Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау


Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Сабақ № 1 Күні Сыныбы: 6 Мұғалім:Ізтілеуова Г
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
- Есептеуіш техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.
- Компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен таныстыру
- Көз талғанда жасалатын жаттығулармен таныстыру
Сабақтық типі: Практикалық элементі бар, көрсетіп түсіндіру
Сабақтық барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен оқу жылына шолу жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктерге бөлуге болады.
І. Жалпы
ІІ. Дк-де жұмысты бастау алдында
ІІІ. Жұмыс істеу кезінде
ІҮ. Авариялық жағдайларда
Ү. Жұмысты аяқтағанда
І. Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарды, розеткаларға, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
4. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
5. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ІІ. ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойлатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тоғына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ІІІ. ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық-50см.
2. Келушілер келгенде оқушылар орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білу керек.
ІҮ. Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогын зақымдағандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
Ү. ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.
І. Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату.
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету.
4. Дәрігер шақыру.
ІІ. Күйгенде көмек көрсету.
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (аналгин, валерьянка)
2. Күйген жеріне май жағу (винилин)
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау
4. Дәрігер шақыру
ІІІ. Талып қалғанда көмек көрсету
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу.
2. Дәрігер шақыру
ІҮ. Демі тоқтағанда көмек көрсету
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру
2. Дәрігер шақыру.
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.

Көз талғанда жасалатын жаттығулар
1-жаттығу
- Көздіріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар. Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар
2-жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. Көздеріңді талдырмаңдар
- Алысқа қадалып қараңдар
3-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер
- Алысқа қадалып қараңдар.
4-жаттығу
- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
ІҮ. Жаңа сабақты қорыту
Ү. Үйге тапсырма беру
ҮІ. Бағалау. Қорыту
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Химия кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасының ережелері
ЕТК қауіпсіздік ережесі
ЕТК-гі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралары
Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралары
Электр жүйесін жөндеуге қажет құрал-саймандар
Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы
Электрден зақымданудан сақтану. Үй жиһаздары. Жиһаздарды жөндеу
Сымдарды ұштау,электротехникалық материалдармен жұмыс істеу Электр тізбегін құру
Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау

Автор Изтлеуова Гульмира Танатовна

СШ № 253, Қызылорда қаласы

Бөлім: Материалы / Информатикадан презентациялар | Көрсетілім: 3283 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар