Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәліметтер базасына қолданылатын қарапайым амалдар


Мәліметтер базасына қолданылатын қарапайым амалдар

Мәліметтер базасына қолданылатын қарапайым амалдар

Зертханалық жұмыс №7.5.

Тақырыбы: Мәліметтер базасына қолданылатын қарапайым амалдар

  1. Excel программасын іске қосып, ертеде құрылған Кітап.xls жұмыс кітабын ашыңыз.
  2. Жаңа жұмыс парағын құрыңыз (Вставка→Лист). Оның таңбашасына екі рет шертіп, оған Жеткізушілер жайлы мәліметтер атауын енгізіңіз.
  3. Ірі сауда үйі бес түрлі жиһазды: үстел, орындық, диван, төсек және шкаф – бес жеткізушіден:Алматы, Астана, Қызылорда, Талдықорған, Тараз алады деп күтілуде. Жеткізушінің әрқайсысы кез-келген жиһаз түрін жеткізе алады. Әр жиһаз айына бір рет жеткізіледі, өлшем бірлігі ретінде жиһаздың саны қолданылады.
  4. А1:D1 ұяшықтарына сәйкесінше мәліметтер базасы өрісінің тақырыптарын енгізіңіз: Ай, Жеткізуші, Жиһаз, Саны.
  5. Жоғарыда көрсетілген құрылымнан тұратын он шақты жазбаны енгізіңіз. «Жеткізу санының» мағыналы болуы міндетті емес.
  6. Мәліметтер базасын сұрыптау. Мәліметтер базасының кез-келген ұяшығын ағымдық етіңіз және Мәліметтер→Сұрыптау(Данные→Сортировка) командасын беріңіз. Бұл жағдайда бүкіл мәліметтер базасы белгіленеді (өрістер тақырыбынан басқасы).
  7. Бойынша сұрыптау (Сортировать по) тізімінен Ай бөлімі мен Өсуі бойынша режімін таңдаңыз.
  8. Сонан соң (екінші рет сұрыптау) тізімінен Жеткізуші бөлімі мен Өсуі бойынша режімін таңдаңыз.
  9. Соңғы кезек (В последнюю очередь) бөлімінен Жиһаз бөлімі мен Өсуі бойынша режімін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
  10. Көрсетілген шарттар бойынша мәліметтер базасының сұрыпталғанына көзіңізді жеткізіңіз.
  11. Мәліметтер базасын сұрыптаудың режімі. Аспаптар панеліндегі Болдырмау батырмасының көмегімен, мәліметтер базасы жазбаларының бұрынғы режімін қалпына келтіріңіз. Сұрыптаудың осы режімін басқа әдіспен жасауға да болады.
  12. Жиһаз бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз.
  13. Жеткізуші бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі бойынша сұрыптау батырмасын шертіңіз.
  14. Ай бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз. Ақырғы сұрыптау режімі алдағы жағдайдағыдай екеніне көзіңіз жетсін. Біз бұл жағдайда ең алғаш үшінші сұрыптауды, сонан соң екінші, соңғы бөлімде алғашқы сұрыптауды жүргізгенімізге назар аударыңыз.
  15. Мәліметтерді сүзгілеу. Сүзгілеу режімін қосу үшін Мәліметтер→Сүзгі→Автосүзгі (Данные→Фильтр→Автофильтр) командасын орындаңыз. Мәліметтер базасы өрістерінің тақырыптары жанында ашылған батырмалардың пайда болғанына назар аударыңыз.
  16. Тек Алматыдан жеткізілген жиһаздарды бейнелейтін жазбаны алу үшін, Жеткізуші өрісінің жанынан ашылған жебелік батырманы шертіп, тізімнен Астана бөлімін таңдаңыз. Жұмыс істеуші сүзгінің ашылған батырмалары мен таңдалынған жолдың нөмірлері көк түспен бейнеленетіндігіне назар аударыңыздар. Ағымдағы сүзгіні алып тастау үшін, ашылған бағытты тағы бір рет шертіп, Барлығы (все) бөілімін таңдаңыз.
  17. Ең ірі көлемдегі қойылымды сұрыптап алу үшін, Саны (количество) өірісінде ашылған бағытты шертіп, тізімдегі Алғашқы 10 (первые 10) нұсқасын таңдаңыз.
  18. Санауыштың (Счетчик) көмегімен 20 санын, ең үлкен (наибольших) бөлімін және элемент санының % -ті (% от количество элементов) нұсқасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде жазбалардың 20%-ін құрайтын ең үлкен жеткізу көлемдері таңдалынып алынады.
  19. Сүзгі жазбасының режімін өзгерту үшін, тағы да Мәліметтер→Сүзгі→Автосүзгі (Данные→Фильтр→Автофильтр) командасын орындаңыз.
  20. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
Енгізу автоматтандыру құралдарын пайдалану
Диаграмма тұрғызу
Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолдану. Excel программасының құралдарымен х3+6х2-15х+8=0 теңдеуінің шешімдерін есептеу
Құрама кестенің тұрғызылуы
Құрама диаграмманың тұрғызылуы
Енгізілген мәліметтерді тексеру режімін баптау
Кестеаралық байланыстарды құру
Таңдамаға сұранысты құру
Алғашқы қалыпты даярлау
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 1913 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык