Кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Бүгінгі таңда қоғам білім беру саласына және мұғалімдерге үлкен де жоғары талап қойып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мен білім беру жүйесіндегі іс жағдайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санаймын»;«Ұлттық бәсекелестікке қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады»;«Білім реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі.Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-деп көрсетті Қазақстан халқына жолдауында. «Мектептің тірегі де,тіреуі де –оқыта білетін мұғалім»-деп,ұлы ағартушы А.Байтұрсынов айтқандай,қазіргі білім саласында оқытудың озық технологиялары мен әдіс –тәсілдерін жетік меңгермейінше,жас ұрпаққа сапалы,әрі жан-жақты білім беру мүмкін емес. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі.Сондықтан да үнемі ізденіс үстінде болып,кәсіби біліктілікті артырып отыруымыз қажет.
Біліктілікті арттыру жүйесінің мақсаты жаңа педагогикалық білімдер мен технологияларды қолданумен қатар оларды әзірлеуге,жүргізіліп жатқан реформалар мен заманауи үдерістер мәнмәтінде өзіндік кәсіптік қызметіне рефлексивтік өзгерістер енгізуге қабілетті педагогтің кәсіби біліктілігін дамыту болып табылады.Мұғалімнің біліктілігі оқушының жеке тұлғасына бағытталады.Оқыту барысында оқушының дамуына ерекше көңіл бөлінеді.Әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушымен жұмыс нәтижесінде оның білімге деген құнды бағдары,зияткерлік-танымдық,психологиялық,өзіндік қызметі,коммуникативтік машықтары,эстетикалық талғамы,адамгершілік-рухани және физикалық мәдениеті қалыптасады.
Алматы қаласындағы БАҰО«Өрлеу»АҚ ұйымдастырған жаңа форматты курстан өту барысында мен әлемдік деңгейде қолданысқа енгізіліп жатқан педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстым.Қазіргі уақытта білім беру саласының алдына қойған міндет: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?».Осы бағыттың екіншісін «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» тақырыбында жұмыстар атқару керектігін білдім. Оқушыны қалай оқып үйрену керектігіне көп мән беруім тиіс екендігін түсіндім.Ендеше,жаңа формация мұғалімі өз білімінің жоғарылығымен ғана шектеліп қоймай,үнемі ізденісте болуы керек.
«Білім игеру процесінің басты тұлғасы-үйренуші» деген ұстаным бүгінгі күннің ең маңызды мағынасына іспеттес. Қазіргі заман тәсілінің негізгі ерекшелігі,оқушылардың алған білімдерін игеріп қана қоймай,оларды орынды жерінде дұрыс қолдана білуіне басты назар аударып отыр.Пән мұғалімдері өздеріне тапсырылған міндеттемелерге жауапкершілікпен қарап,оқушының білім сапасы мен дағдысын дамытуға ғана көңіл аударып қоюмен шектелмей,білімін барынша жетілдіріп,баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыру арқылы оны жеке тұлға ретінде дамытуға икемділік танытылуы тиіс.
Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Негізгі алғышарт мұғалімдердің өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып табылады.
Ауыл мектебінің әлемдік педагогикалық әдіс–тәсілдердің жаңалықтарымен танысуына ең алғашқы қадамы Кембридж оқыту әдіс-тәсілдері,жеті модульдің мазмұнынмен танысуында деп ойлаймын.Мектепте «сын тұрғысынан ойлау», «сатылай кешенді талдау» технологиясынан басқа қолданылмайтын,коучинг пен тәлімгерліктің көмегімен жеті модульдің сабақтарда қолданылуы жетістік деп айтуға болады. Коучинг пен тәлімгерлік үдерістерін іске асыру арқылы өз әріптестерімнің тәжірибесін жетілдіру мақсатында мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құрып, «Білім беру үшін бағалау мен оқуды бағалау» және «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер», «Талантты және дарынды балалармен жұмыс»тақырыбында коучинг ұйымдастырдым.Коучинг сессиясының нәтижесін мектепті аттестациялау кезіндегі мұғалімдердің өткізілген жоғары дәрежелі сабақтардан байқадым.Мұғалімдердің жаңа педагогикалық әдістерді өз сабақтарында қолданылуы барысында тәрбиеге көп көңіл аударылмағандай көрінеді,тәрбиенің шын мәнінде оқушының бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болуы,жұптық,топтық жұмыстарда өз көзқарасын білдіре алуы кеңінен насихатталуда. «Оқытуды» негізгі міндет емес,қалай «оқу керектігі» туралы ізденістен кейін ғана іске асатындығында.Кембридж әдіс-тәсілдері сындарлы оқытуға бағытталған.Және де бұл әдіс-тәсілдердің мектеп өміріне үлкен өзгерістер әкелетініне,оқушылардың білім сапасы деңгейінің артуымен тоқталып қоймай,өмірге бейімделген,өзіндік көзқарасқа ие болған тұлға шығатындығы анық. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып,сұрақтар қойып,білімін толықтырып,белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мұғалімдер арасында іс-тәжірибе алмасудың ең бір дамыған тиімді тәсілдің Lesson Studi әдісі екендігіне көз жеткізуге болады.Маған ұнағаны сабақ беретін пән мұғалімінің ізденуіне жан-жақты жағдай қалыптасады,сабақ сапасы артады және мұғалімнің өз жұмысына деген жауапкершілігі артады,ізденеді,ең негізгісі оқушылардың сабақ барысындағы ақпаратты меңгеру деңгейі зерттеледі.Және мұғалімдер сабақтарына жаңа әдіс-тәсілдер қолданады.Мұғалім уақытын өткізу үшін әдістер қолданбайды,сабақ мақсатына жету үшін,әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер пайдаланады.Осы орайда сабақты тиімді ұйымдастыруда баланы оқу ісіне қызықтыруға,қабілетін арттыратын жағдай туғызуға, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет етуге ықпал ету қажет.
Әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелерді үлгі ете отыра,бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы үлкен өзгерістерге дайын болуы керек.Білім-мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі,үздіксіз кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті деп санаймын. ХХІ ғасыр оқытушысы ізденімпаз,жан-жақты шебер,тынымсыз еңбекқор,кез келген ортаның ұйытқысы болуы керек деп түйіндеп, «сапалы мұғалім-сапалы білімнің негізі» жобасы іске асуда деген ойдамын.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Разное |
Көрсетілім: 5172 |
|
|
|
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |