Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!


Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

Тақырыбы: “Нұр себеле,  Ұлыстың ұлы күні!”

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Түрі:   ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар .
Тәрбие сағатының жүрісі:
1. Наурыз – думан.
2. Наурыз – жыл басы
3. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
4. Наурыздағы салт – дәстүрлер
5. Ата – салтың – қазынаң.
 
1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі болғалы отырған«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер!
 
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
 
І.  Наурыз – думан
 
Ән:  «Наурыз думан» -  орындайтын   Кеңес Сайфолла.
 
Аманбек:   Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз – думан басталды
Бір сәт зейін салыңдар.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар,
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
 
Берікқали:    Аманбысың ардақты халқым менің
Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!
Наурыз тойға жиналған халқым менің
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің.
 
Айдана:       Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.
Жарығымен, шуағымен күн-ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Қош келдің, Науырызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.
 
Сағыныш:   Қиыры жоқ менің байтақ далама
Әсем, көркем ауылыма, қалама
Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді
Сырлы әніне құлақ түрмей болама?
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз
Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.
 
Би:  «Қара жорға» -  орындайтын   сынып оқушылары.
 
ІІ.  Наурыз – жыл басы
 
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме
Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр-салтымның
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз – жыл басы! – дей келе ендігі кезек Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталсақ.
 
Динара:  Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.
 
ІІІ.  Дүние жүзі  халықтарының  Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
 
Жүргізуші: Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық.
 
Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.
 
Иран елі:  Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын. «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.
Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі  «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шат отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы.
 
Ауған елі: Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық – құрметпен қарсы алады. Ауған елінде “алғашқы түрен” – “кулькабаши” деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім – кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады.
 
Араб елі:    Арабтар мейрам салтын өзгертіп, бас әрпі «ай» сөзінің басқы әріпі–«синнен» басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.
 
Парсы елі:  Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен  дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады. Соқа мен жер жыртады,  ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны – аяқты сындырады. Бір – біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн» белгісін салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі.
 
Үнді елі:      Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі.  Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.
Наурыз мейрамын әр ел түрліше атаған.
Наурыз мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди»,чуваштар «Норис ояхе» деп атаған.
 
Би:  «Әлқисса» -  орындайтын   Байғали Дана, Мұрат Айзада.
 
IV.  Наурыздағы салт – дәстүрлер
 
                       Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек …
 
Наурызшешек – наурыз айында  өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.
 
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
 
Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.
Наурызша -  Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
 
Ән:     «Қазақы  дастарханым» -  орындайтын   Ғилым Гүлназ.
 
V.  Ата – салтың – қазынам
 
                     Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1.    Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2.    Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
3.    Наурыз тілек деген не?  (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4.    Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз)
5.    Наурыз бата дегеніміз не ?   (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)
 
1 – жүргізуші: Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларға үлкендерден наурыз бата сұраймыз. Қазим ата балаларыңызға батаңызды берип жіберіңіз!
 
Наурыз  бата
 
                     Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
 
2 – жүргізуші:  Сәулесіндей  көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
 
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. «Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты. Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! «Тойдың болғанынан боладысы қызық» - дегендей мереке алдында балалар «Жарапазан» айтқан екен жарысып. Бұл туралы Ерәли анасымен айтып береді. Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Кіріспе: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. «Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты. Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! «Тойдың болғанынан боладысы қызық» - дегендей мереке алдында балалар «Жарапазан» айтқан екен жарысып. Бұл туралы Ерәли анасымен айтып береді. Ерәли мен анасына сөз беру. Жарапазан айтқан балаларға сыйлық беру. Мұғалім: Ертеде «Қыдыр ата» наурыздың 21-нен 22-не қараған түні келетін күнді кімде-кім қарсы алса, соған беретін сыйының бар екені туралы әлемге жар салыпты. Сыйдан дәмелілердің барлығы күнді қарсы алуға дайындалыпты. Бұл сыйдың иегері қандай жануарлар екенін білесіздер. Қане, атап жіберейік. Теңдессіз сыйдан адамдар да құр қалғысы келмеген. Түнімен «Қыдыр атаны» тосқан екен. Сонда ұйықтап қалмас үшін, жастар «Ұйқыашар» ұйымдастырған екен. Ол туралы Зарина апасымен және Амина айтып берсін. Зарина мен апасының және Аминаның көрсетілімі. Мұғалім: Ал, ұлдар қыздарға жауап ретінде қонаққа келгенде «Селт еткізер» сыйлаған екен. Ұлдар қыздарға сыйлықтарын береді. Бұл жерде ән айтылып, өлең жырланып, ойындар ойналған екен. Ән: «Наурыз» Болатова Маржанның орындауында. «Сақина салмақ» ойынын Маржан Камзинова апасымен көрсетеді. «Тақия тастамақ» ойынын Маржан Болатова анасымен көрсетеді. Мұғалім: Түнімен дайындалған ел күнді қарсы алуға далаға шыққан, есік терезелерді ашып қойған. Бұл – Қыдыр ата үйге келіп кетсе екен, терезеден көріп кетсе екен деген тілек. КҮН: Еңлік: Самарқанның көк тасы, Ериді мен келгенде. Тоң боп қатқан топырақ, Жібиді мен келгенде. Енесіне баласын, Телиді мен келгенде. Тар көңілдер түнерген, Кеңиді мен келгенде. Ақ жүзіңді бері бұр, Тұсыңа бір келгенде. Еңлік пен Дильназ төс қағыстырып амандасуды көрсетеді. Мұғалім: Деп атқан таңды қарсы алған халық бір-бірін құттықтап, амандасып көріскен екен./ Еңлік пен Дильназ төс қағыстырып амандасуды көрсетеді./ Ата – аналар, балалар құшақтасып көріседі. Осы жерде наурыз бата берілген. Бекарыс «Наурыз батасын» береді. Мұғалім: Бұдан кейін халық мейрамды бастап кеткен екен. Мерекенің берекесі «Ас». Бұл күнгі негізгі тамақ «Наурыз көже» болған. Бұл туралы Бекарыс анасымен айтып береді /Бекенов/. Аружан әкесімен ағаш отырғызу туралы айтады. Мұғалім: - Бұл күні үйленбегендер жанұя құрып, сәбилер дүниеге келсе, шілдехана жасап, қадам басса, тұсау кесіп жатады. Соның ішінде «Саумалық» дәстүрі туралы Анель апасымен айтып береді. Анель мен апасына сөз беру. Мұғалім: Қоғамдық өмір өрістеп, Сан ғасыр зулап өтсе де, Наурыз тойын теріс деп, Айтпаған ешкім әйтсе де. Өйткені оның бойында Еңбек, бірлік, достық бар. Музыка қосу «Қара жорға» биін билеу, сабақты аяқтау.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Қош,келдің Наурыз!
Қош келдің, төрлет Наурызым!
Наурыз –думан.
Наурызым - әз наз гүлім!
Құтты болсын, Наурыз!
Наурыз - думан
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
«Қош келдің - Наурыз».
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 22085 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык