Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кітапхана – білімпаздар мекені.


Кітапхана – білімпаздар мекені.

Кітапхана- білімпаздар мекені.

Тақырыбы: Кітапхана – білімпаздар мекені.

  • НҰРОРДА БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАҢАЛЫҚТАРЫ               

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырған үшін айналасындағы адамдар мен заттар белгісіз бір әлем сияқты. Сол әлеммен танысып, жақындасып, алғашқы ұстазына үйрену әр балаға әр қилы. Сондықтан                    1-сынып оқушыларын мектеп өмірімен, ондағы білім алуға жасалған жағдайлардың ережелерімен, бөлімдермен, үйірмелермен таныстыру жүйе-жүйе болып жүргізіледі. Сондай шараның бірі - балаларды кітапханамен таныстыру сабақтары, осындай кітапханамен таныстыру сабағы мектеп кітапханасында  «Кітапхана – білімпаздар мекені» атпен өтті.

         1-сынып оқушылары кітапханамен, кітапхананың ережесімен танысты. Сабақта балаларға кітапханада дауыстап сөйлеуге, тамақ жеуге, ұялы телефонмен сөйлесуге, рұқсатсыз кітапты алуға, оны еденге тастауға болмайтыны айтылды.

«Ертегілер әлемінде» деп аталатын кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмедегі әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалынды. Балалар сұрақтарын кітапханашы апайға қойып, өздері білетін ертегілерінің мазмұнын айтып берді.  

Оқушылардың назарына «Менің алғашқы кітабым», «Сен білесің бе?», «Мектеп кітапханасы», «Ақылды ертегілер» атты сериядағы кітаптар ұсынылды.

Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Мынау кейіпкерлер кім?» деген сұрақ-жауап викторинасы өткізілді. Викторинада оқушылар экранға қарап ертегінің атын айтып, кейіпкерлерді атады. Сұрақ-жауап викторинасы балаларды қатты қызықтырып, баурап алды.  Оқушылардың  белсенді қатысуынан көп ертегі білетіндігі байқалды.

Сабақта балалар  1-сынып оқушылары қойған «Науқас кітап» атты көріністі тамашалап, кітапханашы апаймен бірге:

          Кітаптарды құрметте,

          Күтіп ұста, кірлетпе,

          Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірме бір бетке

– деген кітапты ұқыпты ұстау туралы өлең жаттады. Сабақ соңында балалар өздеріне арналған әдебиеттермен танысты.

Абонементте оқушылар кітапханаға тіркеліп, оқырман аталды. Кітап формулярын толтырып үйренді. Өздеріне ұнаған кітап таңдап, риза болып тарасты.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамның досы.
Ертегілер әлемі
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Кітапханалық сабақ өткізу технологиясы
Кітап- сарқылмас қазына
Ақын және кітап
Ақын және кітап
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Білім көзі – кітапта
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5277 | Қосты: Дудриқызы Сауле | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык