Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Достық татулықтан басталады


Достық татулықтан басталады

Достық татулықтан басталады

Тақырыбы_Достық татулықтан басталады

Мақсаты : Балаларға «татаулық» туралы түсінік беру. Жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Қуаныш, достық, татулық

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) дәптер, тұрлі-түсті қарындаштар

Мектебі: №221  Мерзiмі: 20.І.2014ж

Мұғалімі: Д. Маханова  Сыныбы: МАДС  Бала  саны: 13

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңi

Шаттық шеңбері

Жағымды күйге келу

Дәйек сөз

І Ұйымдастыру кезеңі.

5Т ережесі. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

ІІ Тыныштық сәті.

-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.  Тәрбиеші:Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа  жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойларын айтады

Ұйымдастырушылық  іздестірушілік

Әңгiмелеу (сұхбат)

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

 

ІІІ Дәйексөз

«Татулық табылмас бақыт» (нақыл сөз)

-Татулық бар жерде бірлік те, қуаныш та болады. Татулық достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бірін-бірі тыңдайды, ойыншықтарымен бөліседі., ренжіспейді, тату-тәтті ойнайды. Сондықтан да достық татулықтан басталады екен.

ІҮ. Әңгімелеу (сұхбат)

«Досты қалай табу туралы ертегі»

Сұрақтар: -Қалай ойлайсыңдар бұл баланың неге достары болмады?

-Дос табу үшін не істек керек?

Достар қандай болулары керек?

 Достық-адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты  жақсы көріп, сыйлап,  оларға әрқашан көмек көрсеиулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі., бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды. Балалар сендер де бір сыныптың балаларысыңдар, сондықтан бір-бірлеріңмен доссыңдар, татусыңдар.

Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып айнала жүру)

Бірге ойнаймыз, күлеміз (бір-біріне қарап күлу)

Бірге балық айлаймыз (қолдарын алға созу)

Міне, біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз (қолдарын жоғары созу)

 

 

 

Балалар жаттап алады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимылмен орындайды

Рефлексивті- түзетушілік

Топпен ән айту

Соңғы тыныштық сәтi

   

Ү Сабақты қорыту

Ойын: «Менің досым»

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім допты лақтырып балаларға кезек –кезек сұрақтар қояды. Ойынға арналған сұрақтар:

-Сенің досың кім?

-Досыңа қалай көмекттесесің?

-Досыңды қалай сыйлайсың?

-Досыңды сағынасың ба?

-Досыңмен нені бөлісесің?

-Досың туралы қандай жылы сөз айтасың?

-Досың саған не үйретеді?

-Достар бір-біріне қалай көмектеседі?

-Үлкендер арасында досың бар ма№

-Кішкентай достарың бар ма, оларға нелер жатады?

-Өзімізге досты қалай таба аламыз?

-Досыңа қандай тілек айтасың?

Сабақ соңындағы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін.  Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арсыз
«Дос болайық бәріміз»
«Достық және мен»
Мен Отанымды сүйемін
Сабақ тақырыбы және мазмұны
Достаса білейік!
Отбасы бақыт мекені
Көмектесе білейік
Қуаныш-жан шуағы
Мейірімділік асыл қасиет
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 7838 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык