Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кестелік қосу мен азайту.


Кестелік қосу мен азайту.

Кестелік қосу мен азайту.

Сабақтар: математика – дүниетану – еңбекке баулу

Тақырыбы:  Кестелік қосу мен азайту. (қайталау)

Мақсаты:

-  Кестелік қосу мен азайту туралы алған білімдерін қайталау. Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қайталау..

- Ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

- Геометриялық фигуралардан пойыз жасауға үйрету. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

- балаларды достарымен жағымды қарым – қатынас жасауға үйрету;

-  өзара  татулыққа, сыйластыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

-  «Татулық» адамгершілік құндылығы туралы түсіндіру.

-  Жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету.

Көрнекіліктері: түрлі – түсті қағаздан жасалған геометриялық  фигуралар (тіктөртбұрыштар, шаршылар, дөңгелектер – пойыздың бөлшектері), желім; презентация, суреттер.

Әдістері: түсіндіру, ойын, құрастыру.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Балалар «шаттық шеңберіне»  тұрады. Балаларға сұрақтар қойылады.)

- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Өздерің байқағандай, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Біздің сабағымызға келген қонақтар сендердің қалай жұмыс істейтіндеріңді, математика пәнінен алған білімдеріңді  бағалайды. Сондықтан да біз де қонақтарға бар білгенімізді, 9 ай бойы нені үйренгенімізді көрсетуге тырысайық.

- Айтыңдаршы, қазіргі сендердің көңіл күйлерің қалай?

- Жақсы. Оны қалай көрсетер едіңдер? (Балалар қолдарындағы адамның жақсы көңіл күйін білдіретін смайликтерді көрсетеді.)

-  Өте жақсы, балалар. Сабақты осындай жақсы көңіл күймен бастасақ, барлығы жақсы болады деп сенемін.

- Ендеше, сабағымызды бастайық. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

- Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстанда)

- Біздің елдің президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)

- Бас қаламыз қай қала? (Астана)

- Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)

- Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесіңдер? (Қостанай, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған т.б.)

- Біздің елде қандай халықтар тұрады? (орыстар, шешендер, қырғыздар, өзбектер т.б.)

- Олар  бір – бірімен қалай тұрады? (тату, дос)

Тату, дос дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың өз пікірлерін тыңдаймын)

- Достарыңмен ренжіскен кездерің болды ма?

- Онда қандай көңіл күйде болдыңдар?

- Достарың қуантқан кездер болды ма?

- Онда қандай күйде болдыңдар?

«Достық - татулықтан басталады».  Татулық - достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату балалар бір – бірін ренжітпейді, тату - тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі.  Ал үлкендер арасында да татулық болады. Олар да бір – бірінен көмектерін аямайды, барымен бөліседі. Олар бір – бірімен дос, бауыр.

Міне, достық татулықтан басталады деген осы.

            Біздің Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері бір – бірімен тату, дос. Сондықтан да біздің еліміздің халқы  тыныш, бақытты өмір сүруде. Біздің сыныптың балалары да бір – бірімен дос, тату – иә, балалар. Олай болса,  сабағымызды «Дос болайық бәріміз!» атты әнмен бастайық..

(Балалар шеңберде тұрып, «Дос болайық бәріміз!» әнін үнтаспаға қосылып айтады. Әнді айтып болған соң орындарына отырады.)

Дос болайық бәріміз!

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

қайырмасы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

 

- Балалар, Қазақстанда өзімізбен бірге тұратын ұлттар жайлы білгілерің келе ме?

- Білгіміз келеді.

- Ендеше, бүгінгі сабақта біз сендермен Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің біреуінің еліне саяхатқа шығамыз. Біз баратын елдің аты мына өрнектердің сыртында жасырулы тұр. Жылдам өрнектерді шығарып, әріптерді орынды орнына қойып саяхатқа баратын елдің атын жылдам табайық.           

1 – тапсырма: (Балалар тақтаға бір –бірлеп шығып, өрнектердің мәнін тауып орындарына қояды. Жылдам болу үшін екі оқушыдан шығады.)

1- слайд          

8+1

5+3

9 - 2

7 - 1

2 - 3

8 - 4

4 - 1

2+0

9 - 8

Ө

З

Б

Е

К

С

Т

А

Н

                                                                                                              

9 – Ө              8 –З           7 – Б              6 – Е           5 – К            4 – С          3 – Т       2 – А         1 - Н           

- Балалар, қай елге саяхатқа шығамыз? –

- Өзбекстанға.

2 – слайд «Евразияның картасы»

(Картадан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерін көрсетемін. Олардың Қазақстанға көрші елдер екенін айтып кетемін.)

- Өзбекстанда тұратын негізгі халықтар - өзбектер.

Бүгін сабақта біз өзбек халықтарының елі, туған жері Өзбекстанға саяхатқа барып, олардың рәміздерімен, салт – дәстүрлерімен, ұлттық тағамдарымен ұлттық киім – кешектерімен, астанасымен танысамыз.

- Алыс жолға бару үшін қандай көліктермен баруға болады? (пойыз, ұшақ)

- Көліктердің қайсысы тез жетеді? (ұшақ)

- Дұрыс айтасыңдар, ұшақпен тез жетеміз. Бірақ пойызбен барғанның да өзіндік ерекшелігі, пайдасы бар. Пойызбен жол жүргенде көп қалаларды, ауылдарды көруге болады. Табиғаттың әсем көріністерін көріп, тамашалауға болады. Бүгінгі саяхатымызға пойызбен шығамыз.

3 – слайд (пойыздың жасалу жолдарын көрсету.)

(Тақтаның алдына қойылған үстелдің үстіне дайын геометриялық фигуралар қойылады. Тақтадан паровоздың және вагонның істелген үлгісі көрсетіледі. Балалар екі топқа бөлініп 1 – топ пароводы, 2 – топ вагонды жасайды.)

(Екі топ жұмыс істеп болғаннан кейін пойыздарын тақтаға іледі. Әр топ өздерінің істеген жұмыстары қандай фигуралардан тұратынын айтып кетеді).

  • Тіктөртбұрыш деген не?
  • Шаршы деген не?
  • Вагондардың доңғалақтары қандай фигурадан тұрады? (дөңгелектен)
  • Балалар, енді Өзбекстан еліне саяхат жасауға дайынсыңдар ма?
  • Ендеше вагондарыңа мініңдер. (Мұғалім паровоз жүргізеді, ал балалар вагон сияқты бір – біріне тіркесіп жүреді, сол кезде пойыздың даусы компьютерден естіліп тұрады. )

1 – аялдама

(Бұл аялдамада балалар Өзбекстанның рәміздерімен танысады.)

4 - слайд

2 – тапсырма

«Қосылғыштары бірдей қосындыларды жазып, мәндерін тап.» Балалар өрнектерді тақтаға жазады.

5 + 5         4 + 4           3 + 3            2 + 2           1 + 1     

50 + 50      40 + 40             30 + 30              20 + 20            10 + 10      

           

5 – слайд (Өзбекстанның туы, елтаңбасы  көрсетіліп, таныстырылады)

6 – слайд

3 –   тапсырма

«Теңдеу құрас тыру және шешу»     (4 – пен белгісіз санды қосқанда 7 шығады).

    4+ а = 7       (1  оқушы тақтаға, қалғандары дәптерге шығарады)

7 – слайд (Ұлттық киім – кешектермен танысады)

Ерлер - шапан, жейде, шалбар, белбеу.

Әйелдер – шам матадан тігілген көйлек, шапан киеді.

Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ.

Әйелдері – орамал, тақия.

8 – слайд

5 – тапсырма:

«Айырмалардың мәндерін тап». Олардың қандай қосындылармен байланысты екенін анықта.

5 – 3  = 2                        2 + 3 = 5                    3 + 2 = 5  

6 – 4 = 2                         2 + 4 = 6                   4 + 2 = 6

(Тақтадан айырмалар көрсетіліп тұрады. Балалар айырмалардың мәндерін тауып қандай қосындылармен байланысты екенін ауызша жылдам айтады.)

9 – слайд «Өзбек халқының салт – дәстүрлері»

 

  • Әр халықтың өзінің ертеден келе жатқан салт – дәстүрлері болады. Өзбек халқының да ата – бабаларынан қалған дәстүрлерінің бірі «бешик туй – бесік той». Бұл той бала туғаннан 40 күннен кейін жасалады. 40 күн толған нәрестені ағаштан оюлап жасалған бесікке салып бөлейді. Бесікке салар тойға ауылдың үлкен әжелері шақырылады. Ән айтылып, шай ішіледі. Көңіл көтеріледі. Бесікке жатқан бала таза, жылы, тыныш жатады.

10 – слайд

4 – тапсырма.

«Сөз есеп шығару» Айгүл дүкеннен 7 самса сатып алды. Талғат одан 4 самса кем алды. Талғат неше самса сатып алды?

7- 4 = 3.

Жауабы: Талғат 3 самса сатып алды.

(Балалар есепті дәптерлеріне жазады.)

11 – слайд  «Ұлттық тағамдарымен таныстыру. Самса, палау»

- Әр халықтың өзінің ұлттық тағамдары болады. 

- Біздің ұлттық тағамымыз не, білесіңдер ме?

- Бесбармақ. Бауырсақ. т.б.

- Неге бесбармақ деп аталады?

- Өйткені оны бес саусақпен жейді.

- Өзбек халқының ұлттық тағамдары палау, самса. Палау жеп көргендерің бар ма? Ол неден жасалады? (Балалармен әңгімелесу. Олардың ойларын тыңдау.)

- Біз, балалар, сатып алған самсаларымыздан қонақтарымызға да ауыз тигізейік.

(Бір бала табақшаға салынған самсаларды қонақтарға береді.)

 

- Біздің саяхатымыз да аяқталды. Әрине, қыдырған әрқашан да жақсы, ал үйге аман – есен қайта оралу одан да жақсы. Ендеше, балалар, кейін қайтуға дайындалайық. Вагондарыңа жақсылап жайғасыңдар.

. (Мұғалім паровоз жүргізеді, ал балалар вагон сияқты бір – біріне тіркесіп жүреді, сол кезде пойыздың даусы компьютерден естіліп тұрады.  Балалар пойыздан түсіп орындарына жайғасады. )

  •  Балалар, айтыңдаршы, бүгінгі сапарымыздан нені білдіңдер?
  • Өзбекстан деген елмен таныстық.
  •  Өзбектердің ұлттық тағамдарымен таныстық.
  •  Өзбек халқының ұлттық киімдерімен таныстық. т.б.
  • Өзбкс халқының салт – дәстүрімен, тағамдарымен, киімдерімен танысу үшін біз не істедік?
  • Теңдеу шештік, есептер шығардық.
  • Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
  • Көңіл күйлерің қандай, өзгерді ме? Көңіл күйлеріңді көрсетіңдерші. (Балалар смайликтарды көрсетеді).
  • Бүгінгі біздің сыртымыздан қадағалап отырған қонақтарымыздың көңіл күйлері де сондай шығар деп ойлаймыз.
  • Балалар, көңіл – күйлеріңді қонақтарға сыйға тартыңдар. (Балалар смайликтарлы қонақтарға береді.)

- Енді достарыңның бүгінгі сапарда өздерін қалай ұстағандарын, қалай көрсеткендерін өздерің бағалайсыңдар. Екі қатар бір – біріне баға қояды.

12 - слайд

(Тақтада балалардың есімдері жазулы тұрады. Сол есімдерінің тұсына бағалары қойылады.)

 

  • Балалар, осы сапардың басында біз не туралы айтып едік?
  • «Достық», «Татулық» туралы. Өзін дұрыс ұстай білу туралы.
  • Қалай ойлайсыңдар, біздің сыныптың оқушылар өздерін қалай ұстады, олар қандай балалар? (Балалар өз пікірлерін айтады.)
  • Ендеше, балалар, біз бүгінгі күні ғана емес, әрқашан бір – бірімізбен дос, тату болайық. Сонда ғана біздің, біздің жанымыздағы ата - аналарымыздың, бауырларымыздың көңіл – күйлері әрдайым жақсы болады. 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғажайып әлем елдеріне саяхат.
Достық татулықтан басталады
Ұлт бірлігі – ұлы байлық.
Достаса білейік!
5 санын қосу және азайту
Қосу және азайту
Менің Отаным Қазақстан
Қазақстан-ортақ үйіміз
9 санын қосу және азайту
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3393 | Қосты: Давлетова Алима Баймағамбетқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык