Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үндестік заңы, буын үндестігі


Үндестік заңы, буын үндестігі

Сабақтың тақырыбы:  Үндестік  заңы,  буын  үндестігі

 
     Сабақтың мақсаты:
 1.Білімділік: оқушылардың   үндестік  заңы,  буын  үндестігі    туралы түсінік  беру,  жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.   
 2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді    құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың  фонетика  жайындағы,  тіл  дыбыстары  және  олардың  түрлері  туралы және үндестік  заңы,  буын  үндестігі    туралы  ұғымдарын  кеңейту, ойлау  қабілеттерін   дамыту,  талдау  дағдыларын арттыру.
     Сабақтың типі: аралас
     Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
     Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
     Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
     Сабақтың барысы:
     I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Психологиялық тренинг «Жүректен жүрекке»
 II.Үй тапсырмасын тексеру: “Ұшқыр сұрақ, жылдам жауап”
 ІІІ. Топтық жұмыс. Тақырыпқа байланысты топтық таныстырылым қорғау.  Жаңа  сабақтың тақырыбын өткен тақырыппен байланыстыра отырып ашу, мақсатын оқушылардың өздері қоя білулеріне мүмкіндік беру. 
ІҮ. Терме  диктантБуын үндестігіне бағынбайтын сөздерді теріп жазу.
Сәнқой, әдемілік, дәптермен, өнерпаз, тарихта, бокстен, айлакер, арбакеш, 
сезімтал, ұрғыш, балтамен, лагерьге, паркке, стаканда, гүлге, банкке.
Сергіту сәті. Грамматикалық ойын «Адасқан буындар» 
 V. Жаңа сабақ  бойынша  түсініктерін  тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
314– жаттығу (жазбаша)
 *  Жуан  сөздерді  бір бағанға,  жіңішке  сөздерді  бір  бағанға  жазыңдар.
           315–жаттығу(ауызша)
• Кірме  сөздерге  қосымшалар  жалғануындағы  үндестік  заңының  ерекшелігін  айтыңдар..  
316 – жаттығу
• Мәтіндегі  көп  нүктенің орнына тиісті  дыбыстарды қойып,  көшіріп  жазыңдар.
VІІ   Сабақты  бекіту
Өздік жұмыс.
 
 І топ 
1.Тасымалдауға  болмайтын  сөзді  және  буынды  тап.
Ата – ана, жасырынбақ,  ат,  шебер,  бет,  талап,  көктем,  көк,  жаз,  ай,  жұлдыз,  мол,  айқын.
ІІ топ  
1.Төмендегі  сөздерді  тасымалдауға  бола  ма? 
 Электр, станция,  ансамбль,  вольт.
ІІІ  топ 
1. Қай  жағынан  оқысаңда  бірдей  жазылып,  бірдей  айтылатын  сөздер  тауып  жазыңдар.
2. Төмендегі  сөздерге  фонетикалық  талдау  жаса
 Жұлдыз,  Ұлдай.
     VІ. Сабақты  қорыту
Кері байланыс «Бес саусақ»
• Сабақтан қандай әсер алыңыз?
• Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?
• Қай тапсырма орындауда қызықты болды?
• Біліміңіздіқайтапсырманыорындағандатолықжеткізеалдыңыз?
• Нені білгің келеді?
ҮІІ. Бағалау 
 
Үйге  тапсырма: 1. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді қатыстырып “Дүкенде” ,
                          “Жазғы демалыс кезі” тақырыптарына диалог  құру
2. 321-жаттығу.  /139-бет/

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үндестік заңы. Буын үндестігі
Үндестік заңы. Буын үндестігі
Үндестік заңы. Буын үндестігі
Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
Үндестік заңы
Үндестік заңы
Үндестік заңы
Буын үндестігі
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
«Үндестік заңы», «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8027 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык