Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош келдің, төрлет Наурызым!


Қош келдің, төрлет Наурызым!

Қош келдің, төрлет Наурызым!

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтарының Наурыз мерекесін тойлау туралы толық мағлұмат беру,халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып «Наурыз» қазақтың да  ұлттық  мейрамы екенін ашып көрсету.

Дамытушылығы: Өлең, мақал мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік: ата-ана, оқушы,ұстаз жұртшылық өкілдерін біріктіру.Қазақ халқының салт дәстүрін,тілін,әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:сахнаның мерекеге сай безендірілуі,ұлттық киімдер,слайдтар.т.б

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні- Наурыз  мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Бүгінгі болғалы отырған 6 –сынып оқушыларының «Қош келдің,төрлет әз Наурызым!» атты лекция- концерт сабағына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:   Наурыз тойы тамаша

                          Наурыз тойы жаңаша

                          Табиғатта тамаша

                          Тамылжып тұр жараса

                         Наурыз тойы  салтанат

                          Наурыз тойы  мархабат

                          Әр жүректен ән тарап

                          Шаттанады шартарап.

1-жүргізуші:   Наурыз тойын жұп жазбай

                          Қошеметпен қарсы алайық!

                                   Досқа құшақ ашайық

                          Өлең жырға басайық,

                          Қазақтың бір салты деп,

                          Тойға шашу шашайық,

                          Наурыз келсе,

                          Құт келгені халайық!

                          Есік ашып, шашу шашып,

                          Ел боп қарсы алайық.

2-жүргізуші:   Уа,халайық, халайық,

                          Ақ сандықты ашайық.

                          Бұл мереке бұл тойдың,

                          Жыр шашуын шашайық.

 

Ән: «Көктем келді»  Орындайтын Киреева Аягул  қарсы алыңыздар.

 

 

1-жүргізуші:   Тәуелсіз биік халқымның

                          Желбіреп туы шалқысын

                          Әз Наурыз келіп еліме

                          Жер –Ана бойы балқысын.

                          Жаңғырар дәстүр- салтымның

                          Көзделсін бұлақ жылғасы

                          Қастерлі менің халқымның,

                          Мереке Наурыз – жыл басы! – дей  келе ендігі кезекте Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталсақ.

2-жүргізуші:   Наурыз – өте  көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» дегенді білдіреді.Бұл күні даланы қыдыр баба аралайды екен. Сондықтан сол түнді «қыдыр түні» деп атаған.Бұл күні барлық ыдыс атаулыны толтырып қояды.Өйткені ырыс мол болсын деп тілеген.

1-жүргіуші: Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім,ал өзге елдердікі ше? Оларда біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық.

         Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп,сақал мұрттарын түзеп,шаштарын алады.Алты күн садақ тартып машықтанған соң жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады.Егер кімде – кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе,сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.

          Иран елі: Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен.Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын «Құлға бір күн азаттық» деген сөз осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.

2- жүргізуші: Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған.Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып отқа май құяды,жаңа өнген жеті дәнге қарап,келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады.Соқамен жер жыртады,ат шаптырып,жамбы атысып жарысады.Ескі киімдерін тастап,ұсталған шыны аяқты сындырады.бір – біріне гүл ұсынып,үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою –«күн» белгісін салады,үйдің тіреу ағашына гүл іледі.

          Ауған елі: Ауған елінде «алғашқы түрен» - «кулкабаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый-құрметі мол шаруалар еріп жүреді.Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім –кешектер тігіледі,осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «Жаңа киім күні» деп аталады.

1-жүргізуші: Арабтар мейрам салтын өзгертіп,бас әріп «ай» сөзінің басқы әрпі – синнен басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады:сарымсақ,бидай,жиде,сірке суы, рут шөбі,т.б.

          Үнді елі: Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі Наурыз айында басталады,үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.

 

 

Келесі сахнамызда  Қазанғаптың күйі «Шыны аяқ»  орындайтын Билялов Алишер,қарсы алыңыздар.

 

1-жүргізуші:  Қазағымның салты – дәстүрі жаңғырған,

                         Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

                         Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,

                         Қазақ атты үлкен – кіші балдырған.

                         Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де

                        Үлкен, кіші,жасымыз,кәріміз де

                         Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

                         Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге, - деп ендігі кезекті             Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек...

         Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты ,түрлі түсті гүлді,қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген,сирек кездесетін бағалы өсімдік.

         Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.Қарасы шағын ғана,осы құсты шығыс елі күтіп жүреді.Оны алғаш көргендер «Наурызегім келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды,үркітпейді.

        Наурызнама – шат-шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс,палуан күрес,басқа да спорт сайысы,айтыс, түрлі ойындар өткізіледі,көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер,наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып,ұйқыашар әзірлейді.Ол ет,уыз сияқты дәмді тағамдарадан жасалады.Жігіттер қыз – келіншектерге сақина,сырға,айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді.Оны «селтеткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың,тарақ әдемілік пен сұлулықтың,иіссу бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың,жайнай түсудің белгісі.

         Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»

деп аталатын дәм дайындалып таратылады.

         Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа,қиықша қырбық қар түседі.Оны халық «наурызша» деп атайды.

        Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.Наурызкөженің дәстүрлік,мерекелік,ұлттық тағылымы өте зор.

 

Ән: «Дастархан  үштіктің орындауында қабыл алыңыздар.

         2- жүргізуші:   Қыс  өтіп,қар кетіп,

                                   Шырайлы жаз жетіп,

                                   Шаруаның кенелген

                                   Мейрамы ежелден

                                   Құтты болсын, Наурыз!

Қазақ биі:  Сахнада бишілер тобы.

 

1-жүргізуші:   Жылдың басы – Наурыз,

                          Жырдың басы – Наурыз.

                          Наурызға  арналсын

                          Бүгінгі жыр әніміз.

Көркем сөз   оқитын: Медетұлы Мұхамедали.

                                                  Аманбысың, ардақты халқым менің.

                                                  Ардақты Наурыз тойын,салтыңды,елім.

                                               Мереке басы болсын берекенің,

                                               Игі еңбек жемісін бәрін жегін!

                                               Наурыз тойға жиналған халқым менің.

                                               Бәріңнің ойға алғаның – жарқын сенім .

                                               Бүгінгі той – ертеңгі  ардақты ісің,

                                               Ғажап болсын таппайтын тепе – теңін.

 

                                                   Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

                                               Маңдайымнан сүйіп жатыр күн – көктем.

                                                   Жарығымен,шуағымен   күн – ана

                                                   Алып келді жербетіне гүл көктем

                                               Қош келдің, Наурызым ардақты,

                                               Халқым саған бар үмітті арнапты.

                                               Жылда осылай келе берсін жасарып,,

                                               Гүлге бөлеп,жырға бөлеп аймақты

2- жүргізуші:    

Ән. «Наурыз – думан »   орындайтын  Нұрғалиева Эмилия.

қол соғып қошеметтеп  отырыңыздар.

1-жүргізуші:   Көктем тойы әніміз,

                          Көркем өнер сәніміз.

                          Өлең,ән мен той сәнін,

                                    Өрнектейміз  бәріміз.

Ән:  «Гүлдер»   Орындайтын Таубаева Асем қарсы алыңыздар.

2- жүргізуші:    «Өзбек биі» орындайтындар бишілер тобы.

1-жүргізуші:   Кел төрлет,есік ашық,Наурызым,

                          Мол болып,берекелі ақ уызың.

                          Шалқыған шаттық әкел әр ошаққа,

                          Сыйлашы ел – жұртыңа жан қызуын.

«Наурызым» әнімен  сахнада Ишанғалиева Ұлжан қол соғып қошеметтеп қоялық.

 

2- жүргізуші:     Қазақтың түрлі – түрлі   дәстүрі бар,

                             Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

                             Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,

                             Сол себептен қоятын сұрақтар бар - дей келе көрермендерге қояр сұрақтарымыз бар. Дұрыс жауапқа  тәттілеріміз бар.

1.Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып ауылды аралайды екен. Неліктен?

2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?

3.Наурыз тілек деген не?

4.Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?

6.Бес қаруды ата?

7. Наурыз бата дегеніміз не?        

1-жүргізуші:    Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларға  ауылымыздың имамынан наурыз бата сұраймыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Хош келдің , әз Наурыз!
Қош,келдің Наурыз!
«Күлімде, Наурыз, күлімде!»
Наурыз - жыл басы!
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
Наурыз - думан
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
«Қош келдің - Наурыз».
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Музыка | Көрсетілім: 6028 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык