Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » КОМПЬЮТЕРДІҢ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ


КОМПЬЮТЕРДІҢ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

КОМПЬЮТЕРДІҢ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Баяндаманы дайындаған:Абдулхамитов Бауыржан 10 «А» сынып

        Ғылыми жетекші: Нұрғазина Жазира Серікқанқызы

информатика пәнінің мұғалімі,№13 жалпы орта білім беретін мектеп

Семей қаласы

 

    Компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол қандай  қауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін сақтаса,ол біздің ақылды, сүйкімді,қайырымды досымыз бола алады.

   Компьютер- бұл бірнеше түрлі  денсаулыққа қауіпті сәулелерді таратады. Көптеген  электромагниттік сәулелерді зерттеулер нәтижелерінде ғалымдар денсаулыққа зияны көп екенін  дәлелдеді.

   Сонымен қатар компьютер электромагниттік кеңістік тудырады.Ол монитор экранынан зарядталған  ағымдағы сәулелер бөлшектерін тарату кезінде пайда болады.Электромагниттік аумақ әсерінен  шаң және аэрозолдық бөлшектері бетке, мойынға, қолға қонуын туғызады, сондықтан  бұнын әсерінен сезімтал  адамдарда аллергия ,терінің құрғаушылығы пайда болады. Электромагниттік аумақ ауаның ион қабатына әсер етеді. Монитордың  кинескоп бетінде жағымды заряд пайда болып, ион қабатындағы жағымсыз пайдалы зарядтарды жою әсерінен компьютерлер тұрған бөлменің ауасын нашарлатады1.

Мен  оқушыларға мынандай сұрақ қойдым: оқушылардың қаншасының үйінде компьютермен жабдықталған? Мен өзімнің шағын зерттеуімді жүргіздім, мұнда біздің мектептің  5-11 сынып аралығындағы оқушылардан (108 оқушы – 49%), сонымен қатар мұғалімдер мен басқа мамандық өкілдері (13 адам) сұралды.

Осы диаграммадан сұрағандардың (43%) жартысынан азының үйінде компьютерлер бар екендігі көрінеді.

Осы сұрақтан кейін, мен біздің мектеп медбикесіне келесі сұрақты қойдым: оқушылардың қаншасының көру қабілеттілігі нашарлады? (1 кестені қара) Компьютерлендірудің бірінші жылынан бастап ақ компьютер дисплейімен жұмыс істеген  пайдаланушыда спецификалық көз талу пайда болды, басқалай оны «Көздің компьютерлік синдромы» деп атайды. Оның пайда болуының себебі бірнеше және эволюцияның милиондаған жыл бұрын адамның көру жұйесі қалыптасқан, яғни жарық әсерінен (табиғат, сурет, баспа мәтіндері және т.б) объектілерді қабылдау үшін бейімделген. Дисплейдегі көздің үйреншікті бақылау объектісінен арнайы жекеленген нүктелердің пикселінен тұрады,  (нүктелер белгілі бір тазалықпен жанып өшеді) бұлдырайды, табиғи түстерге сәйкес келмейді.

Компьютермен ұзақ үздіксіз жұмыс істеу кезінде көздің қажетті демалу фазасы болмайды, олар шаршайды және жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Көру мүшесіне үлкен күш ақпаратты енгізу кезінде, сондай-ақ пайдаланушы экраннан мәтінге, клавиатураға үнемі қарау қажеттілігінен, әр түрлі ара қашықтықта және жарықта болғанда өткізеді.Ойлау жүйесі мен көру органдарына күш түсіреді, өйткені экранға жақын отырып, майда әріптерді,сандарды оқуға, ойлануға тура келеді. Экраннан пернетақтаға көзін алмастыра қарау барысында бала көзінің аккомодациялық жүйесін өзгертіп отырады.Осылардың бәрі көз бұлшық еттеріне күш түсіреді, оның үстіне экранның жарықтық тербілестері де оған әсер етеді. Компьютерлік көру синдром белгісі көрудің төмендеуі, жақын заттардың алыстауы фоксировкасының ақырындауы және керісінше заттардың екеу болып көрінуі, оқу кезіндегі тез шаршау, көздің қышу сезімі, қабаққа құм тығылғындай сезіну, көздің қызаруы, көздің қозғалуы кезінде көз алмасы мен шекенің ауырсынуы байқалады. Компьютерлік көру синдромы қолданушыларда экран алдында үздіксіз екі сағаттан кейін, көпшілігі төрт сағаттан кейін және барлығында алты сағаттан кейін алғашқы белгілері байқалады. Экраннан ақпараттты оқу оны енгі қарағанда қиынырақ болады.

 

1 кесте

Оқу жылы

Оқушы саны

2008-2009

20

2009-2010

40

 

 

Бұл кестеде жыл сайын көру қабілеті төмен балалардың саны көбеюде.

Сонымен компьютермен жұмыс істегендегі көздің қызметі басқа жұмыстардан - оқу, теледидар көруден де ауыр болады. Оған организмге статистикалық күш түсіретін және қимылды азайтатын олардың тұрақты отырып істеуін қоссақ, өскелең балаға оның дамуын тежейтін біраз қиындық туындайтыны белгілі шығар.

Және де... Тағы бір фактор- нервтік-эмоциональдық жүйеге күш түсуі. Компьютермен қатынасу кезінде,әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді, өйткені жылдам жауап беріп, тез қимылдауды талап етеді. Нервтік жүйелердің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді.

Компьютер әсерінен қолданушылардың көру қабілеті төмендеуімен қатар, дәрігелер тағы бірнеше синдромдарды анықтайды. Яғни, ол синдромдар ЭЕМ (ЭВМ) қолданушыларда кездеседі. Олардың бірі ұзақ уақыт отыру синдромы, оның белгілері қол, мойын, белдегі ауру болып табылады. Ыңғайсыз жұмыс қалпы кезінде дененің барлық бұлшық еттерінің ұзақ жиырылуы жағдайы байқалады. Бұлшық ет ұлпасының дем алуға мүмкіндігі болмағандықтан, олардың қан айналымы төмендеп, зат алмасуы бұзылып, өнімнің түсуі көбейеді. Нәтижесінде бұлшық ет үнемі шаршау жағдайында болады және ақырында әлсірейді. Бұл белдің қисаюына және қаңқаның басқадай өзгеруіне, бұлшық ет ұлпасының3 өсуіне әкелуі мүмкін.

Басқа синдром бел тунелдің немесе бел каналының синдромы деп аталады. Бұның пайда болуы қол бұлшық ет сіңірлері орталық жүйке жүйесінің әсер етуімен саусақтардың ұзақ ыңғайсыз бүгілуі клавиатурамен жұмыс істеумен байланысты. Ыңғайсыз жағдайда алақан сүйектері көп қайталанантын іс әрекеттер кезінде сіңірлер білезік сүйектері мен байламдарға қажалады. Нәтижесінде жүйке мен сіңірдің қысылуы қатты жетіспеуі дамиды. Аурудың алғашқы белгілеріне: компьютерде жұмысты аяқтағаннан бірнеше сағаттан кейін ғана дірілдеу, қышыну, саусақтадың ұйюы пайда болады. Қолда ақырында ұйып, ауырсыну және ауырлау белгілері қосылады. Білезік тунельдік синдромы ауыр түрінде адамның еңбек қабілеттін ауруды хирургиялық жолмен емдеуді талап етеді.

Сондықтан келесі сұрақты қойдым: Қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайсыз ба? Диаграмма бойынша келесі нәтижелер жақсы көрінеді.

 

 

Сонымен қатар жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Бөлмеде, компьютермен жұмыс істеу үшін арнайы табиғи, жасанды жарық болуы керек. Кеңселерде тек қана жылыту құрылғылары ғана емес, сонымен қатар ауаны алмастыратын жүйелер  немесе тиімді жел айдағыш жабдықтармен қамтылады. Қабырға мен төбе жылтыр және беті жылтырамайтын шынылар болуы керек-бұл көздің шаршамауын және жұмыстан көңілін аударады. Үй жайда күнделікті дымқыл тазалық жүргізілуі керек.

Жұмыс орны міндетті түрде кем дегенде 6 м2, ал көлемі 20 м3 құрау керек. Столды терезенің жанына қою керек, өйткені жарық сол жақтан түседі. Компьютермен жұмыс үшін жақсы жарық жайылған тікелей емес жарық, яғни экранға шағылыспауы керек.

Қолданушының көру кеңістігінде ашық өткір жарықтар түспеуі керек, сол үшін терезеге перде әлде жалюзимен жабылуы қажет. Жасанды жарықта жалпы және біркелкі болуы керек, бірақта жалғыз стол шамын қолдану жеткіліксіз.

Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру-бұл тек болатын аурулардың алғашқы алдын алу. Компьютермен жұмыс істегенде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін, оның үрдісінде үнемі дене қалпына қарау керек. Дене бітімін дұрыс ұстау бұлшық етті көбірек қимылдату және көп жұмыс істеуге болады. Аз шаршайды. Дұрыс дене бітімін ұстағанда құлақ тура иық жазықтығында орналасады, ал иық жамбас деп саналады. Басты тура  иық бойынша ұстау керек. Сіз төмен қараған кезде бас алдыға еңкеймеуі керек. Қисық (бүкіреюу) жағдайы, яғни иық сызығы дәл жамбаспен және құлақ сызығымен орналаспаса иық сіңірлері мен иық бұлшық еттеріне бірталай күш түседі. Бұндай жағдайдағы ұзақ уақытты жұмыс ауру себебі болуы мүмкін.

Өкінішті, мен келесі сұрақ қойып мынадай нәтиже алдым: көпшілігінде арнайы  столдар мен орындықтары жоқ, яғни адамның бұлшық еті мен арқасының әр түрлі қисайуына әкелуі мүмкін.

Қанша уақыт оқушы, мұғалім және басқалар компьютерде өткізеді? Мамандармен белгіленген уақыты сақтала ма?  Келесі нәтиже мені көңілдендіреді, негізгі (57%) компьютермен бір сағаттан аз (тек қана сабақта) айналысады және компьтермен жұмыс нормасын жақсы біледі (65%).

        

Сонымен қатар, балалар бір оқу жылы мерзімінде қанша уақыт компьютерде отыратындығын көруге тырыстым. Яғни қазіргі қоғамды дамыту маңызды роль, ақпараттандыру екені анық. Білімді ақпараттандыру және жүріп жатыр, мүнда әр мұғалім өзінің сабағында ақпарттық технологияларды ауыстырып, компьютерлерді қолданады.

Біздің мектепте оқу бөлмелерінің жақсы компьютеризациясы болып жатыр: 1 компьютерлік сынып, 1 мультимедиялық кабинет интеративтік тақталар бар. (№2 кестені қара)

Сөзсіз, әр мұғалім сабақта ақпараттық технологияны, сабақты түрлендіріп компьютерді, экранды, видиопроекторды қолдануға тырысады. Бұл әрине, жақсы! Бірақ мен бір күнде оқушылардың 2-3 сабақ бірінен кейін бірі компьютерде отыруынан, яғни мектеп оқушыларының денсаулығына көп әсер ететінін таптым.

Менің зерттеулерімнен, бақылауымнан кейін келесі шешімге келдім:

1.Көптеген оқушылардың көру қабілеті төмендейді.

2.ЭЕМ-да жұмыс нормасын түгелдей дерлік қолданушылар біле бермейді.

3.Көзге және қол үшін арналған жаттығуларды ДК-де жұмыс жасағанда, үзіліс жасауды сирек орындайды.

4. Оқушылардың  көбінің үйінде арнайы компьютерлік үстел мен орындықтары жоқ

5.Сабақта компьютерді қолданудың, көбеюінде дәлелі (оқушылар қатарынан 2-3 сабақ жұмыс істей алмайды).

 

Мен оқушылардың денсаулығын сақтау үшін төмендегі ұсыныстар  қажет деп санаймын:

1.Шаршауды болдырмау үшін көзге арналған жаттығулар (офтальмотренаж) жасау қажет.

2. Жұмыс орны ыңғайлы,оқушы жасына сай реттелген сапалы бағдарламаларды қолдану қажет.

1. Басқа пән мұғалімдері информатика  пәнінің  сабақ кестелерін есептей келе  компьютерді қолдану керек.

2.Қамтамасыз ету бағдарламасында арнайы бағдарлама болуын, сергіту сәтін, динамикалық үзіліс жасау кестесін құру керек.

3.Компьютермен жұмыс нормасын міндетті түрде сақталуын оқушыларға қажеттендіру.

Осы жұмыс нәтижелері зерттелген проблемаларды толық ашуға бәсекелеспейді. Сондықтан осы бағытта ары қарай оқу мен зерттеу өткізу қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

   1. Энциклопедия для детей. Т. 22. Информатика / Глав. ред. Е. Хлебалина; вед. Науч. ред. А. Леонов. – М.: Аванта+, 2005. – 624 с.: ил.

2. Катя Ром. Что делать, если вы засиделись за компьютером? // Мой друг компьютер, №10, 2007, с. 35.

3. Кателл Дж.П. Разворот супертанкера: трансформация процесса обучения через использование ИКТ // Информатика и образование, №8, 2007, с. 93.

4. http://niiot.ru


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бала психологиясы
5 сынып тақырып бойынша тестілер жинағы.
Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі
ЕТК қауіпсіздік ережесі
ЕТК-гі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Электрден зақымданудан сақтану. Үй жиһаздары. Жиһаздарды жөндеу
Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі
«Компьютердің пайдасы мен зияны»
Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3031 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык