегеніміз не? Жауап: Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.
Балаға: Қардың түсі қандай? Жауап: Ақ.
Әкеге: Табиғат көрінісін бейнелейтін  шығарма?Жауап:Пейзаж.
Балаға: Күннің түсі қандай? Жауап: Сары.
Әкеге: Адам келбетін бейнелейтін жанрды қалай атайды? Жауап: Портрет.
Балаға:Сәбіздің түсі қандай? Жауап: Қызғылт сары.
Әкеге:Жан жануарларды бейнелейтін жанырды қалай атайды? Жауап: Анималистикалық жанр.
Балаға:Бұлттың түсі қандай? Жауап: Көк.
Екінші тапсырма: «Суретті аяқта»
Әкесі ,суретті аяқтау. Баласы,  бос орынға көрсетілген пішіннің суретін сал.
Үшінші тапсырма:«Тапқырлар мен ептілер»
Әкесі жұмбақтың жауабын тауып суретін салады,баласы түсін тауып бояйды.
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)
Үстіне тігіп көк шатыр
Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)

Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Аспандағы көлеңке
Жерге суын шашады. (Бұлт)

Төртінші тапсырма: «Ермексазға әр түрлі дәнді дақылдар мен сурет салу»
 Тақырыптары: «Күнбағыс», «Гүл», «Кірпі», «Мозайка» 
Би: «Суретшілер»
Бесінші тапсырма: «Кім шапшаң, кім тапқыр?»
«Кім жылдам табады,
Заттардың бейнесін
Бір - бірімен суреттер табу керек үйлесім
Быт-шыт болып шашылған,
Құрайды екен кім жылдам?
Әкесінің көзі байаулы,баласы ретімен берген сурет бөлшектерін құрастырады.
Қорытынды.
Жас мұраты білім, тәлім талабы
Өнер – оқу жастық қару жарағы – демекші бүгінгі өнер туралы «Ойна да күл,ойлана біл» атты сайысымыз аяқталды.
Сайысты қорытындылау: Әділқазыларға сөз беріледі. Жеңген топты анықтап, марапаттайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әкем, анам және мен
Жас суретшілер сайысы
Сөз.
Натюрморт жанры
Әкелер сайысы
Табиғат көрінісін бейнелеу
25-сабақ. Мейірімділік асыл қасиет
"толағай" отбасылық сайыс
Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу.
«Қыз еркем, анасымен көркем.» Қыз бала мен аналар арасындағы сайыс
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2289 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык